4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
20. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) Жер ғаламшарының негізгі өлшемдерін, оның Күн жүйесіндегі орнын және құрылысын;
2) географиялық карталардың мазмұны мен түрлерін, проекцияларды, градус торын және
карталардың өлшеуіштік қасиеттерін;
3) геохронологиялық кестені, геологиялық тарихтың кезеңдерін, эраларды, дәуірлерді, тау
жасалу кезеңдерін;
4) литосфералық плиталарды, олардың түрлерін, ірі платформаларды және геосинклинальдық
белдеулерді;
5) құрлық және мұхит түбінің жер бедерінің ірі пішіндерін (таулар, жазықтар), олардың
дамуын, өзгеруін;
6) атмосфераның құрамын, құрылысын және қасиеттерін, негізгі климат қалыптастырушы
факторларды, ауа массаларын, климаттық белдеулерді;
7) гидросфераны, оның құрамдас бөліктерін, дүниежүзілік мұхитты, оның бөліктерін,
қасиеттері мен маңызын, құрлық суларын, ірі өзендерді, көлдерді, сарқырамаларды;
8) биосфераның құрамын, құрылымын және маңызын, ноосфера ұғымын, Жердегі биомассаның
арақатынасын;
9) географиялық қабықтың, табиғат кешендері мен компоненттерінің жалпы заңдылықтарын,
географиялық белдеу, табиғат зонасы, ландшафт ұғымдарын;
10) географиялық қабық компоненттерін, халықаралық және қазақстандық «Қызыл кітапқа»
енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау проблемаларын;
11) бөлімнің арнайы терминдерін;
12) тарихи-географиялық аймақтарды, дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;
13) дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы формаларын, тәуелсіз
мемлекеттерді және тәуелді аумақтарды, қазіргі кездегі дүниежүзі елдерінің типтерін;
14) дүниежүзілік өркениет, геосаясат, саяси география, геосаяси жағдай, ұғымдарын;
15) саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары туралы ұғымды, Қазақстан
Республикасының көршілес және алыс шет елдермен саяси қарым-қатынасын;
16) қазіргі кездегі дүниежүзілік халықаралық ұйымдардың рөлін;
17) Жер шары халқының санын және олардың орналасуын;
18) халықтың ұдайы өсуі, демографиялық саясат, еңбек ресурстары, экономикалық белсенді
халық (ЭБХ), халықтың жастық-жыныстық құрамы, көші-қон, урбандалу – оның деңгейі және формалары,
агломерация, мегалополис ұғымдарын;
19) дүниежүзі халықтарының жіктелуін, ең ірі халықтарды, тілдерді, әлемдік және ұлттық
діндерді;
20) Қазақстан Республикасы халықтарының ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа және нығаюға
жетуіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін;
21) Жер шарындағы негізгі нәсілдерді, Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеулерінің қорытындыларын;
22) табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен қамтамасыз етілу
ұғымдары туралы;
23) табиғат ресурстарының жіктелуін (пайда болу, қолданылу, сарқылу деңгейі бойынша),
жекелеген елдер бойынша олардың орналасу және шоғырлану ерекшеліктерін;
24) қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін;
25) экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын;
26) ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму
жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын
орналастыру факторларын);
27) Қазақстан Республикасындағы инновациялық-индустриалдық реформалардың бағыттарын және
экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруын;
28) ҒТР жағдайында адам факторының рөлін және сапалы білімнің жеке тұлғаның қазіргі
замандағы шаруашылыққа маман ретінде бейімделуіндегі маңызын;
29) дүниежүзілік шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық
еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың типтері ұғымдарын;
30) дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі орталықтарын және аумақтық айырмашылықтарын,
халықаралық экономикалық байланыстың түрлерін;
31) дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастырудың негізгі заңдылықтарын және
факторларын;
32) ҒТР саланың құрылымына, өнеркәсіпті орналастыруға әсерін және оның дамуының негізгі
бағыттарын;
33) дүниежүзілік өндіруші, энергетика және өңдеуші өнеркәсіптің жетекші салаларының
орналасуының негізгі орталықтарын және аймақтарын;
34) дүниежүзінің негізгі ауыл шаруашылық аудандарын;
35) көліктің негізгі түрлерін және дүниежүзілік қатынас жолдарын;
36) халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін;
37) ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын;
38) ТМД елдерінің геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының өзіне тән сипаттарын;
39) халқының, табиғат жағдайларының және ресурстарының негізгі сипатын, ТМД елдері
шаруашылығының және аумағының ішкі айырмашылықтарын;
40) ТМД елдеріндегі экономикалық реформаларды және олардың арасындағы ықпалдастық
процестерін білулері тиіс.
21. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) терминдер, түсініктер жиынтығын және Жер туралы заңдылықтарды, Күн жүйесіндегі Жердің
орны жайлы түсіндіре;
2) Жер қабығының заңдылықтарын және ерекшеліктерін, терминдер, түсініктер жиынтығын,
олардың маңызын түсіндіре;
3) мазмұны және қолданылуы әр түрлі карталарды оқу, бөлімде аталған нысандарды көрсету
және карталардың өлшеуіш қасиеттерін қолдана;
4) геосаяси жағдайды сипаттай;
5) дүниежүзі саяси картасының нысандарын қабырға картасынан көрсете және кескін картаға
белгілей;
6) елдегі және дүниежүзіндегі саяси оқиғаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының
басылымдарына, мәтіндерге талдау жасау;
7) дүниежүзі және жекелеген елдерді халқының ұдайы өсуі, жастық-жыныстық құрамы, халықтың
тығыздығы және орналасуы, демографиялық саясаты, нәсілдік, тілдік, ұлттық, діни құрамы,
урбандалу деңгейі ерекшеліктеріне қарай салыстыра;
8) ақпарат көздеріне сүйене отырып, табиғатты пайдаланудың түрлерін сипаттай;
9) Жер шарында минералдық ресурстардың таралуын талдай және әр түрлі елдердің ресурспен
қамтамасыз етілуін анықтай;
10) күнделікті өмірдегі, өнеркәсіптегі, саудадағы, көліктегі, ауыл шаруашылығындағы
ғылыми-техникалық жаңаруды дәлелдейтін нақты мысалдар келтіре;
11) дүниежүзілік шаруашылықтың жетекші салаларын орналастыру факторларын анықтай;
12) бұқаралық ақпарат құралдарының дүниежүзі шаруашылығы салаларының жағдайы туралы
материалдарына талдау жасай;
13) әр түрлі ақпарат деректерінің көмегімен дүниежүзі шаруашылығының салаларына сипаттай;
14) қабырға және кескін карталардан дүниежүзі шаруашылығы салаларының жетекші елдерін
көрсете;
15) карталардан, сонымен қатар кескін картадан, ТМД елдерінің аумағын көрсете;
16) ТМД елдерін, олардың аумағындағы табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының және
шаруашылық ерекшеліктерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау мақсатында салыстыра;
17) елдердің және аумақтардың экономикалық-географиялық сипаттамасын құра алулары тиіс.
5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
22. 11-сыныптың соңында оқушылар:
1) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралия және Мұхит аралдарының
тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін және олардың астаналарын;
2) адамзаттың ілгері басуындағы Азия өркениеттінің рөлін;
3) Азия, Шетелдік Еуропа, Америка, Аустралия және Мұхит аралдары елдерінің
экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына,
АҚШ мегалополистеріне, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және
экспорттаушы салаларына тән сипатын;
4) Еуроодақ көлемінде елдердің ықпалдастығының негізгі сипатын;
5) шаруашылықтың жетекші салаларының орналасуын (АҚШ негізгі өнеркәсіптік орталықтары мен
белдеулері, елдердің негізгі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы аудандарын, негізгі көлік
магистральдарын);
6) алынған білім негізінде Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Аустралия және Мұхит
аралдарының ірі және дүниежүзі экономикасы үшін маңызды елдерінің экономикалық-географиялық
ерекшелігін, «экономикалық тұрпаты»;
7) Африканың ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайының, аймақтарының табиғат
жағдайлары мен ресурстарының, халқының, урбандалуының, аймақтар бойынша шаруашылықтың ішкі
айырмашылықтарының, елдер экономикасының көпсалалы және бірсалалы мамандану салаларының, олардың
халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын;
8) Африканың дамушы елдері экономикасының артта қалуының себебін;
9) Африканың негізгі өнеркәсіптік және ауылшаруашылықты аудандарын, көлік жүйесінің
ерекшеліктерін;
10) Антарктида және Антарктиканы қазіргі кезеңде зерттеудегі жетістіктерді, ресейлік,
кеңестік, қазақстандық зерттеушілер мен ғалымдардың қосқан үлесін;
11) ғылыми, мәдени, рекреациялық орталықтар мен аудандарды;
12) Қазақстанның Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралия және Мұхит
аралдарының жетекші елдерімен қарым-қатынасын;
13) ғаламдық проблемалардың түрлерін, мәнін, оларды шешудің негізгі жолдарын және бұл
проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызын;
14) ғаламдық және аймақтық проблемалардың оң шешімінің мысалдарын білулері тиіс.
23. 11-сыныптың соңында оқушылар:
1) карталардан, сонымен қатар кескін карталардан Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың,
Африканың, Аустралия және Мұхит аралдарының тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін және
олардың астаналарын көрсете;
2) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралия және Мұхит аралдарының
аймақтары мен елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама бере, алынған нәтижелерге презентация
жасай;
3) Азия, Шетелдік Еуропа елдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында
экономикалық-географиялық жағдайларын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халықтарын,
шаруашылығын салыстыра;
4) Латын Америкасы, Африка елдері экономикасының типі мен мамандануын анықтау мақсатында
табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халықтарын, шаруашылығының дамуын тарихи тұрғыдан салыстыра;
5) Еуроодақ елдеріндегі осы кезде болып жатқан саяси және экономикалық оқиғалар жайлы
ақпаратты негізге ала отырып қорытындылар мен дәлелдеулер жасай;
6) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу, елдер мен аймақтардың даму ерекшеліктерін
анықтай;
7) ғаламдық проблемалар, олардың мағынасы және шешу жолдары жайлы оқулық, бұқаралық
ақпарат, басқа да баспалардың, интернеттің материалдарын талдай;
8) адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы баяндамалар дайындай;
9) істелген жұмыстың нәтижесін аудитория алдында көрсете алулары керек.
24. Жеке тұлғалық нәтижелер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуінен;
2) белсенді азаматтық ұстаным таныту, жоғары патриоттық сезімінен, өз Отанына қызмет етуге
және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
3) өз елінің, туған өлкесінің табиғатының сұлулығын көре білуге және сақтауға ұмтылуынан,
қоршаған ортаны қорғау сұрақтарында белсенді азаматтық ұстаным танытуынан;
4) табиғи және басқа да кездейсоқ, төтенше жағдайларда қолданылатын қажетті әрекеттерді
саналы түрде орындауынан;
5) дүниежүзі елдерінің мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау сезімін, олардың адамзат
өркениетінің дамуындағы рөлі, адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік, толеранттық танытуынан;
6) мамандықтар әлемімен танысу және болашақ мамандығын таңдауды саналы түрде жүзеге
асыруынан;
7) көп ұлтты қоғамда адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік, толеранттық таныту,
этикалық, моральдық-өнегелілік нормаларды сақтау;
8) табиғат кешенін, оның компоненттерін, табиғат ресурстарының түрлерін (минералды,
өсімдік, жануарлар дүниесін және топырақ жамылғысын) сақтауға қажетті іс-әрекетті саналы түрде
орындауынан;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген елдің
индустриалдық-инновациялық реформасы және экономиканың аралас, нарықтық түрі жағдайындағы
үдерістерді білуге ұмтылысынан;
10) дүниежүзілік экономика салаларын, дүниежүзілік өнеркәсіптік аймақтар мен орталықтарды,
олардың дүниежүзілік, аймақтық, қазақстандық нарыққа әсері туралы оқып-үйренгенде өздігінен
білімін жетілдіруінен;
11) ТМД елдері, бұрынғы Кеңестер Одағы республикалары халықтарының тарихына, мәдениетіне,
менталитетіне, ұлттық әдет-ғұрыптары мен құндылықтарына құрметпен қарауынан және дүниетанымдық
түсінікті дамытуынан;
12) дүниежүзі халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрі жайлы, ғаламшар елдерінің
шаруашылығы,олардың дүниежүзілік экономиканың дамуындағы рөлі жайлы түсінікті және көзқарасты
дамыту;
13) ТМД елдерінің саяси және экономикалық дамуындағы жалпы мақсаттарды, олардың еуразиялық
және дүниежүзілік өркениеттің дамуындағы рөлін түсінуінен;
14) Ұлы географиялық ашылулар заманы, өркениеттің өзара әрекеті мен зардаптарының,
аймақтың дүниежүзі экономикасындағы рөлінің маңызы туралы дүниетанымдық түсінігін және
көзқарасын одан әрі дамыту;
15) отарлау дәуірінің мұрасы қазіргі заманда – ІЖӨ төмен көрсеткіші, кедейлік, аштық,
эпидемиялар, ішкі шиеленістер, елдерге халықаралық нақты көмектің қажеттілігі туралы
дүниетанымдық түсінік және көзқарасты дамыту;
16) туған елінің, өлкесінің табиғатын және табиғат ресурстарын қорғауға, қоршаған ортаның
тазалығын сақтау сұрақтарында белсенді азаматтық ұстаным танытуынан;
17) өздігінен білім алу, өз білімін жетілдіру және іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсету
арқылы шығармашылық, жасампаз еңбекке қабілеттілігін арттыруынан;
18) этикалық нормаларды сақтай білу, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай білу,
қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни және заң бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен;
19) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы мінез-құлықты қалыптастыруынан
көрініс табады.
25. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы
жүзеге асады:
1) атластың құрылымын оқып үйрену (тақырыптық карталардың негізгі топтарын, карталардағы
қосымша деректер жиынтығын: суреттер, сызбанұсқалар, кестелер, диаграммалар, мәтін);
2) географиялық және топографиялық карталардың өлшеуіш ресурстарымен жұмыс (шартты
белгілерді оқу, нысандардың географиялық орнын, масштаб және градус торы арқылы қашықтықты,
географиялық координаталарды, азимутты, биіктікті, тереңдікті, беткейдің тіктігін анықтау,
компаспен жұмыс істеу);
3) Жер қабықтары, табиғат кешендері және олардың компоненттерінің экологиялық жағдайы
туралы баяндамалар дайындау;
4) дүниежүзінің саяси картасына талдау жасау (қабырға картасынан мемлекеттік формасына
және әкімшілік-аумақтық құрылымына қарай әр түрлі елдерді, тәуелсіз мемлекеттерді және тәуелді
аумақтарды, елдердің типтерін, халықаралық ұйымдарды көрсету);
5) елдердің геосаяси жағдайына баға беру;
6) мемлекеттік формасына және әкімшілік-аумақтық құрылымына қарай ірі елдерді, ірі тәуелді
аумақтарды және әр түрлі типтегі жекелеген елдерді кескін картаға түсіру;
7) әр түрлі деректерді пайдалана отырып ел халқына салыстырмалы сипаттама беру;
8) жастық-жыныстық пирамидаға және атластың тақырыптық карталарының деректеріне талдау
жасау;
9) дүниежүзі халықтарының дәстүрлі қолөнерлік кәсіптері жайлы баяндамалар дайындау;
10) дүниежүзі елдерінің табиғат ресурстарымен ресурстық қамтамасыз етілуін анықтау;
11) өз өлкесінің және аймағының рекреациялық ресурстық әлеуетін анықтау және дәлелдеу;
12) ҒТР жағдайындағы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық реформаларын
және экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруы сұрақтары бойынша мерзімді басылымдарды, ғылыми
әдебиетті және нақты мысалдарды талдау (баяндамалар әзірлеу);
13) мерзімді басылымдардың дүниежүзі шаруашылығының, оның салаларының жағдайы туралы
материалдарын талдау және нәтижеге презентация жасау;
14) шикізат пен отын, металлургия өнімдерінің, автомобиль, су көлігі, электронды техника,
роботтар, өнеркәсіп станоктарын жасаудың, ауыл шаруашылығы (бидай, күріш, май, талшық,
сергіткіш, қой, ірі қара, шошқа, балық) өнімдерінің негізгі түрлерін шығаратын көшбасшы елдерді
кескін картаға белгілеу;
15) аумақтың экономикалық-географиялық сипаттамасын құрастыру;
16) Орталық Азия (ТМД) елдерінің экономикалық байланыстары мен ынтымақтастығы және
ықпалдастықтың болашағы «біз бір-бірімізге не үшін қызықпыз және пайдалымыз» атты кестені
толтыру;
17) Орталық Азия елдерінің (ТМД) ықпалдастықтығы сұрақтары бойынша интерактивті семинар;
18) тақырыптық карталармен жұмыс істеу;
19) сызбанұсқаларды, диаграммаларды, кестелерді талдау;
20) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралияның, Мұхит аралдарының,
Антарктика және Антарктиданың тарихи-географиялық аймақтарының шекараларын кескін картаға
түсіру;
21) кестелер, кластерлер құрастыру;
22) ресурстардың түрлерін, таралу аумақтарын және қолданылу деңгейін көрсетіп «Азияның
табиғат ресурстары» анықтама кестесін құрастыру;
23) экономикалық дамудың әр түрлі үлгілері бар Азия елдеріне жоспар бойынша салыстырмалы
сипаттама жасау (саяси-географиялық жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайы
мен ресурстары, халқының саны және сапасы, экономикалық ерекшеліктері, экспортқа шығатын өнім
(елдер оқушының таңдауына қарай), қорытындыда Қазақстанда қолдануға болатын экономикалық даму
тәжірибесін көрсету);
24) баяндама дайындау («Азия елдерінің ірі қалалары», «Азия елдері халықтарының ежелгі
мәдениеті», «Адамзаттың дамуындағы Азия өркениетінің рөлі», «Азияның демографиялық рекордтары»,
«Елдің дамуындағы жеке тұлғаның рөлі» (Кемаль Ататүрік – Түркия, Дэн Сяо Пин – Қытай, Махатма
Ганди, Джавахарлал Неру – Үндістан, Ли Куан Ю – Сингапур, Махатхира Мохамада – Малайзия);
25) оқулық мәтінімен, анықтамалық деректермен және басқа ақпарат көздерімен жұмыс істеу
(келесі параметрлер бойынша Еуропа елдерін тауып, дәптерге жазу: аумағының көлемі ірі бес
мемлекетті, халқының саны жағынан ірі бес мемлекетті, жалпы ішкі өнім көрсеткіші ең жоғары бес
мемлекетті, урбандалу дейгейі ең жоғары бес мемлекетті, халқының тығыздығы ең жоғары бес
мемлекетті (тығыздықты есептеу), оқушының таңдауы бойынша параметрлерді қосуға болады);
26) жоспар бойынша Батыс Еуропаның екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама
жасау;
27) мамандану салаларын және экспорттық өнімдерін көрсете отырып, Еуропаның ірі
өнеркәсіптік орталықтарына талдау жасау;
28) «Еуропа елдерінің ірі қалалары» тақырыбына баяндама дайындау;
29) ауызша саяхат жасау арқылы АҚШ сипаттама беру (картаның, оқулық мәтінінің және басқа
да ақпарат құралдарының көмегімен, елдің экономикасы үшін ең маңызды штаттарды атап көрсету,
экономикалық-географиялық негіздеме беру, дәлелдемелер келтіру, олардың ерекше өзгешеліктерін
атап көрсету, қорытындыда Қазақстанда қолдануға болатын экономикалық даму тәжірибесін көрсету);
30) «Латын Америкасы елдерінің ірі қалалары», «Бразилияның, Мексиканың урбандалу
ерекшеліктері» тақырыптарына баяндамалар дайындау;
31) аймақтар бойынша ресурстардың негізгі, маңызды және тапшы түрлерін анықтау мақсатында,
ерекше қорғалатын аймақтарды көрсете отырып «Африканың бес аймағының табиғат ресурстарының
ерекшеліктері» құрама кестесін толтыру;
32) елдің экономикалық-географиялық сипаттамасын жасау;
33) «Африка елдерінің ірі қалалары», «Мысыр пирамидаларының құпиялары», «Сахельдің
«қанттануы» – себеп-салдарлық байланысы» үлгі тақырыптарына баяндамалар дайындау;
34) атлас карталарының және оқулық мәтінінің көмегімен Аустралияның экономикалық
байланыстарын көрсететін картасызба құрастыру;
35) Аустралия Одағы, басқа елдермен табиғи және экологиялық-экономикалық проблемалардағы
ұқсастықтарын табу;
36) ғаламдық проблемалар, олардың түрлері және шешу жолдары туралы оқулық, мерзімді басқа
да басылымдардың, интернет материалдарын талдау.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
93-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Физика» пәнінен
типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Физика өзінің мазмұны мен ғылыми зерттеу әдістері бойынша оқушыларға білім және тәрбие
берудің құралдарының бірі болып табылады, олардың ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамытуға,
ерік-жігері мен мінез-құлқын тәрбиелеуге ықпал етеді.
3. Бүгінгі мектептегі оқу пәні ретіндегі «Физика» білім алушылардың шығармашылық,
коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлай алу және
талдай алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғыза отырып, ғылыми ойлау типін қалыптастыруға
бағытталған.
4. Физикалық білім биосферанын болашағына жауапты саналы және жоғары рухани тіршілік иесі
әрі табиғаттың ажырамас бөлігі ретіндегі адамзаттың әлемдегі орнын саналы түрде түсінуге ықпал
етеді.
5. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсын оқытудың мақсаты –
оқушылардың дүниеге диалектикалық материалистік көзқарасын қалыптастыру.
6. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:
1) әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін қалыптастыру, физикалық құбылыстарды әр қырынан
және әр түрлі жағдайда қарастыра алу білігін дамыту:
физикалық жүйелерді бөліп көрсете алу және олардың арасындағы байланысты орнықтыра алу;
физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыра алу және дұрыстығын анықтай алу
дағдысын қалыптастыру;
физикалық құбылысты танып-білудің теориялық және эксперименттік әдісін пайдалана алу,
физиканың заңдарын практикада қолдану;
әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін
шығару дағдысын дамыту;
2) табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену және физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң
даму игiлiгіне пайдалану, жаратылыстану ғылымының мазмұнына қатысты мәселелерді талқыланған
кезде оппоненттiң пiкiрiне құрметпен қарауға және бірлесіп есеп шығару үдерісінде
ынтымақтастыққа:
қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезіміне, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін
пайдалануды моральдық-этикалық бағалай алуға дайын болуға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
7. 10-11-сыныптарына арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік,
біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып
алынған.
8. 10-11-сыныптарына арналған «Физика» оқу пәнінің бағдарламасы ана тілі және әдебиетпен,
математикамен, химиямен, биологиямен, географиямен, информатикамен және технологиямен пәнаралық
байланысты ескереді.
1) ана тілі (қазақ, орыс):
тіл лексикасы;
ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
коммуникативті мәдениет;
физиканың негізгі терминологиясын білу, физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың
сөйлеу мәдениетін дамыту;
2) алгебра:
гармониялық тербелістер;
тригонометриялық функциялар;
туынды және оны қолдану.
3) геометрия:
түзудің, жазықтықтың теңдеуі;
нормаль векторы;
4) химия:
заттың атомдық-молекулалық құрылысы;
Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;
атомның құрылысы, изотоптар;
5) биология:
заттардың айналуы және биосферадағы энергия ағыны;
ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі организмдерге әсері.
6) информатика:
ақпараттық процестер;
компьютердің аппараттық және програмалық құралдары;
электрондық кесте, графиктік редактор ортасында модельдеу;
белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;
«Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты
іздеу және оны қарау;
электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;
электрондық почтамен хабарлама жіберу;
слайдтар құрастыру.
9. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және
ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді. Оған жету оқушының негізгі мектеп курсы
бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.
10. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |