"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30654 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 11-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 27 және 28-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 30-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 53-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 56, 57, 58 және 59-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 61-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 68-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 104 және 105-қосымшалар осы бұйрыққа 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 110, 111, 112, 113, 114 және 115-қосымшалар осы бұйрыққа 14, 15, 16, 17, 18 және 19-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 117-қосымша осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 119, 120, 121, 122, 123, 124 және 125-қосымшалар осы бұйрыққа 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
|
А. Аймагамбетов
|
|
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 467 бұйрығына
1-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2022 жылғы "16" қыркүйегіндегі
№ 399 бұйрығына
11-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |