4. Требования к уровню подготовки учащихся
15. Уровень подготовки обучающихся оценивается с учетом предметных, личностных и
системно-деятельностных результатов.
16. Предметные результаты отражены в двух аспектах: должны знать и уметь. Учащиеся 10
класса должны знать:
1) базовые литературоведческие термины: роды, виды и жанры литературы, литературные
направления и художественные стили, внешняя композиция и сюжетная композиция (экспозиция,
завязка, развитие действия, кульминация, развязка), образ-персонаж, лирический герой, портрет,
пейзаж, интерьер, виды художественного пространства и времени, метрические стопы (ямб, хорей,
дактиль, амфибрахий, анапест), рифма, рифмовка, изобразительно-выразительные средства (эпитет,
сравнение, метафора, метонимия, синекдоха, гипербола, гротеск, аллитерация, ассонанс, анафора);
2) границы классического периода русской литературы;
3) основные черты классической литературы: 1) расцвет поэзии, прозы и драматургии,
создание самобытной жанровой системы; 2) формирование критериев единого литературного языка и
стиля при одновременном расцвете индивидуальных авторских стилей (стиль А.С. Пушкина, Ф.И.
Тютчева, Ф.М. Достоевского, Л.Н. Толстого, А.П. Чехова, И.А. Бунина); 3) создание эстетически
совершенных, образцовых и многозначных художественных текстов; 4) острота постановки социальных
и нравственных проблем жизни; 5) глубокое воссоздание внутреннего мира человека, психологизм; 6)
сочетание национального и общечеловеческого; 7) утверждение гуманистических ценностей; 8)
восприимчивость к опыту мировой литературы и культуры; 9) возможность для неоднозначного
прочтения и обрастание новыми смыслами в процессе исторического функционирования; 10) высокая
оценка русской классической литературы, ее всемирная значимость;
4) классические интерпретации программных художественных произведений в критике и
литературоведении;
5) существующие литературоведческие классификации романа по литературным направлениям в
разрезе конкретных романов;
6) определенное количество программных стихотворных текстов и фрагментов художественной
прозы (наизусть).
17. Учащиеся 10 класса должны уметь:
1) читать произведения большого объема с насыщенной социально-философской, психологической
проблематикой, со сложноорганизованной формой повествования;
2) использовать специальную литературу (биографические, историко-литературные
исследования, литературоведческие словари, справочники, энциклопедии) и Интернет-ресурсы при
изучении художественного произведения;
3) составлять планы, аннотации, тезисы, конспекты критических и литературоведческих статей
и других материалов;
4) демонстрировать знание сюжета, образов-персонажей и проблематики изучаемых произведений
при ответе на тестовые вопросы;
5) выявлять актуальность проблематики произведений русской классики XIX-ХХ веков,
используя традиционный способ презентации;
6) проводить анализ прозаического произведения по следующим параметрам: тематическое
содержание, форма повествования, композиция, сюжетная организация, система образов-персонажей,
пространственно-временная организация;
7) проводить анализ поэтического произведения по следующим параметрам: образный ряд,
сюжетно-композиционный уровень, ритм, размер, рифма, рифмовка;
8) анализировать художественный текст с учетом культурных реалий, этнокультурного
контекста;
9) актуализировать и соотносить изучаемые тексты с современностью;
10) писать сочинения на литературную или свободную темы.
18. Учащиеся 11 класса должны знать:
1) основы целостного и комплексного анализа текста и различные формы письменной рефлексии;
2) факты жизни и творчества поэтов и писателей ХХ века в их взаимосвязанности и
взаимообусловленности социально-исторической и культурной атмосферой эпохи;
3) сведения об истории создания и творческой судьбе важнейших произведений поэтов и
писателей ХХ века;
4) сведения о проблеме периодизации литературы ХХ века, факты о ее направлениях и течениях
(модернизм, соцреализм, постмодернизм);
19. Учащиеся 11 класса должны уметь:
1) создавать модель художественного мира изученного произведения в виде описания, таблицы,
схемы, схемы с элементами рисунка (событийная динамика, образная система, художественное
пространство и время);
2) проводить целостный анализ поэтического текста по уровням: метрика, рифма, рифмовка,
строфика, звуковая, лексическая, синтаксическая организации, сюжетно-композиционный,
образно-тематический ряды;
3) осуществлять развернутый анализ прозаического произведения с учетом тематического
содержания, формы повествования, композиции и сюжета, системы образов-персонажей,
пространственно-временной организации;
4) использовать разнообразные способы презентации литературоведческой интерпретации;
5) писать изложения литературно-художественных, публицистических, критических,
литературоведческих текстов объемом до 250-280 слов;
6) писать сочинения разных жанров на литературные и публицистические темы объемом до 6
тетрадных листов вместе с эпиграфом и планом.
20. Личностные результаты. Учащиеся должны проявлять:
1) активную гражданскую позицию и сознательное отношение к литературе как духовной
ценности и форме воплощения культуры народа;
2) читательский интерес, эстетический вкус, образное мышление и творческое самовыражение
посредством прочтения и осмысления художественных произведений;
3) толерантное отношение к культурам разных народов через осмысление гуманистических
ценностей русской литературы;
4) собственное мнение с привлечением необходимых аргументов, компетентность в
распознавании антиобщественных явлений;
5) осознание духовного, нравственного и эстетического смысла изучаемого произведения;
6) навык выразительно читать художественные тексты, передавая индивидуальные особенности
стиля писателя и собственное отношение к прочитанному;
7) умение выражать активную читательскую позицию и излагать в устной и письменной форме
свое понимание классического произведения.
21. Системно-деятельностные результаты. Учащиеся должны овладеть:
1) системой знаний по литературе с целью осознания роли литературы, в том числе русской,
как части духовной жизни общества, ее влиянии на развитие духовно-нравственного потенциала
молодого поколения;
2) умением анализировать, обрабатывать, синтезировать и использовать научную информацию;
3) методами познания, проектирования, конструирования и исследования, творческого
применения;
4) современными информационно-коммуникационными технологиями;
5) коммуникативными способностями и полиязычной культурой.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
80-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен (ортадан
жоғары деңгей) типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде емес)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және
мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.
3. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен
дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ
тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей
1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен
аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.
5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы – қазақ тілде емес
мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім
әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары
деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын
қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды
деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен
білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.
6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен
«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру
жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын
анықтауды талап етеді.
7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық
жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан
Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында
қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп
жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді.
8. 10-11-сыныптардағы Ортадан жоғары деңгей - В екі игерімді қамтиды:
1
тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В
– 10-сынып;
1.1
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
В
– 11-сынып.
1.2
1.2
9. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін
мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік
меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды:
1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің
1-11 сыныптары бойынша сараланды;
2) негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;
3) негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді;
4) оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің
ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша сараланды;
5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және
мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.
10. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу
нәтижелеріне жетуі қарастырылады.
11. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан
меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге,
сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі
тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын
игерту.
12. Оқу пәнінің міндеттері:
1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени және
әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру;
3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;
4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында
оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
13. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау
ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған
оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті
мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.
14. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде
қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру,
ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге
сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:
1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама,
мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;
2) оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді
қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу
дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;
3) пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық
бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т.б. (әдебиетпен байланыс);
өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б.
(ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;
4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай
тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін
сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты
болып табылады;
5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі
тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін
қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге,
білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді
өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін
қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
15. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі сөздік қорын
молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы
білім беретін өзге тілде оқытатын мектептердің негізгі сатысында «Қазақ тілі» пәнін төмендегідей
пәндермен байланыстыра меңгерту көзделеді.
1) «Қазақ әдебиетімен»:
қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан
алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;
олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға,
көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;
2) «Орыс тілімен»:
қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының
дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;
орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді
ұғындыруда да маңызды болып саналады;
3) «Қазақстан тарихымен»:
тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде
ерекше рөл атқарады;
сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін
қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4) «Информатика» пәнімен:
оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық
технологияларды қолданудың ықпалы зор;
интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған
материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық
мәдениетін дамытуға жол ашады;
5) жаратылыстану циклі пәндерімен:
қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік
қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын
жетілдіруге септігін тигізеді;
қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.
16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу
жоспарына сәйкес (9-қосымша) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақ тілі» пәні аптасына
10-11-сыныптарда 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.
17. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытында (11-қосымша) «Қазақ тілі» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық
сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.
17. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты
келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27/16 сағат. 1. Отбасы
бюджетін жоспарлау - 9/6 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек,
ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
18. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын
анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа
қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.
19. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;
2) әлеуметтік-мәдени ая;
3) оқу-еңбек аясы.
20. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді.
Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің
нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.
21. 10-сынып:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:
отбасы бюджетін жоспарлау;
«Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) »;
отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы;
2) әлеуметтік-мәдени ая:
«Қазақстанның белгілі ғалымдары»
«Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы»
«Сенің есімің қандай мағына білдіреді?»
«Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)»;
3) оқу-еңбек аясы:
«Мен мамандық таңдаймын»,
«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;
22. 11-сынып:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:
«Сапарға шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»;
2) әлеуметтік-мәдени ая:
«Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сән»;
«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;
«Театрға саяхат»;
3) оқу-еңбек аясы:
«Пошта қызметін қолданамыз»;
«Қалта телефоны»;
«Компьютер: пайдасы мен зияны»;
«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
23. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27/16 сағат:
1) «Отбасы бюджетін жоспарлау» - 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика.
Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа
қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы
баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру
(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).
Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасы туралы мақал-мәтел,
нақыл сөздер);
2) «Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)» – 9/5 сағат
(Тілдік бөлім: Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі.
Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру.
Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым. Қонақ күтуде
жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан
қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану
(оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың
түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының
қонақжайлығы туралы мәтіндер);
3) «Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы» – 9/5 сағат (Тілдік бөлім: Көркем-әдебиет
стилі. Лексика: Тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы
мәтіндерді оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік жазылым (Абзац,
диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр
адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы
мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу);
24. Әлеуметтік-мәдени ая – 47/34 сағат:
1) Қазақстанның белгілі ғалымдары – 14/10 сағат (Тілдік бөлім: Құрмалас сөйлем. Лексика:
Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстанның
белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі
ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер.
Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету
(оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру);
2) Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы – 10/8 сағат (Тілдік бөлім: Грамматика: Туынды сын
есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы. Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ.
Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің
стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы
баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Кәсіби
тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік
қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Мемлекеттік құрылым
туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу);
3) «Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» – 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен
сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық
ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу.
Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен
өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау.
Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім
(әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Мәдениетаралық
қарым-қатынас бөлімі: Отбасылық дәстүрлер);
4) «Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)» – 14/10 сағат (Тілдік бөлім:
Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған басылымдар туралы мәтін. Оқылым.
Балалар басылымдары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау
тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге
асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді
үйрету). Диалог. Диалог-мәлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру. Мәдениетаралық
қарым-қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу);
25. Оқу-еңбек аясы – 28/18 сағат:
1) «Мен мамандық таңдаймын» – 14/9 сағат (Тілдік бөлім: Кейінді ықпал. Қос сөз. Туынды зат
есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған
мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі
таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар
төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты
кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері
арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақ суретшілері туралы
мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет);
2) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 14/9 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Ресми
стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу.. Айтылым.. Болашақта істейтін
жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге
асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді
үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Белгілі мамандар туралы мәлімет).
Достарыңызбен бөлісу: |