14. Оқылым:
1) сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;
2) дыбыстардың мағына ажыратушы қызметін түсіну;
3) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
4) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
5) дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен таңбаланатынын білу, жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;
6) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә,
о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;
7) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу;
8) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;
9) мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
10) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;
Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-ден аспауы керек.
|
14. Оқылым:
1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді
(4-10 сөйлем) дауыстап оқу, түсініп оқу;
|