4) сөзге дыбыстық талдау жасау;
5) жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу).
Ескерту: тыңдау материалының көлемі
10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
|
12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) дыбысты әдіс арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;
2) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;
3) дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;
4) естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;
5) жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
6) дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.
7) оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;
8) сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
9) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
10) сөздік қорын байыту;
11) өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.
Ескерту:
І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты –
3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
|
12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) дыбыс пен әріпті таныту;
2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
|