"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет20/36
Дата25.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#62808
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс 467 бұйрық

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. "Физика" оқу пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері мынадай болып табылады:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
2-тарау. "Физика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. "Физика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Физика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:
механика;
молекулалық физика;
электр және магнетизм;
тербелістер;
толқындар;
оптика;
кванттық физика;
нанотехнология және наноматериалдар;
космология.
6. "Механика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
кинематика;
динамика;
статика және гидростатика
сақталу заңдары;
гидродинамика.
7. "Молекулалық физика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
молекулалық физика;
газ заңдары;
термодинамика негіздері;
сұйық және қатты денелер.
8. "Электр және магнетизм" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
электростатика;
тұрақты ток;
әртүрлі ортадағы электр тогы.
магнит өрісі;
электромагниттік индукция.
9. "Тербелістер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
механикалық тербелістер;
электромагниттік тербелістер;
айнымалы ток.
10. "Толқындар" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
электромагниттік толқындар.
11. "Оптика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
толқындық оптика;
геометриялық оптика.
12. "Кванттық физика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
атомдық және кванттық физика;
атом ядросының физикасы.
13. 10-сыныпқа арналған "Физика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
"Кинематика". Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; салыстырмалы қозғалыс, қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;
"Динамика".Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
"Статика және гидростатика". Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.
"Сақталу заңдары". Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпімді және серпімсіз соқтығысулар;
"Гидродинамика". Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: "Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу";
"Молекулалық физика". Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
"Газ заңдары". Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;
"Термодинамика негiздерi". Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;
"Сұйық және қатты денелер". Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;
"Электростатика". Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; электр өрісінің энергиясы;
"Тұрақты ток". Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;
№ 2 Зертханалық жұмыс. "Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену"
№ 3 Зертханалық жұмыс. "Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау".
"Әртүрлі ортадағы электр тогы". Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік, жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;
№ 4 Зертханалық жұмыс: "Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу";
"Магнит өрісі". Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид;
"Электромагниттiк индукция". Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;
14. 11- сыныпқа арналған "Физика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
"Механикалық тербелістер". Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;
"Электромагниттік тербелістер". Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;
"Айнымалы ток". Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;
№ 1 Зертханалық жұмыс: "Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау";
"Электромагниттік толқындар". Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
"Толқындық оптика". Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: "Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау";
№ 3 Зертханалық жұмыс: "Поляризация құбылысын бақылау";
"Геометриялық оптика". Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар;
№ 4 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;
"Атомдық және кванттық физика". Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; голография; фотография; томография;
"Атом ядросының физикасы".
Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: "Жартылай ыдырау периодын анықтау";
"Нанотехнология және наноматериалдар". Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;
"Космология". Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.
2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі
15. Бағдарламада "оқу мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында "10" - сынып, "2.1" - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" - оқу мақсатының реттік саны.
Білім алушылар білуі тиіс:

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.1 Кинематика

10.1.1.1 - кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу



10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру



10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау



1.2 Динамика

10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру



10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау



10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау



1.3 Статика және гидростатика

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау



10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы



10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру



1.4. Сақталу заңдары

10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану



1.5 Гидродинамика

10.1.5.1 сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау



10.1.5.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру



10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну



2.1 Молекулалық физика

10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау
10.2.1.2 -қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау;
10.2.1.3-кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату



2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газ процестерінің графиктерін ажырату



2.3 Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру



10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау



2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 -ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау



10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.



10.2.4.4- серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау



3.1 Электростатика

10.3.1.1 - электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау



10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;



10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру



10.3.1.4 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану



3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну



10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу



10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну



10.3.2.4 - эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау



3.3 Әртүрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру
10.3.3.2 - электролиттердегі электр тогыныың пайда болу шартын эксперимент арқылы анықтау



10.3.3.3-жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру



10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау;



3.4 Магнит өрісі

10. 3.4.1 - өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну



10. 3.4.2 - сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау



10. 3.4 .3 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау



10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру



10.3.4.5 - соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау



3.5 Электромагниттік индукция

10.3.5.1 - магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру



10.3.5.2 - Ленц ережесін түсіндіру



10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіндіру



10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіндіру



4.1 Механикалық тербелістер



11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

4.2 Электромагниттік тербелістер



11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау
11.4.2.2 - механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтарды сәйкестендіру

4.3 Айнымалы ток



11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу



11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күші максималды және әсерлік мәндері ) қолданып, айнымалы токты сипаттау



11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына саласына мысал келтіру;
11.4.3.4 - Резонанстық жиілікті есептеу



11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру



11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау



11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

5.1 Электромагниттік толқындар



11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау



11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекциясын сипаттау
11.5.1.3-радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру



11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру



11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

6.1 Толқындық оптика



11.6.1.1 – жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру



11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану



11.6.1.3 - жарықтың интерференциясы, дифракция және поляризация құбылыстарын талдау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибелік түрде дәлелдеу

6.2 Геометриялық оптика



11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру



11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

7.1 Кванттық физика



11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру(элементар бөлшектердің толқындық табиғаты);



11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау



11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату



11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру



11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау



11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру



11.7.1.7-лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;
11.7.1.8 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

7.2 Атом ядросының физикасы



11. 7.2.1- радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру



11. 7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау



11. 7.2.3- ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану



11. 7.2.4 - радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;
11. 7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау



11. 7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11. 7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

8.1 Нанотехнология және наноматериалдар



11.8.1.1- наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

9.1 Космология



11.9.1.1 - жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру



11.9.1.2 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау



11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдерді" әдісін пайдалануды сипаттау



11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;
11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау



11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу





11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

16. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
17. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Физика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
1) 10-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Кинематика

Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері

10.1.1.1- кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу

Салыстырмалы қозғалыс

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру

Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;

Динамика

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

10.1.2.1- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау

Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы

10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау

Статика және гидростатика

Массалар центрі.
Тепе-теңдік түрлері

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру

Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану
Торичелли тәжірибесі

10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру

Сақталу заңдары

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

10.1.4.1- сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану

Гидродинамика

Сұйықтық кинематикасы

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау

№ 1 Зертханалық жұмыс:
"Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу"

10.1.5.2. - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру;
10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну

2-тоқсан

Молекулалық физика

Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері
қағидалары.
Термодинамикалық параметрлер
Кристалл және кристалл емес заттар

10.2.1.1- температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін Молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау;
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату

Газ заңдары

Идеал газ күйінің теңдеуі
Изопроцестер.Адиабаталық процесс

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газ процестерінің графиктерін ажырату

Термодинамика негiздерi

Термодинамика заңдарын қолдану
Жылу қозғалтқыштары.

10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру;
10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау

Сұйық және қатты денелер

Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар
Қатты денелердің механикалық қасиеттері

10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.
10.2.4.2- серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау

3-тоқсан

Электростатика

Электр өрісі

10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау;
10.3.1.2 - зарядтың қозғалысына электростатикалық өрістің әсерін сипаттау;

10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру

Электрсыйымдылық.
Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

10.3.1.4 – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Тұрақты ток

Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы
№ 2 Зертханалық жұмыс
"Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену"

10.3.2.1 –- сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу

Толық тізбек үшін Ом заңы

10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну

Электр тогының жұмысы мен қуаты
№ 3 Зертханалық жұмыс
"Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау".

10.3.2.4 – эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау

Әртүрлі ортадағы
электр тогы

Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы.
№ 4 Зертханалық жұмыс:
"Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу"

10.3.3.1 – әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру;
10.3.3.2 - Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын эксперимент арқылы анықтау

Жартылай өткізгішті құралдар

10.3.3.3 – жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру

Асқын өткiзгiштiк

10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау

4-тоқсан

Магнит өрiсi

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

10.3.4.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну

Ампер күші, Лоренц күші.

10.3.4.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Заттың магниттік қасиеттері.

10.3.4.3 – магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау



Жасанды магниттер.Соленоид

10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру;
10.3.4.5- соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау

Электромагниттiк индукция

Электромагниттiк индукция заңы.
Электромагниттік құралдар

10.3.5.1- магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;
10.3.5.2- Ленц ережесін түсіндіру;
10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну

Магниттік-резонанстық томография

10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну

2) 11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Механикалық тербелістер

Гармоникалық тербелістер

11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

Электромагниттік тербелістер

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер

11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау;
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру

Айнымалы ток

Айнымалы ток генераторы

11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу

Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс

11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.4 - резонанстық жиілікті есептеу

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру

№ 1 Зертханалық жұмыс:
"Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау"

11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

2 - тоқсан

Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау

Радиобайланыс

11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детектрленуін сипатт ау;
11.5.1.3 - радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары

11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру

Байланыс құралдары

11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

Толқындық оптика

Жарықтың интерференциясы
Жарықтың дифракциясы

11.6.1.1 – жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру

Дифракциялық торлар
№ 2 Зертханалық жұмыс:
"Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау"

11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану

Жарықтың поляризациясы.
№ 3 Зертханалық жұмыс:
"Жарықтың поляризациясын бақылау"

11.6.1.3- жарықтың интерференциясы, дифракция және поляризация құбылыстарын талдау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибелік түрде дәлелдеу

Геометриялық оптика

Геометриялық оптика заңдары
№ 4 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;

11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

Оптикалық құралдар

11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

3-тоқсан

Кванттық физика

Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру (элементар бөлшектердің толқындық табиғаты)

Спектрлік талдау

11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау

Электромагниттік сәулелену шкаласы

11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату

Фотоэффектіні қолдану

11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру

Жарықтың химиялық әсері

11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Рентгендік сәулелену

11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру

Лазерлер.

11.7.1.7 - лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;
11.7.1.8 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

Атом ядросының физикасы

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

11.7.2.1- - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру

№5 Зертханалық жұмыс: "Жартылай ыдырау периодын анықтау"

11.7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау

Ядролық реакциялар.
Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция

11. 7.2. 3 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

11.7.2.4 – радиоактивтті сәулелердің иондалу табиғатын және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;
11.7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау

Ядролық реактор. Ядролық энергетика

11.7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11.7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

Нанотехнология және наноматериалдар

Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, наноматериалдарды дамытудың проблемалары және келешегі

11.8.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

4-тоқсан

Космология

Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шамалар.

11.9.1.1 - жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру

Жұлдыздардың классификациясы

11.9.1.2 - жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

Қашықтықты анықтау

11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдер" әдісін пайдалануды сипаттау

Күңгірт энергия. Әлемнің үдеуі мен ұлғаюы

11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;
11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау

Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу

11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;





11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет