"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Жаһандық құзыреттер" оқу курсы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет14/36
Дата25.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#62808
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс 467 бұйрық

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Жаһандық құзыреттер" оқу курсы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жаһандық құзыреттер" курсының оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. "Жаһандық құзыреттер" курсы білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеп нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
3. Курстың мақсаты: бәсекеге қабілетті, мінез-құлық мәдениетінің стандартына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттерге ие тұлғаны қалыптастыру.
4. Курстың міндеттері:
1) 1) білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;
2) білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;
3) білім алушыларда медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
5) экологиялық мәдениетті дамыту;
6) қоғам өміріндегі діннің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
5. "Жаһандық құзыреттер" курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
6-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
7-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
8-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;
9-сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.
2-тарау. Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курстың оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген алты бөлімнен (юниттер) тұрады.
"Этика және әдеп" бөлімі (юнит) білім алушылардың бойында адалдық, тәртіптілік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, және ұжымда жұмыс істей алу сияқты жеке қасиеттерін дамытуға, мінез-құлық мәдениетінің стандартын қалыптастыруға ықпал етеді.
"Азаматтық және патриотизм" бөлімі (юнит) өзін ел азаматы ретінде сезінуге, өзінің Отанға қатыстылығын сезінуге және оның мүдделеріне қызмет етуге, азаматтық ұстанымын көрсетуге дайын болуға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
"Медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық" бөлімі (юнит) медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
"Өмір сүру қауіпсіздігі" юнтиті қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
"Экологиялық мәдениет" бөлімі (юнит) өз денсаулығына, табиғатқа ұқыпты қарайтын, қоршаған ортаға теріс әсердің салдарын түсінетін және белсенді табиғатты қорғау қызметін жүргізетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
"Зайырлылық және дінтану негіздері" (9-сынып) бөлімі (юнит) зайырлы мемлекет, діннің қоғам өміріндегі орны, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың әсер ету қаупі туралы идеяны қалыптастыруға бағытталған.
1-параграф. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушыларда:
1) азаматтық ұстаным;
2) әлеуметтік жауапкершілік;
3) мінез-құлық мәдениеті;
4) басқаларға көмекке дайын және құрметпен қарайтын;
5) салауатты өмір салты және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары;
6) сыни, креативті және шығармашылық ойлау дағдылары;
7) алған білімдерін өмірде қолдану дағдылары;
8) зерттеу, жобалау, волонтерлік жұмыс дағдылары.
Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін "жаһандық құзыреттер" курсының үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
2-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Жаһандық құзыреттер" курсының үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптар, тақырыптарды игеруге жұмсалған сағаттар саны және күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары көрсетілген.
Мұғалім тақырыптарды жоспарлау кезінде сағат санына сәйкес оқу тақырыптары мен мақсаттарын өзгерте алады, сынып ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерді және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.
"Жаһандық құзыреттер" курсының тақырыбы

Юнит

5 класс

6 класс

7 класс

8 класс

9 класс

Этика және әдеп

Барлығы сәлемдесуден басталады

Мен және менің құрдастарым

Сыпайы сөйлейміз

Қазақ халқының дәстүрі ретінде ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас этикасы

Еңбек мәдениеті

Мен достарымның ортасындамын

Шешім қабылдаймыз

Рухни сапа-адам өміріндегі басты қасиет

Отбасылық құндылықтар: әкем, анам және мен - тату отбасымыз

Ел игілігіне еңбек ет

Мен өз әрекеттерім үшін жауап беремін

Уақытты бағалауды үйренеміз

Кемшіліктермен жұмыс істеу-кемелдікке апаратын жол

Адалдық пен әділеттілік -өмірдің ұстанымдары

Қарым-қатынас мәдениеті және әдеп

Ата-аналарға ризашылық білдіруді үйренеміз

Біз эмоциямызды басқарамыз

Басқаларға қуаныш сыйлау үшін жақсылық жасау

Академиялық адалдық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Дастархан басындағы әдеп
Дастархан әзірлеу

Буллинг деген не?

Зорлық-зомбылықты болдырмау және өзіңізді қалай қорғауға болады

Саяхат этикасы: біз өз елімізді таныстырамыз

Өзіңнен есеп алу: жасағандарым пайдалы болды ма?



Қоғамдық көлікте, театрда, кинотеатрда, мұражайда өзіңді қалай ұстау керек









Азаматтық және патриотизм

Отбасыдағы өзара сыйластық

Мен үшін Отан деген не?

Менің мектебімнің жетістіктері

Біз-біртұтас халықпыз

Өзгені өзіңдей сыйла

Өз Отанымды мақтан тұтамын!

Туған жерге деген махаббат

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Отаныма арналады

Әлеуметтік жауапкершілік

Өз елімнің лайықты азаматымын!

Туған халқы мен Отанға деген адалдық

Өз елін танымал еткен тұлғалар

Менің елім-жүрегімде!

Ертеңгі жастар қандай болмақ?

Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт!



Тарих беттерінен



Ынтымағы жарасқан ел

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

Әлеуметтік желі деген не?

Интернетте қарым-қатынас жасау ережесі

Медиа кеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу

Бейне хостинг не үшін қолданылады?
Жалған танымалдық

Әлеуметтік желідегі блогерлер

Әлеуметтік желідегі менің аккаунтым

Менің цифрлық ізім

Телефон алаяқтары: не істеу керек?

Отбасы кірістері

Кибербуллинг

Алғашқы ақша және олардың функциялары қалай пайда болды?

Еңбекақы төлеу неге байланысты?

Подкаст. Байланыстың заманауи әдістері

Жинақтау және олардың түрлері

Белсенді және пассивті кірістер

Адамның еңбегі қалай бағаланады?

Отбасының міндетті және міндетті емес шығындары

Жеке табысты қалай тиімді басқаруға болады

Отбасы шығындары

Отбасы бюджетінің түрлері

Отбасының кірістері мен шығыстары неден тұрады?

Ірі сатып алуларды қалай жасауға болады

Отбасылық бюджет қалай жоспарланады және оны қалай үнемдеуге болады

Тұрғын үй несиесі. Ипотека

Отбасылық бюджетті жоспарлау

Күнделікті шығынды қалай басқаруға болады?

Отбасылық бюджет дегеніміз не?

Отбасының қаржылық мақсаттары. Ақша жинақтары қалай құрылады?

Жоспарсыз сатып алу

Жинақтарды қалай сақтауға болады







Банктік несиелер

Отбасылық бюджетті жүргізу ережелері

Қаржы пирамидасы







Отбасының қаржылық қауіпсіздік тірегі



Қаржылық байлық

Өмір сүру қауіпсіздігі

Үй, аула, мектептегі қауіпсіздік

Менің үйге қайтар жолым

Табиғаттағы, қауіпсіздік

Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды?

Отпен ойнама

Құтқару қызметі

Табиғи апаттар кезіндегі мінез-құлық ережелері

Жауапты іс-әрекет және инфекцияның алдын-алу

Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын?

Менің қауіпсіздігім - менің қолымда!

Абайлаңыз, күдікті заттар!

Техниканы қауіпсіз пайдалану

Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы

Өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайлардан қалай шығуға болады?

Менің денсаулығым - маған байланысты

Денсаулық пен сұлулық құпиялары немесе гигиена не үшін қажет?

Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Жаман әдеттердің алдын алу

Жолаушының көлікте өзін ұстау тәртібі

Үй-жайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары

Қауіп туралы дабылды қалай беруге болады?

Алғашқы көмек көрсету ережелері



Экологиялық мәдениет

Жер-біздің ортақ үйіміз

Туған өлкенің сұлулығы

Менің туған өлкемнің, елімнің экологиясы

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз?

Менің айналамдағы әлем

Адам-табиғаттың бір бөлігі

Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүруге болады

Болашақта жер қандай болуы керек?

Экологиялық тұрақтылық

Біздің таза аулада тұрамыз

Экологиялық саяхат

Экологиялық тәуекелдер

Табиғи апаттар

Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері

Адам табиғатқа неліктен жауапсыз қарайды?

Табиғатты қалай қорғауға болады

Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік

Біздің таза экологияға құқығымыз

Қауіпсіз демалыс

Жануарларға мейіріммен қарау

"Көміртегі ізі": қауіп-қатерлерді қалай азайтуға болады



Экологиялық қақтығыстар

Зайырлылық және дінтану негіздері









Зайырлы мемлекет және дін









Діннің шығу тегі мен маңызы, оның әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі









Діннің құрылымы мен қызметі









Діннің шығу тегі мен тарихи формалары









Ежелгі наным жүйесі, ұлттық және дәстүрлі діндер









Буддизмнің діни ілімінің негіздері









Христиандықтың діни сенімінің негіздері









Ислам дінінің негіздері









Қазақстан жеріндегі ислам









Ислам мәдениеті









Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі









Жалған діни ұйымдар мен ағымдар туралы түсінік.









Қазақстан - унитарлық және зайырлы мемлекет









Қазақстанның бейбітшілік және дінаралық келісім саласындағы саясаты

5-сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтиже
(соңғы өнім)

Этика және әдеп

1

Барлығы сәлемдесуден басталады

3

Ситуациялық есептерді шешу
Бейнероликтерді дайындау

2

Мен достарымның ортасындамын

3

Мен өз әрекеттерім үшін жауаптымын

4

Ата-аналарға ризашылық білдіруді үйренеміз

5

Дастархан басындағы әдеп
Дастархан жаю

6

Қоғамдық көлікте, театрда, кинотеатрда, мұражайда өзінді қалай ұстау керек





Азаматтық және патриотизм

1

Отбасындағы өзара сыйластық

3

Әлеуметтік жоба
"Өзімді құрметтеу - басқаларды құрметтеу" психикалық картасы
Ситуациялық есептерді шешу

2

Мен өз Отанымды мақтан тұтамын!

3

Өз Отанымды мақтан тұтамын!

4

Түрлі көзқарас - біртұтас ұлт

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

1

Әлеуметтік желі дегеніміз не

5

Жоба
Зерттеу жұмысы
Аккаунт жасау
Постерлер жасау
Конкурстар
Диаграммаларды, инфографиканы құру
Ситуациялық есептерді шешу

2

Әлеуметтік желідегі менің аккаунтым

3

Алғашқы ақша және олардың функцияларықалай пайда болды?

4

Адам еңбегі қалай бағаланады

5

Отбасының кірістері мен шығыстары неден тұрады

6

Қалта ақшасын қалай басқаруға болады

Өмір сүру қауіпсіздігі

1

Үй, аула, мектептегі қауіпсіздік

4

Жоба
"Үйде жалғыз: қауіпсіз болу"рөлдік ойындары,
"Қалай көмек сұрауға болады"
Ситуациялық есептерді шешу

2

Отпен ойнама!

3

Менің қауіпсіздігім - менің қолымда

4

Менің денсаулы
ғым – менің қолымда

5

Жолаушының көлікте өзін ұстау тәртібі

Экологиялық мәдениет

1

Жер-біздің ортақ үйіміз

3

Жоба
Акцияның экологиялық тәсілі
Ақпараттық буклеттерді әзірлеу
"Табиғат – жаратушының бізге берген сыйы" тақырыбындағы суреттер байқауы

2

Менің айналамдағы әлем

3

Біз таза аулада тұрамыз

4

Табиғаттағы іс-әрекет ережелері

5

Қауіпсіз демалыс

6-сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтижелер
(соңғы өнім)

Этика және әдеп

1

Мен және менің құрдастарымм

3

Жоба
Буклеттер дайындау
Жағдаяттық есептер

2

Шешім қабылдаймыз

3

Уақытты бағалауды үйренеміз

4

Біз эмоциямызды басқара аламыз

5

Буллинг деген не?

Азаматтық и патриотизм

1

Мен үшін Отан деген не?

3

Жоба
"Менің кейіпкерім" сұхбаты
Бейнероликтер дайындау

2

Туған жерге деген махаббат

3

Туған халқы мен Отанға деген адалдық

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

1

Интернетте қарым-қатынас жасау ережесі

5

Зерттеу жұмысы
Ситуациялық есептерді шешу
Рөлдік ойындар
Схемаларды құру
Нұсқаулықтарды әзірлеу
Рөлдік ойындар

2

Менің цифрлық ізім

3

Еңбекақы төлеу неге байланысты?

4

Отбасының міндетті және міндетті емес шығындары

5

Ірі сатып алуларды қалай жасауға болады?



Отбасы бюджеті дегеніміз не?

Өмір сүру қауіпсіздігі

1

Менің үйге қайтар жолым

4

Жоба
Граффити/суреттер/сторибордтар жасау
Жағдаяттық есептерді шешу
Рөлдік ойындар

2

Құтқару қызметі

3

Абайлаңыз, күдікті заттар!

4

Денсаулық пен сұлулық құпиялары немесе гигиена не үшін қажет?

5

Үй-жайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары

Экологиялық мәдениет

1

Туған өлкенің сұлулығы

3

Туристік маршрутты жасау
"Менің арманымның бағыты" жобасы
Саяхатшылар клубын құру
Комикс сайысы, аниме.
Экологиялық рейд және рельеф картасын жасау.
"Адам және табиғат" тақырыбына дөңгелек үстел өткізу
Табиғи материалдан қолөнер бұйымдарын жасау

2

Адам – табиғаттың бір бөлігі

3

Экологиялық саяхат

4

Адам табиғатқа неліктен жауапсыз қарайды?

5

Жануарларға мейірімді қарау

7-сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтижелер
(соңғы өнім)

Этика және әдеп

1

Сыпайы сөйлейміз

3

Бейнеролик дайындау
Жоба
Жағдаяттық есептерді шешу

2

Рухни сапа-адам өміріндегі басты қасиет

3

Кемшіліктермен жұмыс істеу-кемелдікке апаратын жол

4

Басқаларға қуаныш үшін жақсылық жасау

5

Зорлық-зомбылықты болдырмау және өзіңізді қалай қорғауға болады

Азаматтық және патриотизм

1

Менің мектебімнің жетістіктері

3

Жоба
Зерттеу жұмысы
"Еліміздің мақтанышы" бейнеролигін дайындау

2

Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте!

3

Өз елін танымал еткен тұлғалар

4

Тарих беттерінен

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

1

Медиакеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу

5

Зерттеу жұмысы
Жағдаяттық есептерді шешу
Рөлдік ойындар
Схемаларды құру
Рөлдік ойындар
Конкурс

2

Телефон алаяқтары: не істеу керек?

3

Подкаст. Байланыстың заманауи әдістері

4

Жеке табысты қалай тиімді басқаруға болады

5

Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады

6

Отбасының қаржылық мақсаттары. Ақша жинақтары қалай құрылады?

7

Банк кредиттері

8

Отбасының қаржылық қауіпсіздік тірегі

Өмір сүру қауіпсіздігі

1

Табиғаттағы, қауіпсіздік

4

Зерттеу жұмысы
Жағдаяттық есептерді шешу
Бейнеролик түсіру
Табиғаттағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу

2

Табиғи апаттар кезіндегі іс-қимыл ережелері

3

Техниканы қауіпсіз пайдалану

4

Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі.

5

Қауіп туралы дабылды қалай беруге болады?

Экологиялық мәдениет

1

Менің өлкемнің, елімнің экологиясы

3

"Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек" тақырыбындағы шығарма
"Біздің экология" фотокөрмесі
"Табиғатты қорғайық!" тақырыбына презентация
Экологиялық акциялар

2

Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүруге болады?



3

Экологиялық тәуекелдер



4

Табиғатты қалай қорғауға болады?



5

"Көміртегі ізі": қауіп-қатерлерді қалай азайтуға болады?



8-сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтижелер
(соңғы өнім)

Этика және әдеп

1

Қазақ халқының дәстүрі ретінде ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас этикасы

3

Бейнеролик дайындау
Рөлдік ойын
Жағдаяттық есептерді шешу
Ардагерлермен кездесу

2

Отбасылық құндылықтар: әкем, анам және мен - тату отбасымыз

3

Адалдық пен әділеттілік – өмір ұстанымдары

4

Академиялық адалдық

5

Саяхат этикасы: біз өз елімізді таныстырамыз

Азаматтық патриотизм

1

Біз-біртұтас халықпыз!



Әлеуметтік жоба
"Жақыныңа жанашыр бол" қайырымдылық челленджі
Бейнеролик дайындау

2

Отаныма арналады

3

Елім – менің жүрегімде!

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық





1

Бейне хостинг не үшін қолданылады?
Жалған танымалдық



Зерттеу жұмысы
Жағдаяттық есептерді шешу
Рөлдік ойындар
Схемаларды құру
Конкурс

2

Отбасы кірістері

3

Жинақтау және олардың түрлері

4

Отбасылық шығындар

5

Тұрғын үй несиесі. Ипотека

6

Жоспарсыз сатып алу

7

Отбасы бюджетін жүргізу ережесі

Өмір сүру қауіпсіздігі

1

Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

5

Зерттеу жұмысы
Жағдаяттық есептерді шешу
Стартаптар

2

Жауапты іс-әрекет және инфекцияның алдын-алу

3

Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы

4

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

5

Алғашқы көмек көрсету ережелері

Экологиялық мәдениет

1

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

3

Стартаптар
Дөңгелек үстел (Олжас Сүлейменовтың "Бөлтіріктер" поэмасын талқылау)
Зерттеу жұмысы
Аргументтік эссе
"Табиғатты қорғау біздің қолымызда!" экологиялық акциясы

2

Болашақта жер қандай болуы керек?

3

Табиғи апаттар

4

Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік

9-сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтижелер
(соңғы өнім)

Этика және әдеп

1

Еңбек мәдениеті

6

Әлеуметтік жобалар
Брифингтер
Жобаларды қорғау
Бейне дайындау
Инфографика

2

Ел игілігіне еңбек ет

3

Қарым-қатынас мәдениеті және этикет

4

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

5

Өзіңнен есеп алу: жасағандарым пайдалы болды ма?

Азаматтық және патриотизм

1

Өзгені өзіңдей сыйла

4

Жоба
Жағдаяттық есептерді шешу
Флешмоб
Акциялар

2

Әлеуметтік жауапкершілік

3

Ертеңгі жастар қандай болмақ?

4

Ынтымағы жарасқан ел

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

1

Әлеуметтік желідегі блогерлер

6

TEDx өткізу
Жоба
Рөлдік ойындар
Стартаптар

2

Кибербуллинг

3

Белсенді және пассивті кірістер

4

Отбасылық бюджеттің түрлері

5

Отбасы бюджетін жоспарлау

6

Жинақтарды қалай сақтауға болады

7

Қаржы пирамидасы

8

Қаржылық байлық

Өмір сүру қауіпсіздігі

1

Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды?

5

Зерттеу жұмысы
Ситуациялық есептерді шешу
Рөлдік ойындар
Схемаларды құру
Конкурстар
Бейнероликтер дайындау
Пікірталас алаңы

2

Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын?

3

Өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайлардан қалай шығуға болады?

4

Жаман әдеттердің алдын алу

Экологиялық мәдениет

1

Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз?

4

Экологиялық акциялар
"Біз табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз" тақырыбындағы брифинг
"Болашақ жер" Эссе
Жобаларды қорғау
Макулатура жинау және қайталама шикізатты бөлек жинау
"Табиғат дәлсіздіктерге шыдамайды және қателіктерді кешірмейді" тақырыбындағы бейнеролик

2

Экологиялық тұрақтылық

3

Апаттар мен табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері

4

Таза экологияға құқылымыз

5

Табиғи ресурстарды қалай пайдаланамыз?

Зайырлылық және дінтану негіздері

1

Зайырлы мемлекет және дін

11

Жоба
Жағдаяттық есептерді шешу
Тесттер

2

Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі

3

Діннің құрылымы мен қызметтері

4

Діннің шығу тегі мен тарихи формалары

5

Ежелгі сенім жүйесі, ұлттық және дәстүрлі діндер

6

Буддизм. Дін ілімі негіздері.

7

Христиан діні. Дін ілімі негіздері.

8

Ислам. Дін ілімі негіздері.

9

Қазақстан жеріндегі ислам

10

Ислам мәдениеті

11

Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі

12

Теріс пиғылдағы діни ағымдар туралы түсінік. Терроризм.

13

Қазақстан – унитарлық және зайырлы мемлекет.

14

Қазақстанның дінаралық келісім мен татулық аясындағы саясаты


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 467 бұйрығына
12-қосымша


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы "16" қыркүйегіндегі
№ 399 бұйрығына
104-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет