"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу


Бастауыш білім беру деңгейінің 1- сыныбына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет4/36
Дата25.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#62808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс 467 бұйрық

Бастауыш білім беру деңгейінің 1- сыныбына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Цифрлық сауаттылық" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек және шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2-тарау. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1 - параграф. "Цифрлық сауаттылық" пәнінің мазмұны
7. "Цифрлық сауаттылық" пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сынып аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағатты;
2) 2-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
8. "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
"Цифрлық сауаттылық" пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) Перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) Робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Ақпараттық этикет
2) Менің алғашқы суретім
3) Біздің өміріміздегі алгоритм
4) Бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
10. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
12. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
2) "Менің алғашқы суретім": Фигуралар; Фигуралармен орындалатын іс-әрекет.
3) "Біздің өміріміздегі алгоритмдер": Біздің өміріміздегі алгоритм.
4) "Бағдарламалау": Scratch бағдарламасымен танысу; Менің алғашқы бағдарламам.
16. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап); программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар түсінігі, меню командаларын қолдану; қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау, желіде орналасқан ақпараттардың шынайылығы мен пайдасы;
2) "Ақпаратты өңдеу және көрсету":
Мәтіндер: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теру, қаріпті және абзацты пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету), құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
Графика: суретті өңдеу; қию, бұру, өлшемін өзгерту, суреттің фрагментін көшіру;
Мультимедиа: дыбыс жазу және дыбысты ойнату, дыбыстық эффектілер, дыбысты өңдеу;
3) "Интернет желісінде жұмыс істеу": берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану, қосымшалар арасында деректермен алмасу;
4) "Есептей білу": алгоритмдер: сызықтық алгоритм, алгоритмнің сөздік формасы, алгоритмнің графикалық формасы; программалау: атқарушының командалар жүйесі, лабиринт.
Бағдарламалау: ендірілген графикалық редакторда ойын бағдарламалау ортасын құру, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру;
5) "Робототехника": Робот қозғалысын ауызша түрде берілген алгоритм бойынша ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, робот үшін аудио файлды жүктеу, робот үшін бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
17. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар), программа менюі, меню командаларын қолдану, файлдар мен бумалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының ережелері;
2) "Ақпаратты өңдеу және көрсету": мәтіндер: мәтіндік редактордың қызметі, программа менюі, мәтінді теру және өңдеу, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтінмен болатын операциялар, символдарды қосу; графика: графикалық редактордың қызметі, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын қолдана отырып, сурет салу, түстер палитрасы, суреттерді өңдеу, суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту, сурет бөліктерінің көшірмесін жасау; презентация: презентация құру программаларының қызметі, программа менюі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру, слайд арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қосу; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыс редакторының қызметі, дыбысты жазу, дыбыстарды өңдеу және ойнату, дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпаратты іздеу: құжаттағы мәтіннің фрагментін іздеу; ақпарат алмасу: желіде ақпарат алмасу тәсілдері, жобамен бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
4) "Есептей білу":
Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді жүзеге асырудағы Орындаушының командалық жүйесі.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік алгоритмді енгізу, дайын сценарий бойынша ойын жасау, ойын бағдарламалау ортасында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) "Робототехника": орташа мотордың жылдамдығы мен айналу санын баптау, роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану.
18. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері.
Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу":
Мәтіндер: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне және дыбысты енгізу.
Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) "Интернет желісіндегі жұмыс":
Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу.
Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер).
Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) "Есептей білу": Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз сценарийі бойынша дамыту;
5) "Робототехника": түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.
2- параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі
19. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: "2" – сынып, "1.2" – бөлімше, "1" – оқу мақсатының нөмірленуі.
20. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:
1) Ақпараттық әдеп

Білім алушылар міндетті

Бөлімше

1-сынып

1. Өз денсаулығымызды сақтаймыз

1.1.1.1 Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау.
1.1.1.2 Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау.

2. Біздің айналамыздағы ақпарат

1.1.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау.

3. Ақпарат және компьютер

1.1.3.1 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату.
1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру

4. Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру.
1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау;
1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау.

2) Менің алғашқы суретім

Бөлімше

1-сынып

Фигуралар

1.2.1.1 Стандартты фигураларды қолданып салу.
1.2.1.2 Түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салу.
1.2.1.3 Палитрада фон түсін тандап кескін салу.
1.2.1.4 Контурын өзгерту арқылы фигураны салу.
1.2.1.5Фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу.

Фигуралармен орындалатын іс-әрекет

1.2.2.1 Форма мен параметрді қолданып кескін бөлігін ерекшелеу.
1.2.2.2 Көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолданып кескін салу.
1.2.2.3 Бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу.
1.2.2.4 Түспен толтыру құралын қолданып кескін салу.

3) Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Біздің өміріміздегі алгоритмдер

1.3.1.1 Алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру.
1.3.1.2 Орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру.
1.3.1.3 Алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру.

4) Бағдарламалау

Scratch пен танысу

1.4.1.1 Кейіпкер фигурасы үшін кітапханадан Спрайтты таңдау.
1.4.1.2 Кітапханадан Сахна фонын таңдау.

Менің алғашқы бағдарламам

1.4.2.1 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында дайын сценариді алгоритм бойынша іске асыру.
1.4.2.2 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритімді өңдеу.
1.4.2.3 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында жобаны құру, сақтау және ашу.

2-4 сынып
1) Компьютер



Білім алушылар міндетті

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.Компьютердің құрылғылары

2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырата білу;

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;

4.1.1.1компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру;

2.Программалық қамтамасыз ету

2.1.2.1 Файл мен бума туралы түсінік беру;
2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;
2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану;

3.1.2.1 қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді пайдалану;



3.Қауіпсіздік

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;

4.1.3.1. сенімді пароль критерийлерін айқындау;



2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1. Мәтіндер

2.2.1.2. Өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу;

3.2.1.1. таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау;
3.2.1.2. мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2.1.3. мәтінді өңдеу;
3.2.1.4. шрифт пен абзацты пішімдеу;
3.2.1.5. суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;

4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер жасау;

2 Графика

2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіру және көрсету;
2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

3.2.2.1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программаларын қолдану;



3. Презентациялар



3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым көрсетілімдерді жасау;
3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуды қолдану;
3.2.3.3 презентацияларды безендіру үшін дайын дизайнды қолдану;

4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;
4.2.3.2 презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;
4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені енгізу;

4. Мультимедиа

2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану;
2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;



4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;
4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;

3) Интернет желісінде жұмыс істеу

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1. Ақпараттар іздеу

2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану;

3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);

4.3.1.1 түйінді сөздер бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану;
4.3.1.2 ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен қалталар)

2. Ақпарат алмасу

2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

3.3.2.1. жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арнлаған мессенджерлерді пайдалану;
3.3.2.2. желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

4.3.2.1. электрондық поштаның мүмкіндіктерін түсіндіру
4.3.2.2. шолғыш параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, тарихты және жүктеулерді қарау);

4) Есептей білу

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1. Алгоритмдер

2.4.1.1 берілген сценарий бойынша ойын бағдарламалау ортасында (Scratch (скретч)) тармақталу алгоритмін әзірлеу;
2.4.1.2 ойын бағдарламалау ортасында (Scratch (скретч)) ауызша түрде берілген тармақтау алгоритмін іске асыру;

3.4.1.1 берілген сценарий бойынша бағдарламалаудың ойын ортасында (Scratch (скретч)) қайталау алгоритмін әзірлеу;
3.4.1.2 ойын бағдарламалау ортасында (Scratch (скретч))ауызша түрде берілген қайталау алгоритмін іске асыру;

4.1 ойын бағдарламалау ортасында кірістірілген циклды жүзеге асыру (Scratch (скретч))
4.4.1.2 логикалық операторларды ойын бағдарламалау ортасында қолдану (Scratch (скретч));
4.4.1.3 ойын бағдарламалау ортасында салыстыру операторларын қолдану (Scratch (скретч))

2. Бағдарламалау Scratch-пен танысу

2.4.2.1 жоба үшін бағдарламалаудың ойын ортасының (Scratch (скретч)) ендірілген графикалық редакторында таңба жасау;
2.4.2.2 ойын бағдарламалау ортасында (Scratch (скретч))пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;
2.4.2.3 ойын бағдарламалау ортасында кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру (Scratch (скретч))

3.4.2.1. дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу
3.4.2.2. программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу
3.4.2.3. бағдарламалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу
3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру

4.4.2.1 ойын программалау ортасында айнымалыларды қолдану (Scratch (скретч));
4.2 ойынды өз сценарийі бойынша жасау;

Менің алғашқы бағдарламам



3.4.2.1 ойын бағдарламалау ортасында бірнеше таңбаларды жасау (Scratch (скретч));
3.4.2.2 ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік алгоритмді іске асыру (Scratch (скретч))



4) Робототехника

Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1. Жалпы робототехника

2.5.1.1 робот туралы түсіндіру;
2.5.1.2 білім беру роботының базалық моделінің негізгі элементтерін сипаттау;
2.5.1.3. робот үшін аудио файлды жүктеу;





2. Роботтың қозғалысы

2.5.2.1 роботтың берілген жылдамдықпен алға жылжуын ұйымдастыру;

3.5.2.1. робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану;



3. Датчиктер мен қозғалтқыштар

2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану;

3.5.3.1. жылдамдығын реттеу және орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату

4.5.3.1. түс датчигін пайдалану;
4.5.3.2. ультрадыбыс датчигін қолдану;

21. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
22. Осы оқу бағдарламасы Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныбына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарласын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
3- параграф. Бастауыш білім деңгейінің 1- 4сыныбынаа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарласын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары
1) 1 сынып:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) *

Пән тақырыптары

Оқу мақсаттары

3 тоқсан

1-бөлім – Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: "Саяхат")

Өз денсаулығымызды сақтаймыз

1.1.1.1 Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау.
1.1.1.2 Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау.

Біздің айналамыздағы ақпарат

1.1.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау.

Ақпарат және компьютер

1.1.3.1 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату.
1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру.
1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау;
1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау.

2-бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: "Дәстүр және фольклор")

Фигуралар

1.2.1.1 Стандартты фигураларды қолданып салу.
1.2.1.2 Түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салу.
1.2.1.3 Палитрада фон түсін тандап кескін салу.
1.2.1.4 Контурын өзгерту арқылы фигураны салу.
1.2.1.5Фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу.



Фигуралармен орындалатын іс-әрекет

1.2.2.1 Форма мен параметрді қолданып кескін бөлігін ерекшелеу.
1.2.2.2 Көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолданып кескін салу.
1.2.2.3 Бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу.
1.2.2.4 Түспен толтыру құралын қолданып кескін салу.

4 тоқсан

3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм
(ортақ тақырыптар: "Тағам және сусындар", "Дені саудың – жаны сау")

Біздің өміріміздегі алгоритм

1.3.1.1 Алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру.
1.3.1.2 Орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру.
1.3.1.3 Алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру.

4 – бөлім. Бағдарламалау

Scratch пен танысу

1.4.1.1 Кейіпкер фигурасы үшін кітапханадан Спрайтты таңдау.
1.4.1.2 Кітапханадан Сахна фонын таңдау.

Менің алғашқы бағдарламам

1.4.2.1 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында дайын сценариді алгоритм бойынша іске асыру.
1.4.2.2 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритімді өңдеу.
1.4.2.3 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында жобаны құру, сақтау және ашу.

2) 2 сынып:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) *

Пән тақырыптары

Оқу мақсаттары

1 тоқсан

1-бөлім - Компьютерлер мен бағдарламалар (ортақ тақырыбы: "Барлығы мен туралы")

Өз денсаулығымызды сақтаймыз

2.1.3.1. цифрлық құрылғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену;
2.3.1.1.берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану;
2. 1. 1. 1 енгізу шығару құрылғыларын ажырата білу;

Файлдар мен бумалар

2.1.2.1 Файл мен бума туралы түсінік беру;
2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;
2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану;

2-бөлім - Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырыбы: "Менің отбасым және достарым"

Программалар құруды жалғастырамыз

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Алгоритмді орындау

2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру;

Жеке кейіпкер жасау

2.4.2.1. программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау ;
2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіріп көрсету;
2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

2 тоқсан

3-бөлім – Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: "Менің мектебім", "Менің туған жерім")

Пернетақтамен танысу

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру

Пернетақта симуляторы

2.2.1.1пернетақта симуляторында мәтін теру;

Мәтінмен жұмыс істеу

2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру;



Мультфильм жасау

2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру;
2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;
2.4.2.3 персонаждар арасында мәтін диалогын ұйымдастыру

3 тоқсан

4-бөлім Мультимедиа (ортақ тақырыбы: "Жаны саудың –дені сау")

Дыбысты жазу және ойнату

2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырату;
2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану;

Дыбыс әсерлері

2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

Дыбысты өңдеу

2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

5-бөлім - Робототехника: сенсорлар (ортақ тақырыбы: "Дәстүрлер және фольклор")

Робот қозғалысы

2.5.2.1ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру;

Роботқа арналған программаны іске қосу

2.5.3.1 программаны бастау үшін түрту сенсорын қолдану;

Роботқа арналған дыбыс

2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу;





2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;

4 тоқсан

6-бөлім - Робототехника: "Билейтін робот" жобасы (ортақ тақырыптар: "Қоршаған орта", "Саяхат")

Жобаға идея

2.2.1.2 өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу
2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

Жобаға арналған алгоритм

2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру;

"Билейтін робот" жасау

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;
2.4.1.2 ауызша алдын ала белгіленген алгоритмді іске асыру;
2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру;
2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану
2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу;
2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;

Жобаны қорғау

2.5.1.3 құрылған роботты аудиторияға ұсыну.

4) 3-сынып:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар)

Пән тақырыптары

Оқу мақсаттары

1 тоқсан

1-бөлім - Бағдарламалау (ортақ тақырыптары: "Жабайы табиғат", "Жақсы деген немене, жаман деген немене?")

Өміріміздегі қайталаулар

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);

Циклдар

3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;

Кейіпкердің қозғалысы

3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;
3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

Желіде тілдесу

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.

2 тоқсан

2-бөлім- Ойын құру (ортақ тақырыптары: "Уақыт", "Сәулет")

Ойынның сценарийі.

3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу;
3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау;

Көріністер

3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу;

Кейіпкерлер

3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу;
3.4.2.4 .программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Костюм ауыстыру

3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Менің ойыным

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу;
3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу;
3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

3 тоқсан

3 бөлім- Робототехника. Жоба (ортақ тақырыптары: "Өнер", "Көрнекті тұлғалар")

Жобаға идея

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;
3.2. 1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2 .1.3. мәтінді өңдеу.

Құжатты рәсімдейміз

3. 2. 1. 4 шрифт пен абзацты пішімдеу.

Мәтіндегі иллюстрациялар

3. 3. 1. 1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);
3. 2. 1. 5. суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу

Робот қолының қозғалысы

3. 5. 3. 1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу;

Цикл блогі

3.5. 2 1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану;

"Робот-тазартқыш" жасау

3. 5. 3. 1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу;
3.5. 2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану;

4 тоқсан

4-бөлім – Презентациялар (ортақ тақырыбы: "Су – өмірдің қайнар көзі")

Презентация жасау

3. 2. 3. 1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым презентациялар жасау;
3. 1. 2. 1 қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді қолдану;

Презентация дизайны

3. 2. 3. 3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;

Анимация және ауысу

3. 2. 3. 2 слайдтар арасында ауысуды қолдану;

5-бөлім - Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы: "Демалыс мәдениеті. Мерекелер").

Фотосуреттер

3. 2. 2. 1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программалар қолдану;

Жобамен таныстыру

3. 2. 3. 1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым презентациялар жасау;

3. 2. 3. 2 слайдтар арасында ауысуды қолдану;

3. 2. 3. 3 презентацияны безендіру үшін дайын жобаны пайдалану;
Жүктеу

4) 4 сынып:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) *

Пән тақырыптары

Оқу мақсаттары

1 тоқсан

1-бөлім Программалау (ортақ тақырыптары: "Менің Отаным – Қазақстан", "Адами құндылықтар")

Айнымалылар

4.4. 2.1 айнымалыларды қолдану;

Кейіпкердің костюмін өзгерту

4.4. 1.1 кірістірілген циклды жүзеге асыру;

Өз ойынының сценарийі

4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер жасау;

Логикалық операторлар

4.4.1.2 логикалық операторларды пайдалану;

Салыстыру операторлары

4. 4.1.3 салыстыру операторларын пайдалану;

Өз ойыным

4.4.2.2 өз сценарийі бойынша ойын жасау;

2 тоқсан

2-бөлім - Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг (ортақ тақырыптары: ("Мәдени мұра", "Мамандықтар әлемі")

Түс датчигі

4.5.1.1 түс датчигін қолдану;

Бағдаршам-робот

4.5.1.1 түс датчигін қолдану;

Ультрадыбыс датчигі

4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Лабиринттан шығу

4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Кегль-ринг

4.5.1.1 түс датчигін қолдану;
4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

3 тоқсан

3-бөлім - Бейне жасау (ортақ тақырыбы: "Табиғи құбылыстар")

Бейнежазба

4. 2. 4. 1 бейнеклиптерді жасау;

Бейнені өңдеу

4. 2. 4. 1 бейнеклиптерді жасау;

4 бөлім - Презентациялар (ортақ тақырыбы: "Қоршаған ортаны қорғау")

Презентацияларға арналған ақпарат

4. 2. 3. 1 слайд үшін макет таңдау;
4. 3. 1. 1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі);
4. 3. 2. 1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);



Презентациядағы дыбыстар

4. 2. 4. 2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;
4. 2. 3. 3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру;

Презентациядағы бейне

4. 3. 1. 1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісін);
4. 2. 3. 2 презентациялардағы нысандар анимациясын келтіру;
4. 2. 4. 2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;
4. 2. 3. 3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру;

Презентациядағы анимация

4. 2. 3. 2 презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;
4. 2. 1. 2 құжатқа сурет енгізу;

4 тоқсан

5-бөлім - Болашақтың компьютерлері (ортақ тақырыптары: "Болашаққа саяхат", "Ғарышқа саяхат")

Интернеткеі деректер жіберу

4. 3. 2. 2 файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу;

Пароль сенімділігі

4. 3. 2. 1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);
4. 3. 2. 2 файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу;
4. 1. 3. 1 сенімді пароль критерийлерін айқындау;

Болашақтағы компьютерлер

4. 1. 1. 1 компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру;

"Болашақтағы компьютер" шағын жоба

4. 3. 1. 1 ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар);
4. 2. 4. 2белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану.

22. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 467 бұйрығына
3-қосымша


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйегіндегі
№ 399 бұйрығына
28-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет