Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет121/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132

11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      35. 11-сынып оқушылары:

      1) тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;

      2) Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары;

      3) Ч.Дарвиннің қолдан және табиғи сұрыпталу туралы ілімі;

      4) тіршілік үшін күрестің формалары;

      5) мутациялардың эволюциялық рөлі;

      6) табиғи сұрыпталудың формалары;

      7) түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар;

      8) эволюциялық процестің негізгі бағыттары,

      9) биологиялық прогреске жету жолдары;

      10) эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, -параллелизм;

      11) архей, протерозой, палеозой, мезозой кайнозой замандарында жерде тіршіліктің дамуы;

      12) биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері;

      13) биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның қасиеттері;

      14) «әлеуметтік дарвинизмнің», кертартпалық зөлі;

      15) организм және ортаның қарым-қатынастары;

      16) биосфераның құрылымы және оның құрам бөліктері;

      17) ортаның биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлары;

      18) орта факторлары әрекетінің қарқындылығы, шектеуші фактор;

      19) организмдер арасындағы өзара қарым –қатынас формалары;

      20) антропогендік факторлардың биоценоздарға әсері;

      21) экологиялық кешендер түзудің шаралары.

      36. 11-сынып оқушылары:

      1) жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяның эволюциялық түрөзгерістері

тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіру;

      2) алуантүрлі организм түрлері шығуының және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің

себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру;

      3) экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін айқындау;

      4) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы экологиялық заңдылықтар туралы мәліметтерді

іс-тәжірибеде қолдану;

      5) биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізу;

      6) биоценоздардағы қарым-қатынас формаларының түрлерін анықтау;

      7) нақты орта жағдайларындағы қоректік жүйелерді сипаттау;

      8) орман шаруашылығы, балық шаруашылығы т.б., ұйымдастыру үшін экологиялық білімді дұрыс

пайдалану;

      9) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешу үшін

білім мен заңдарды қолдану;

      10) зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін

сақтау.


      Жеке-тұлғалық нәтижелер

      10-11 сынып оқушылары көрсете білуі тиіс:

      1) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдалануда арнайы пәндік және атау

көрсекіштерін қолдануға даярлығын;



      2) кеңейтілген жоспар-мәтіннің тезисін құтастырып, конспекттер, рефераттар құрастыру;

      3) рефераттар, презентациялар даярлау;

      4) жұмыстар орындауда электрондық ресурстарды, интернетті пайдалана білу;

      5) оқулық мәтінімен жұмыс істеу негізінде кесте, сызбанұсқалар құрастыру;

      6) зертханалық және практикалық жұмыстар орындауда техникалық қауіпсіздік шараларын

сақтау;


      7) жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер

құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;

      8) биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;

      9) «әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдікке дәйекті сын айта білу.

      Жүйелі-әрекеттілік нәтижелер 10-11-сынып оқушылары қолдана білуі тиіс:

      1) жасушалық теория туралы білімдерін органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеуге пайдалану;

      2) шағылыстыру сызбанұсқаларын құруда, зат және энергия алмасумен, генетикалық және

молекулалық биологияға есептер шығаруда арнайы генетикалық ұғымдар мен белгілерді пайдалану;

      3) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық

көрсеткіштерді пайдаланып дағдылану;

      4) мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар т.б. дайындауда кеңейтілген жоспар құрып

дағдылану;

      5) электрондық материалды интернетті пайдалануға дағдылану;

      6) оқулықпен жұмыс істеу барысы нда мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар

құрастырып дағдылану.

Қазақстан Республикасы     

Білім және ғылым министрінің  

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына        

92-қосымша          



Жалпы білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика

бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «География» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік

жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. 10-11-сыныптардағы география курсының бағдарламасы географиялық білімнің бірізділігін

және үздіксіздігін көрсетеді, мақсаты – қазіргі әлемді оқып-білуде оқушыларға қиын да жан-жақты

экономикалық-географиялық білімді меңгерту, функционалды сауаттылықтық және оқушылардың

бейінді-мамандану бағдарларын тереңдету.

      3. Жаратылыстану-математика бағытындағы курс өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:

      1) алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен

идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі

дамыту;


      2) дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін, дүниежүзілік шаруашылықтың, геосаяси

проблемалар мен қазіргі кездегі қоғам дамуының бағыттарын оқып-білу үдерісінде саяси,

географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру;

      3) табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау

және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін


меңгерту;

      4) ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі

елдердің ерекшеліктерін анықтау;

      5) дүниежүзінің табиғат ресурстарын, өндіру және пайдалану технологияларын, олардың

аймақтық ерекшеліктерін оқып-білу үрдісінде экологиялық мәдениетті дамыту және тереңдету;

      6) дүниежүзінің халықтарын, дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және

ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы

оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;

      7) толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу;

      8) оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде

таңдауға ықпал жасау;

      9) карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен,

білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына

жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және

талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да

мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;

      10) жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге,

белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.

      4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы

және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен

белгіленген.

      5. Пәнаралық байланыстар:

      1) математикамен, қаржылық сауаттылықты дамыту, нарықтық экономиканың қызмет атқаруы,

қазіргі кездің биржа қорлары, капиталдың акционерлік формалары және экономиканың түрлері туралы

оқу барысында, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды істеу барысында;

      2) тарихпен, әр түрлі елдердің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының түрлерін

сипаттайтын ұғымдар мен терминдерді қолдану барысында, дүниежүзі саяси картасының өзгеру

себептерін, дүниежүзі шаруашылығының тарихи кезеңдері туралы оқу барысында;

      3) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының,

жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын музыкалық шығармаларды, әндерді, әндердің

үзінділерін пайдалану барысында;

      4) химиямен, дүниежүзі елдерінің химия өнеркәсібін оқу барысында;

      5) биологиямен, биосфера, оның құрамы, құрылымы, табиғат зоналары, өсімдік, жануарлар және

балық аулау жайлы, географиялық қабықтың құрамдас бөліктерін қорғау жайлы оқу барысында;

      6) технологиямен, әлем елдері халықтарының, ұлттарының қолөнерін оқу барысында.

      6. Типтік оқу жоспарына сәйкес 10–11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы

«География» курсын оқуға аптасына 2 сағаттан, 68 сағат бөлінген.

2. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны

      7. Кіріспе (1 сағат):

      «География. Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

      8. «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:

      1) «Жер ғаламшар ретінде» (2 сағат), Жер туралы қысқаша мәліметтер, Жердің құрылысы;

      2) «Жердің картада бейнеленуі» (3 сағат):

      географиялық карталар, топографиялық карталар, картография жайлы жалпы деректер, Глонасс,

GPS және Galileo жаһандық навигация жүйелерімен танысу, картографиялық проекция, картаның

өлшеуіш ресурстары, шартты белгілер;

      № 1 практикалық жұмыс «Географиялық және топографиялық карталардың өлшеуіш ресурстарымен

жұмыс»;

      3) литосфера және жер қыртысы (3 сағат), Жердің геологиялық тарихы, тау жасалу кезеңдері,



литосфера және оның даму заңдылықтары, Жердің жер бедері (рельефі), оның даму заңдылықтары;

      4) атмосфера және климат (3 сағат), атмосфераның құрамы және құрылысы, оның қасиеттері,



атмосфералық циркуляция, ауа райы, климат және олардың жіктелуі;

      5) гидросфера (2 сағат), гидросфера, оның құрамдас бөліктері, қасиеттері және су айналымы,

дүниежүзілік мұхит, мұхиттар, құрлық сулары;

      6) биосфера (1 сағат), биосфера туралы түсінік, оның құрамы, құрылымы, ноосфера ұғымы;

      7) географиялық қабық заңдылықтары (2 сағат), географиялық қабық, оның заңдылықтары,

табиғат кешендері мен компоненттері туралы түсінік, ландшафт және оның түрлері туралы түсінік;

      географиялық белдеулер және табиғат зоналары, географиялық қабық компоненттерін қорғау

проблемалары.

      9. «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімін оқуға 17 сағат бөлінген:

      1) «Тарихи-географиялық аймақтар. Дүниежүзінің саяси картасы» (5 сағат):

      тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы – қалыптасу кезеңдері,

дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары, тәуелсіз

мемлекеттер және тәуелді аумақтар;

      қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің көп түрлілігі, дүниежүзілік өркениет,

геосаясат, геосаяси жағдай, саяси география және саяси қарым-қатынас, халықаралық ұйымдар

ұғымдары;

      № 2 практикалық жұмыс «Таңдау бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беру және

дүниежүзіндегі жағдайларға байланысты ол елде болатын өзгерістерге болжау жасау, геосаяси

жағдайы қолайлы және қолайсыз елдерді анықтау, себептерін түсіндіру»;

      2) дүниежүзінің халқы (5 сағат), дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық

саясат, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары, халықтың тығыздығы, орналасу

ерекшеліктері және халықтың көші-қоны, халықтың нәсілдік, тілдік, ұлттық құрамы және дүние

жүзіндегі діндер, елді мекендердің түрлері және урбандалу;

      3) табиғат ресурстары (4 сағат), қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғат

ресурстарының жіктелуі, ресурстармен қамтамасыз етілу ұғымы, дүниежүзінің табиғат ресурстары

(отын-энергетикалық, рудалы және рудасыз);

      дүниежүзі табиғат ресурстарының басқа түрлері (жер, су, биологиялық, рекреациялық,

Дүниежүзілік мұхит ресурстары);

      № 3 практикалық жұмыс «Табиғат ресурстарымен жоғары, орташа және төмен қамтамасыз етілген

елдерді анықтау» (отын-энергетикалық, рудалы, химиялық шикізат, су, биологиялық, рекреациялық);

      4) «Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық» (3 сағат):

      ғылыми-техникалық революция (өзіне тән ерекшеліктері, құрамдас бөліктері, техника мен

технологияның даму жолдары, шаруашылық дамуының негізгі бағыттары);

      дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастыру факторлары, кибернетика ғылымы және ҒТР

жағдайында адам факторының рөлі;

      қорытынды семинар (қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруы).

      10. «Дүниежүзілік шаруашылық» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:

      1) дүниежүзілік шаруашылыққа жалпы шолу (2 сағат), дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы,

дамуының негізгі кезеңдері, құрылымы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық

мамандану салалары, халықаралық экономикалық ықпалдастық (интеграция), ұлтаралық корпорациялар

(ҰАК);

      экономиканы ұйымдастырудың типтері, аумақтық айырмашылықтары және дүниежүзілік



шаруашылықтың басты орталықтары;

      2) дүниежүзілік өнеркәсіп (4 сағат), өнеркәсіпті орналастырудың заңдылықтары және

факторлары, отын-энергетика кешені, дүниежүзінің металлургиясы;

      дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары;

      3) ауыл шаруашылық географиясы (3 сағат), ауыл шаруашылығының жалпы сипаты (маңызы,

аграрлық қатынастары, даму бағыттары), өсімдік шаруашылығының географиясы, мал және балық аулау

шаруашылығы;

      4) көлік географиясы (2 сағат), дүниежүзілік көлік географиясы, дүниежүзілік қатынас

жолдары (құрлық, су, әуе), жаңа телекоммуникациялық жүйелер, ғаламтор;

      5) халықаралық экономикалық байланыстар (5 сағат):

      халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері, сыртқы сауда, халықаралық қаржы-қаражат

жүйесі, халықаралық банктер;



      халықаралық туризм, экономикалық ынтымақтастық, экономикалық ықпалдастық және халықаралық

экологиялық жобалар, Қазақстан халықаралық экономикалық қарым-қатынас жүйесінде;

      № 4 практикалық жұмыс «Дүниежүзі шаруашылығының саласына (өнеркәсіптің немесе ауыл

шаруашылығының) сипаттама беру» жоспар бойынша.

      11. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (ТМД)» бөлімін оқуға 17 сағат бөлінген:

      1) «ТМД елдеріне жалпы шолу» (1 сағат), ТМД елдеріне жалпы шолу, пайда болуының қысқаша

тарихы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары, қарама-қайшылықтары, Кедендік Одақ;

      2) «Ресей Федерациясы» (6 сағат):

      қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары

және ресурстары;

      халқы (демографиялық көрсеткіштері, еңбек ресурстары, тығыздығы мен орналасуы, ұлттық,

діни құрамы және урбандалуы);

      Ресей шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік;

      Ресейдің экономикалық аудандары және сыртқы экономикалық байланыстары;

      № 5 практикалық жұмыс «Әр түрлі экономикалық зонада орналасқан Ресейдің екі аймағына

қысқаша экономикалық-географиялық сипаттама жасау»;

      3) «Беларусь» (1 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық

жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы

сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары;

      4) «Украина және Молдова» (2 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси,

экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы,

шаруашылығының жалпы сипаттамасы;

      ішкі айырмашылықтары, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық

байланыстары;

      5) «Кавказ елдері» (2 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық

жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы

сипаттамасы;

      Әзірбайжан, Армения, Грузия (аймақтың ішкі айырмашылықтары);

      6) «Орталық Азия елдері (ТМД)» (5 сағат):

      Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан;

      қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары

және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл

шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары, салыстырмалы түрде;

      № 6 практикалық жұмыс «Қазақстан және Орталық Азияның төрт елі (ТМД). Экономикалық

байланыстары, ынтымақтастықтың және ықпалдастықтың келешегі»;

      Қазақстанның ТМД және кедендік одақ елдерімен саяси, экономикалық, мәдени байланысы;

      12. 10 сынып курсын қорытындылау (1 сағат).

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Кіріспе (1 сағат):

      дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтары (ТГА) және ғаламшардағы мемлекеттердің типтері

(қайталау).

      14. «Азия елдері» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:

      1) «Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу» (4 сағат), Азияның саяси картасы және аймақтары

(саяси картаның қалыптасу кезеңдері, тарихи-географиялық аймақтар және мемлекеттердің құрамы,

елдердің мемлекеттік құрылысы);

      табиғат жағдайлары мен ресурстары;

      халқы (саны, тілдік, ұлттық, діни құрамы, демографиялық жағдайы, халықтың тығыздығы,

урбандалу);

      шаруашылығының негізгі бағыттары: жалпы сипаты, әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері

аймақтардың шаруашылық мамандану салалары, елдерді топтастыру;

      2) «Азияның жоғары дамыған елдері» (2 сағат), Жапония аумағының құрамы, геосаяси жағдайы,



экономикалық-географиялық жағдайы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы,

қалалары;

      шаруашылығы: даму кезеңдері, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл

шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Жапониямен қарым-қатынасы;

      3) «Азияның жетекші дамушы елдері» (6 сағат):

      Қытай (3 сағат), құрамы, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік

құрылымы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, қалалары, халықтың тұрмысы

мен мәдениеті;

      шаруашылығы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, Дэн Сяо Пиннің реформалары, өнеркәсібі,

ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы;

      ішкі айырмашылықтары, экономикалық аудандары, туристік нысандары, сыртқы байланыстары,

Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы;

      Үндістан (2 сағат), құрамы, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

мемлекеттік құрылымы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, қалалары,

ежелгі мәдениеті;

      шаруашылығы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік

қатынасы, ішкі айырмашылықтары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Үндістанмен қарым-қатынасы;

      Түркия (1 сағат), құрамы, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік

құрылымы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, қалалары, шаруашылығының

жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, туристік нысандары, сыртқы

байланыстары, Қазақстанның Түркиямен қарым-қатынасы;

      4) «Азиядағы жаңа индустриялы елдер» (2 сағат):

      Корея Республикасы, құрамы, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

мемлекеттік құрылымы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығының

жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары,

Қазақстанның Корея Республикасымен қарым-қатынасы.

      Сингапур, Малайзия, Таиланд: экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы,

табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, экономикадағы реформалары және экономикалық дамудың

модельдері;

      5) мұнай экспорттаушы елдер (1 сағат), Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Бахрейн,

Иран, Ирак – елдеріне жалпы шолу, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

мемлекеттік құрылымы, қысқаша тарихи анықтама, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы,

шаруашылығының жалпы сипаттамасы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның аймақтың елдерімен

қарым-қатынасы;

      6) № 1 практикалық жұмыс (1 сағат) жоспар бойынша «Азияның екі еліне салыстырмалы

сипаттама беру».

      15. «Шетелдік Еуропа елдері» бөлімін оқуға 19 сағат бөлінген:

      1) «Шетелдік Еуропа елдеріне жалпы шолу» (3 сағат), Еуропаның саяси картасы, ондағы

өзгерістер, тарихи-географиялық аймақтар және олардың экономикалық-географиялық жағдайы,

мемлекеттердің құрамы, елдердің мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, Еуропа

елдеріндегі экологиялық жағдай және қорғау бойынша іс-шаралар;

      халқы, саны, елдердегі демографиялық жағдай, ұлттық, діни құрамы, халықтың орналасуы мен

тығыздығы, еңбек ресурстары және көші-қон;

      Еуропаның шаруашылығы, жалпы сипаты, ішкі айырмашылықтары, Еуроодақ көлеміндегі еуропалық

ықпалдастық – қарама-қайшылықтары және дамуы;

      2) «Еуропаның жоғары дамыған елдері» (8 сағат):

      Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания, Франция, Италия;

      аумағының құрамы, геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік

құрылымы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, қалалары, (Британ

Бірлестігі туралы ұғымы);

      шаруашылығы, даму кезеңдері, шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,

көлік қатынасы, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Германиямен, Ұлыбританиямен, Франциямен,

Италиямен қарым-қатынасы;

      3) «Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері» (4 сағат), аумағының құрамы, геосаяси



жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, халқы, демографиялық жағдайы, шаруашылығының жалпы

сипаты, даму деңгейлері және ішкі айырмашылықтары;

      Солтүстік Еуропа елдері, Орта Еуропа елдері, Нидерланд, Оңтүстік Еуропа елдері, Испания;

      4) «Шығыс Еуропа елдері» (3 сағат), геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

халқы, демографиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы;

      шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, ішкі

айырмашылықтары, туристтік нысандары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен

қарым-қатынасы, Чехия Республикасы;

      5) № 2 практикалық жұмыс (1 сағат) «Атлас карталарын пайдаланып бір елге кешенді сипаттама

беру» (бағдарламада қарастырылмайтын ел).

      16. «Америка елдері» бөлімін оқуға 15 сағат бөлінген:

      1) Американының ашылу және игерілу кезеңдері (1сағат), жаңа дүние аумағының ашылу,

қоныстану, отарлау және игерілу тарихы, аймақтары, Американың байырғы халықтары, олардың құрамы

және орналасуы, шаруашылығы және тұрмысы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, үндіс тайпаларының

отарлаудан кейінгі жағдайы, Америка елдерінің қазіргі заманғы топтары;

      2) «Американың жоғары дамыған елдері» (7 сағат):

      Америка Құрама Штаттары (6 сағат), геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

мемлекеттің қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары;

      халқы, демографиялық жағдайы, урбандалуы;

      шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, қаржы жүйесі, көлік қатынасы,

ішкі айырмашылықтары және АҚШ экономикалық-географиялық аудандары, туристтік нысандары, сыртқы

экономикалық байланыстары, Қазақстанның АҚШ қарым-қатынасы;

      № 3 практикалық жұмыс «Ел аумағына ауызша саяхат жасау арқылы елге сипаттама беру» жоспар

бойынша;


      Канада (1 сағат), геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттің

қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, қалалары, шаруашылығының жалпы

сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, туристік нысандары, сыртқы байланыстары,

Қазақстанның Канадамен қарым-қатынасы;

      3) «Латын Америкасының дамушы елдері» (7 сағат), құрамы, геосаяси жағдайы, саяси

картасының қалыптасу кезеңдері, отарлау иеліктері, мемлекеттік құрылымы, елдердің топтары, Латын

Америкасының табиғат жағдайлары мен ресурстары, теңдесі жоқ табиғат нысандары және байлықтары;

      халқы (құрамы, саны, тығыздығы, урбандалуы, еңбек ресурстары);

      шаруашылығының жалпы сипаты, экономикасының даму үлгілері, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,

көлік қатынасы, отарлау заманының мұрасы, туристтік нысандары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның

аймақ елдерімен қарым-қатынасы;

      Бразилия, экономикалық-географиялық жағдайы, қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен

ресурстары, халқы, шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы,

сыртқы байланыстары.

      17. «Африканың дамушы елдері» бөлімін оқуға 6 сағат бөлінген:

      1) Африканың дамушы елдері, құрамы, қазіргі замандағы геосаяси жағдайы, саяси картасының

қалыптасу кезеңдері, отарлық иеліктері, мемлекеттік құрылымы, елдердің топтары және аймақтары,

табиғат жағдайлары және ресурстары, экологиясы және ерекше қорғалатын аумақтары – қорықтар,

ұлттық саябақтар;

      халқы (саны, демографиялық сұрақтары, тығыздығы, еңбек ресурстары, ұлттық және діни

құрамы);

      шаруашылығының жалпы сипаты, өнеркәсібі, өнеркәсіптік аудандар, ауыл шаруашылығы, көлік

қатынасының ерекшеліктері, бірсалалы экономика – отарлау заманының мұрасы, туристік нысандар,

Африка аймақтарының ішкі айырмашылықтары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның материк елдерімен

қарым-қатынасы;

      2) № 4 практикалық жұмыс «Африка аймақтарының табиғат ресурстарының ерекшеліктері» жиынтық

кестесін құрастыру;

      3) № 5 практикалық жұмыс «Экономикасының дамыған және дамушы сипатын анықтау мақсатында,

«қосарлы» экономикалы ел Оңтүстік Африка Республикасына қысқаша экономикалық-географиялық

сипаттама жасау», жоспар бойынша.



      18. «Аустралия, Мұхит аралдары, Антарктика» бөлімін оқуға 4 сағат бөлінген:

      1) «Аустралия және Мұхит аралдары елдері» (1 сағат), ашылу тарихы, қоныстануы және

игерілуі, аймақтың құрамы, Мұхит аралдары елдері шаруашылығының қысқаша сипаттамасы;

      2) «Аустралия Одағы» (2 сағат), геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық жағдайы,

табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы;

      шаруашылғының жалпы сипаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, ішкі

айырмашылықтары, сыртқы байланыстары, Қазақстанның Аустралиямен қарым-қатынасы;

      3) № 6 практикалық жұмыс: «Аустралия Одағын Қазақстан Республикасымен салыстыру» (табиғат

жағдайлары, табиғат ресурстары, шаруашылығы, өнеркәсіп орталықтары және олардың орналасуы,

халықтың қоныстануындағы ұқсастықты анықтау. Аустралия экономикасының даму тәжірибесі);

      4) «Антарктика және Антарктида» (1 сағат), Антарктика және Антарктида – әр түрлі

мемлекеттердің халықаралық ғылыми ынтымақтастық зонасы, зерттеулердің жетістіктері және

келешегі, материкті зерттеудегі ресейлік, кеңестік, қазақстандық зерттеушілер мен ғалымдардың

үлесі.


      19. «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімін оқуға 7 сағат бөлінген:

      1) ғаламдық проблемалар, олардың сипаты және шешу жолдары, ғаламдық проблемалардың

түрлері, олардың өзара байланысы, дүниежүзінде бейбітшілікті сақтау проблемасы;

      экологиялық проблемалар, энергетика және шикізат проблемалары, демография, денсаулық

сақтау, мәдениет және білім беру проблемалары, дамушы елдердің проблемалары, бұрынғы отарлық

иеліктердің дәрменсіздігі, азық-түлік проблемасы, дүниежүзілік мұхит проблемалары;

      ғаламдық проблемаларды шешудің негізгі жолдары, мемлекеттердің халықаралық

ынтымақтастығының қажеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет