Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен
типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқыту мақсаты:
химия бойынша дамыған жаратылыстану ғылыми білімі мен білігі дағдысын болашақ өз кәсіби
қызметіне қолдану, сонымен қатар қоршаған ортаны өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтан
ластанудан қорғауда экологиялық мәдениет пен өзінің азаматтық позициясын көрсету қабілеті.
3. Оқыту міндеттері:
1) практикаға бағытталған білім, түсінік, химия ғылымының теориялары мен заңдарын игеру;
2) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық
құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
3) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып,
химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
4) эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті
өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;
5) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде
көзқарасын дамыту;
6) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік
бағыттылығын дамыту;
7) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл
шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері
әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.
5. Химияны оқыту үдерісінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
6. «Биология» пәнімен:
1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;
2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;
3) гендер, тұқымқуалаушылық, ДНҚ мен РНҚ маңызы, гендік инженерия туралы түсінік;
4) тірі ағзалардың химиялық құрамы;
5) медицина, экология саласындағы биотехнология, биохимия жаңалықтары;
6) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.
7. «География» пәнімен:
1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;
2) Қазақстандағы табиғи шикізат ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және
өңдеуші өндірістер, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы;
3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.
8. «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:
1) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;
2) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.
9. «Физика» пәнімен:
1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік, ядролық реакциялар;
заттардың агрегаттық күйі, кристалдық торлар, газ заңдары;
2) тұздар балқымасы мен ертінділерінің электролизі, Фарадейдың электролиз заңы;
3) баламалы энергия көздері, Қазақстанның энергетикалық потенциалы.
10. «Информатика» пәнімен:
1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялар;
2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;
3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу.
2. 10 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
11. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
(10 сағат):
атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондар күйі мен қозғалысы, квант
сандары, Паули принципі, Гунд ережесі, Клечковский ережелері, изотоптар;
атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық
жүйесі, химиялық элемент, оның жіктелуі мен сипаттамасы, заттың құрылым бірліктері: атом, ион,
молекула және олардың сипаттамалары;
химиялық элементтердің электртерістігі, химиялық элемент атомдарының радиоактивтілігі
туралы түсінік және радиоактивтіліктің маңызы, элементтердің валенттілігі мен валенттілік
мүмкіндіктері, тотығу дәрежесі, негізгі топша элементтерінің қасиетінің өзгеруінің периодтылығы,
металдар мен бейметалдар, олардың жоғары оксидтері, гидроксидтері, сутекті қосылыстарының
тотығу-тотықсыздану және қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы;
ғылым мен технологияның дамуында және қоршаған ортаның химиялық бейнесін түсінуде
периодтық заңның маңызы;
сандық есептер мен жаттығулар:
химиялық элементтер атомдарының валенттігі мен тотығу дәрежесін олардың периодтық жүйедегі
орны бойынша анықтау;
химиялық элемент атомының құрылысын анықтау;
электрондардың энергиялық деңгейлер мен орбитальдарға орналасуы;
химиялық элементті оның периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау;
белгісіз элементті электрондық конфигурациясы немесе химиялық реакция теңдеуіндегі реагент
пен өнімнің берілген массасы бойынша есептеу;
қосылыс формуласын оның құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша
анықтау;
№ 1 көрсетілімдер:
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің кестесі;
атом құрылысының модельдері;
металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері;
ІІІ период элементтері оксидтерінің үлгілері, олардың сулы ерітінділерін индикатормен
тексеру;
типтік металдар, бейметалдар және амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін салыстыру.
12. Химиялық байланыс және зат құрылысы (8 сағат):
химиялық байланыс түрлерінің біртұтас электрондық табиғаты, коваленттік химиялық байланыс,
коваленттік химиялық байланыстың қасиеттері, коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы
механизмі;
иондық химиялық байланыс және иондық кристалдық торлар;
металдық байланыс және металдық кристалдық тор;
сутектік байланыс - молекула-аралық, молекулаішілік сутектік байланыстың түзілу механизмі
мен оның маңызы;
жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор типіне
тәуелділігі;
атом орбитальдарының гибридтенуі (sp, sp , sp ), молекулалар геометриясы, зат
2
3
қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара
әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі;
сандық есептер мен жаттығулар:
әртүрлі қосылыстардағы химиялық байланыс типтерін анықтау;
молекулалардың гибридтенуі мен кеңістіктегі құрылысын анықтау;
заттардың физикалық қасиеттері бойынша кристалдық торының типін анықтау, кристалдық
торының типі бойынша заттың қасиеттерін болжау;
заттардың химиялық формулалары бойынша есептеулер;
көрсетілімдер № 2:
натрий хлориді, графит, алмаз, көміртек (ІV) оксиді, мыс кристалдық торларының модельдері;
әртүрлі химиялық байланысы бар зат үлгілері (кремний (ІV) оксиді, натрий хлориді);
№ 1 лабораториялық тәжірибе «Әртүрлі химиялық байланысы бар зат молекулаларының моделін
жасау», «Кристалдық торлары әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу»;
№ 1 бақылау жұмысы «Тақырыптық білім тексеру».
13. Химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары (14 сағат):
химиялық реакциялардың жіктелуі: процестің бағыты, атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруі,
жылу эффектісі, реагенттер мен реакция өнімінің саны және құрамы бойынша;
жай және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен жүретін тотығу-тотықсыздану
реакциялары;
тұздар балқымасы мен ерітінділерінің электролизі;
жай және күрделі заттардың қасиетін сипаттайтын химиялық реакциялар, тұздар гидролизі,
қышқыл, сілті, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткіші (pH);
химиялық реакциялар және табиғаттағы заттар айналымы және олардың ролі, химиялық
реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы, химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін
факторлар, әрекеттесуші массалар заңы, катализаторлар мен ингибиторлар, гомогенді және
гетерогенді катализ, Қазақстанда катализдік химияның дамуы, химиялық тепе-теңдік және оның
ығысуына әсер етуші жағдайлар, Ле Шателье-Браун принциптері, радиоактивті заттар туралы түсінік;
ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы;
сандық есептер мен жаттығулар:
термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер және реакцияның жылу эффектісін есептеу;
әрекеттесетін заттар концентрациясы мен температурасы бойынша химиялық реакция жылдамдығын
есептеу;
концентрация, температура және қысым әсерінен тепе-теңдік ығысуына мысалдар;
ертінділердің проценттік және мольдік концентрациясын есептеу;
химиялық формулалар мен реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін, көлемін
есептеу, атом, молекула санын анықтау;
моль, мольдік масса мен мольдік көлем ұғымдарына есептеулер;
зат формуласындағы элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтау, тотығу-тотықсыздану
реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
тұз балқымалары мен ерітінділерінің электролиз сызбасын құру, электролиз өнімінің
массасын, көлемін есептеу;
көрсетілімдер № 3:
әртүрлі химиялық реакциялар мысалына тәжірибелер;
экзо-, эндотермиялық реакциялар;
тұз балқымасы мен ерітіндісінің электролизі (мультимедиа);
химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу;
табиғатта жүретін, тұрмыста және өндірісте кездесетін кейбір реакциялардың жылдамдығын
зерттеу;
оксид, қышқыл, негіз, амфотерлі гидроксидтер мен тұздардың химиялық қасиетін сипаттайтын
реакциялар;
лабораториялық тәжірибе № 2:
гидроксидтерді алу (сілті, қышқыл) және олардың қасиеттерін зерттеу;
тұздар гидролизі;
№ 3 лабораториялық тәжірибе:
«Қышқыл, негіз және тұздардың сапалық құрамын тәжірибелермен дәлелдеу»;
№ 4 лабораториялық тәжірибе:
«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді
концентрациясының өзгеруі бойынша)»;
№ 2 бақылау жұмысы.
14. Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (6 сағат):
металдар және бейметалдар; химиялық элементтер, жай заттар, негізгі топша металдары мен
бейметалдардың атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы;
металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі;
металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша
өзгеруі, металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі, металдардың
электрохимиялық кернеу қатары;
сандық есептер:
ерітінді массасы мен еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын,
көлемін есептеу;
электрохимиялық кернеу қатарын қолдана отырып, металдар қоспасына есептер шығару;
№ 4 көрсетілімдер:
металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері;
металдардың кристалдық торының модельдері;
№ 5 лабораториялық тәжірибе «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің
химиялық қасиеттері».
15. Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары (6 сағат):
химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының
ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру;
натрий және калий, кальций және магний: физикалық, химиялық қасиеттерін салыстыру, алынуы,
қолданылуы, биологиялық маңызы;
натрий, калий, кальций, магнийдің маңызды қосылыстары:
оксидтері, гидроксидтері, тұздары, олардың қасиеттері мен қолданылуы;
судың кермектілігі, оны жою жолдары;
сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи осылыстарының Қазақстандағы кен
орындары;
сандық есептер:
металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция
теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу;
көрсетілімдер № 5:
натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі;
натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі);
№ 6 лабораториялық тәжірибе «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының
үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру», «Сілтілік және сілтілік-жер
металдары тұздарының жалынды бояуы», «Әксуын әзірлеу, оның көміртек (ІV) оксидімен әрекеттесуі»;
№ 1 практикалық жұмыс «Негізгі топша металдары» тақырыбына эксперименттік есептер шешу».
16. Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары (8 сағат):
d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі;
мыс, мырыш, темір, хромның табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері;
мыс, мырыш, темір, хромның маңызды қосылыстары (оксидтері, гидроксидтері), олардың
қасиеттері;
мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары;
коррозия, оның түрлері мен коррозияның алдын алу шаралары;
ауыр металдардың өндірісте қолданылуы, тірі ағзалар тіршілігіндегі олардың биологиялық
маңызы;
сандық есептер:
металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар
реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі)
есептеулер.
№ 6 көрсетілімдер:
темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу;
қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу;
лабораториялық тәжірибе № 7 «Сu , Fe , Fe , Zn иондарын сапалық анықтау»;
2+
2+
3+
2+
№ 2 практикалық жұмыс «Қосымша топша металдары» тақырыбына эксперименттік есептер шығару»;
№ 3 бақылау жұмысы «Тақырыптық білім тексеру».
17. Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары (10 сағат):
химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі р-элементтердің орны, олардың атом
құрылысының ерекшеліктері;
алюминий және оның қосылыстары;
алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің амфотерлілігі;
бейметалдар мен олардың қосылыстарының жалпы сипаттамасы;
көміртек және оның қосылыстары, олардың қасиеттері, кремний және оның қосылыстары, олардың
қасиеттері, алынуы, қолданылуы;
карбонат-, силикат- иондарды сапалық анықтау;
азот, фосфор және олардың оттекті қосылыстары, қасиеттері;
аммиак, аммоний тұздары, қасиеттері;
сұйытылған және концентерлі азот қышқылының қасиеттері;
нитраттар, нитрат-ионын анықтау;
күкірт және оның оксиді мен қышқылы, сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының
қасиеттері, сульфаттар, олардың қасиеттері, сульфат-ионды сапалық анықтау;
галогендер, химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, салыстырмалы сипаттамалары,
хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер, хлорид ионды анықтау, адам тіршілігіндегі йодтың
биологиялық маңызы;
йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары,
p-элементтті қосылыстардың Қазақстандағы маңызды кен орындары, оларды өндіру және қолдану
кезінде туындайтын экологиялық проблемаларды шешу жолдары;
сандық есептер:
бейметалдар қатысуымен жүретін химиялық реакцияларда газтектес заттардың салыстырмалы
тығыздығы, мольдік көлем бойынша жүргізілетін есептеулер;
ерітінділерге байланысты сандық есептер;
№ 7 көрсетілімдер:
алюминий және оның құймалары, силикат, шыны, жиынтығы;
еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция);
көміртек (ІV) оксидін алу, оның сумен, сілті ерітіндісімен әрекеттесуі;
лабораториялық тәжірибе № 8 «Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық
байланыс. Ортофосфор қышқылы мен фосфаттардың қасиеттерімен танысу. Йод ерітіндісінің крахмалға
әсері»;
№ 3 практикалық жұмыс:
«Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»;
№ 4 практикалық жұмыс:
«Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару; № 4 бақылау
жұмысы.
18. Бейорганикалық заттарды өндіру (6 сағат):
металдар мен бейметалдардың Қазақстандағы негізгі кен орындары, оларды өндіру және өңдеу
кезінде туындайтын экологиялық проблемалардан қоршаған ортаны қорғау;
химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері;
Қазақстандағы металлургия өндірісі, түсті және қара металдар мен олардың құймаларын
өндіру;
құймалар, олардың атауы, құрамы, қасиеті, қолданылуы;
шойын, болат және алюминий өндіру;
металдарды өндірудің электролиз әдісі (тұз ерітіндісі, балқымасы);
жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру, аммиак, азот қышқылын өндіру, Қазақстандағы
силикат өнеркәсібі;
маңызды азот, фосфор және калий тыңайтқыштары, Қазақстандағы тыңайтқыш өндірісі, Қазақстан
Республикасындағы химиялық және металлургиялық өнеркәсіптің дамуы;
қоршаған ортаның химиялық, металлургиялық өндіріс қалдықтарымен ластануымен күрес;
химиялық сауаттылық пен экологиялық мәдениет – ғылыми техникалық прогрестің алғышарты;
сандық есептер «Технологиялық және экологиялық мазмұнды деңгейлік типтік есептер»;
№ 8 көрсетілімдер:
күкірт қышқылын, аммиакты, шойын, болатты және алюминийді өнеркәсіпте алу модельдері;
тыңайтқыш үлгілері.
3. Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
19. Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 сағат):
органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, көміртегі атомы құрылысының
ерекшелігі, органикалық қосылыстардағы көміртек атомы орбитальдарының гибридтенуі (sp , sp ,
3
2
sp), молекулалар пішіні, валенттілік бұрыштары, органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс
түрі, түзілу механизмі, электрондық табиғаты, коваленттік байланыс, оның ұзындығы, кеңістіктегі
бағыты, энергиясы, s, p байланыстар, сутектік байланыс;
А.М. Бутлеровтің органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы, оның негізгі
қағидалары, химиялық құрылыс теориясының маңызы, бос радикалдар туралы түсінік және олардың тірі
ағзалар тіршілігіндегі маңызы, бейорганикалық және органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық
байланыс;
органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы, функционалды топтар, көмірсутектер,
оттекті және азотты қосылыстар, гомология және гомологтар, изомерия және изомерлер туралы
түсініктер, органикалық қосылыстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, органикалық химияның
қалыптасуы мен дамуына Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі;
заттардың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысы, органикалық қосылыстардың реакцияға
түсу қабілеті;
сандық есептер:
метан, бутан, этанол, сірке қышқылының формулалары бойынша есептеулер;
күнделікті тұрмыста белгілі қосылыстар құрамындағы химиялық элемент атомдардың массалық
үлесін есептеу (бутан, этанол, сірке қышқылы);
көрсетілімдер № 1:
су, метан, алмаз, графит, көміртек (ІV) оксидінің, этан, этилен, ацетилен, бензол,
метанол, этанол молекулаларының шарстерженьді модельдері;
мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш жаңқасы
үлгілері;
№ 1 лабораториялық тәжірибе «Метан, этан, этен, этин, пропан, аммиак, су және сірке
қышқылы молекулаларының шарстерженьді модельдерін жасау»;
№ 1 практикалық жұмыс «Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау»;
№ 1 бақылау жұмысы.
20. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (24 сағат):
алкандар, алкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы, метан және оның гомологтарының
молекулаларының құрылысы, sp гибридтену, алкандардың изомерленуі, атаулары, алкандардың
3
табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, орынбасу реакциялары: галогендеу және
нитрлеу, жануы, термиялық айырылуы, алкандарды қолдану, метан негізінде жүргізілетін синтездер,
өндірісте алынуы: алкандар крекингі, мұнайды фракциялық айдау, лабораторияда алынуы: Вюрц
синтезі, алюминий карбидінің гидролизі;
циклоалкандар, циклоалкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы және құрылысы,
циклоалкандардың изомерленуі мен атаулары, циклоалкандардың табиғатта таралуы, циклоалкандардың
физикалық қасиеттері, циклоалкандардың химиялық қасиеттері: гидрленуі, дегидрленуі, жануы;
алкендер, алкендердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, этилен және оның гомологтарының
молекулаларының құрылысы. sp гибридтену, алкендердің аталуы, кеңістік және құрылымдық
2
изомерленуі, физикалық қасиеттері, этилен көмірсутектерін алу;
химиялық қасиеттері: қосылу реакциялары (галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау,
гидрлеу), Марковников ережесі, тотығуы, алкендердің полимерлену реакциясы, полиэтилен,
алкендердің қолданылуы;
алкадиендер, алкадиендер туралы түсінік, алкадиендердің жалпы формуласы, молекуласының
құрылысы. sp2 гибридтену, изомерленуі мен аталуы, физикалық қасиеттері, алкадиендердің
полимерленуі, табиғи және синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина;
алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен мен басқа алкиндердің
молекула құрылысы. sp гибридтену. Ацетилен көмірсутектерінің аталуы мен изомерленуі. Ацетиленді
метаннан және карбидтік тәсілмен алу. Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: қосылу
реакциялары (галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау, гидрлеу). Ацетиленнің бензолға
тримерленуі, алкиндердің қолданылуы.
арендер, бензол – арендер өкілі, бензол молекуласының құрылысы, арендердің изомерленуі,
атаулары және алынуы, бензолдың гомологтары, бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері,
бензол қатысуымен жүретін орынбасу реакциялары: галогендеу, нитрлеу, бензолдың сутекпен,
галогенмен қосылу реакциялары, тотығуы, толуол – бензолдың гомологы, бензол мен толуол
қасиеттерін салыстыру, арендердің қолданылуы;
көмірсутектер мен олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс;
көмірсутектердің табиғи көздері, табиғи газ, оның құрамы мен қолданылуы, мұнай, мұнайға
серік газдар, құрамы, мұнайды өнеркәсіпте өңдеу, фракциялық айдау, термиялық және каталитикалық
крекингілеу, мұнай өнімдерін риформингілеу және ароматтандыру, тас көмір, тас көмірді кокстеу;
көмірсутектердің табиғи көздерінің шығу тегі, пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу мен
қолданудың экологиялық аспектілері. Қазақстандағы мұнай, газ және көмір өнеркәсібінің дамуы;
сандық есептер:
газтектес көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы бойынша немесе құрамындағы көміртек пен
сутектің массалық үлестері бойынша оның молекулалық формуласын анықтау;
көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы немесе оның жану өнімдерінің массасы, көлемі, зат
мөлшері бойынша молекулалық формуласын анықтау;
көмірсутектер арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асыратын химиялық реакция
теңдеулері бойынша өнімнің массасын, көлемін есептеу;
табиғи газдың жануы, этанның дегидрленуі, ацетиленнің гидрлену реакцияларындағы газдардың
көлемдік қатынастарын есептеу;
№ 2 көрсетілімдер:
«Қаныққан көмірсутектер мен олардың алкилдік радикалдарының гомологтық қатары» кестесі;
метан, этилен, ацетиленнің жануы;
каучук, резина, эбонит үлгілерімен танысу;
парафиннің оттектің жеткілікті және жеткіліксіз мөлшерінде балқуы және жануы;
қыздырғанда каучуктың айырылуы, айырылу өнімдерінен қанықпаған көмірсутектерді анықтау;
№ 2 лабораториялық тәжірибе (мультимедиа) «этилен, ацетилен, мұнай үлгісі мен бензолдың
калий перманганаты мен йод суына әсері»;
№ 2 практикалық жұмыс «этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу»;
№ 2 бақылау жұмысы.
21. Оттекті органикалық қосылыстар (20 сағат):
оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы;
спирттер, спирттердің құрамы мен жіктелуі, қаныққан біратомды спирттер, қаныққан біратомды
спирттердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, спирттердің изомериленуі, спирттердің физикалық
қасиеттері, алынуы, молекулааралық сутектік байланыс, спирттердің электрондық құрылысының
ерекшеліктері, спирттердің химиялық қасиеттері: спирттердің металдармен, галоген сутектермен
әрекеттесуі, молекулааралық, молекулаішілік дегидратациялану, эфирлену, тотығу мен дегидрленуі;
көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің құрылысы және
қасиеттері, көпатомды спирттерге сапалық реакция, спирттердің маңызды өкілдері, метанол мен
этанолдың физиологиялық әсері, спирттердің қолданылуы;
фенол, фенол молекуласының құрылысы, атомдар мен атомдар тобының өзара әсері, физикалық
қасиеттері, химиялық қасиеттері, фенолдың алынуы, фенолға сапалық реакция, фенол және оның
туындыларының қолданылуы;
альдегидтер, кетондар, альдегид және кетон молекулаларының құрылысы, гомологтық қатары,
изомерленуі мен номенклатурасы, карбонил тобының құрылысы, ерекшеліктері, алынуы, физикалық және
химиялық қасиеттері, қолданылуы;
формальдегид және оның гомологтарының физикалық қасиеттері, альдегидтер мен кетондардың
жеке өкілдері, альдегидтердің химиялық қасиеттерінің карбонил тобына тәуелділігі (гидрлену,
тотығуы), альдегидтердің сапалық реакциялары (күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен және мыс
(ІІ) гидроксидімен тотығуы), формальдегидтің фенолмен поликонденсациялануы;
карбон қышқылдары, карбон қышқылдарының молекуласы мен карбоксил тобының құрылысы, карбон
қышқылдарының жіктелуі, жалпы формуласы, изомерленуі мен номенклатурасы, карбон қышқылдарының
табиғатта таралуы, карбон қышқылдарының қолданылуы, карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері
және олардың молекула құрылысына тәуелділігі, карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері:
металдар, металл оксидтері, негіздер және тұздармен әрекеттесуі, көмірсутек радикалының карбон
қышқылының күшіне әсері, эфирлену реакциясы, оның жүру жағдайлары, қанықпаған карбон қышқылдары,
олардың құрылысы мен химиялық қасиеттері;
жай және күрделі эфирлер және олардың құрылысы, күрделі эфирлердің изомерленуі мен
номенклатурасы, эфирлену реакциясының қайтымдылығы, күрделі эфирлердің гидролизі;
майлар, майлардың құрамы мен құрылысы, майлардың жіктелуі мен номенклатурасы, майлардың
табиғатта таралуы, майдың биологиялық функциясы, майдың қасиеттері, сұйық майларды гидрлеу,
маргарин, тағамдағы майдың ағзадағы өзгерісі, майлар мен олардың негізіндегі тағамдардың
қоректік құндылығы, майлар гидролизі, сабындануы, сабындар және синтетикалық жуғыш заттар,
Қазақстанда сабын мен жуғыш заттарды өндіру, қоршаған ортаны синтетикалық жуғыш заттардың
әсерінен ластанудан қорғау;
көмірсулар, моносахаридтер, глюкоза, оның молекуласының құрылысы, табиғатта таралуы,
глюкозаның физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері:
бөлме температурасында және қыздырғанда глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі,
эфирлену, «Күміс айна» реакциялары, гидрленуі;
глюкозаның спирт және сүт қышқылын түзе ашуы, глюкозаның биологиялық маңызы, глюкозаның
алынуы мен қолданылуы, фруктоза – глюкоза изомері, фруктозаның табиғатта таралуы, биологиялық
маңызы, рибоза және дезоксирибоза жайлы қысқаша мәлімет;
дисахаридтер, сахароза, оның молекуласының құрылысы мен құрамы, физикалық және химиялық
қасиеттері, сахарозаның биологиялық маңызы, сахарозаның изомерлері (лактоза мен мальтоза),
сахароза гидролизі, сахарозаны табиғи шикізаттан өндірісте алу, Қазақстанда қант өндіру;
полисахаридтер, крахмал және целлюлозаның құрылысы, құрамы, биологиялық маңызы, физикалық
қасиеттері, химиялық қасиеттері, полисахаридтердің гидролизі, крахмалды сапалық анықтау,
полисахаридтердің табиғатта таралуы, полисахаридтердің қолданылуы, целлюлоза триацетаты,
тринитраты;
жасанды талшықтар туралы түсінік, целлюлозаның минералды және карбон қышқылдарымен
әрекеттесуі;
Қазақстанда қант, целлюлоза өндіру, ағаш және қағаз, оттекті органикалық қосылыстардың
биологиялық және экологиялық ролі, көмірсулардың қоректік құндылығы;
көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс;
сандық есептер:
органикалық қосылыстың жану өнімдерінің массасы, көлемі бойынша молекулалық формуласын
анықтау;
органикалық қосылыстың салыстырмалы тығыздығы бойынша немесе құрамындағы көміртек, сутек
және оттектің массалық үлестері бойынша оның молекулалық формуласын анықтау;
органикалық қосылыстардың әр түрлі кластары арасындағы генетикалық байланысты жүзеге
асыратын химиялық реакция теңдеулері арқылы өнімнің массасы мен көлемін есептеу;
реакция өнімінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымының массалық
немесе көлемдік үлесін есептеу;
көрсетілімдер № 3:
спирттер мен карбон қышқылдарының үлгілері;
спирттер мен карбон қышқылдарының суда ерігіштігі;
этиленді гидратациялау, глюкозаны спирттік ашыту арқылы этанол алу;
мыс (ІІ) оксидін қолданып, спиртті альдегидке тотықтыру, альдегидтен карбон қышқылын алу;
альдегид, құмырсқа қышқылы, глюкозаның «күміс айна» реакциясы;
майлардың қасиеті (майлардың ерігіштігі, сұйық майлардың қанықпағандық қасиеттерін
зерттеу);
сабын және синтетикалық жуғыш ұнтақ ерітінділерінің қасиетін салыстыру олардың индикаторға
әсерін зерттеу;
сірке-этил немесе сірке-изоамил эфирлерін алу;
№ 3 лабораториялық тәжірибе: «Глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі»;
№ 4 лабораториялық тәжірибе: «Сірке және фосфор қышқылдарының химиялық қасиеттерін
салыстыру. Крахмалдың коллоидтық ерітіндісін әзірлеу және оның қасиеттерін зерттеу, тамақ
өнімдеріндегі крахмалды анықтау»;
№ 3 практикалық жұмыс: «Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы
генетикалық байланыс» тақырыбына сандық және сапалық есептер шығару;
№ 4 практикалық жұмыс «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына
эксперименттік есептер шығару;
№ 3 бақылау жұмысы.
22. Азотты органикалық қосылыстар «Гетероциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары» (10
сағат):
аминдер, аминдердің құрамы мен құрылысы, амин тобы, жіктелуі, изомерленуі мен
номенклатурасы, алифатикалық аминдер, аминдерді нитроқосылыстарды тотықсыздандырып алу (Зинин
реакциясы), аминдердің сумен және қышқылдармен әрекеттесуі, аминдердің тотығуы;
анилин – ароматты аминдер өкілі, анилин молекуласының құрылысы, аминдердің физикалық
қасиеттері, аминдердің химиялық қасиеттері:
сумен, қышқылдармен әрекеттесуі, аминдердің қолданылуы;
амин қышқылдары, амин қышқылдарының құрамы мен құрылысы, амин қышқылдарының номенклатурасы
мен изомерленуі, амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиетінің екіжақтылығының себебі, амин
қышқылдарының қышқылдармен әрекеттесуі, амин қышқылдарының негіздермен әрекеттесуі, күрделі
эфирлер түзуі, амин қышқылдарының поликонденсациясы, амин қышқылдарының биологиялық маңызы, амин
қышқылдарының қолданылуы, синтетикалық талшықтар (капрон, энант және тағы басқа), табиғатта
таралуы, биологиялық маңызы;
белоктар, белоктардың құрамы, белок молекуласының құрылысы, белоктардың физикалық
қасиеттері, атомдардың пептидтік тобы, пептиттік байланыс, пептидтер, белоктардың біріншілік,
екіншілік және үшіншілік құрылымы, белоктың химиялық қасиеттері: жануы, денатурациясы,
гидролизі, белоктардың түсті реакциялары, белоктардың ағзада өзгерісі, белоктардың биологиялық
қызметі, белоктың төртіншілік құрылымы – белок және белок емес молекулалардың агрегациясы, белок
жетіспеушіліктің жаһандық проблемасы және оны шешу жолдары;
азотты гетероциклды қосылыстар туралы түсінік, пиррол, пиридин, пиримидинді және пуринді
негіздер туралы түсінік;
нуклеин қышқылдары, нуклеин қышқылдарының құрамы, нуклеотидтер құрылысының жалпы сызбасы,
ДНҚ және РНҚ биологиялық рөлі, белок синтезіндегі нуклеин қышқылдарының рөлі, гендік инженерия
және биотехнология туралы түсінік;
сандық есептер мен жаттығулар:
химиялық реакция теңдеулері бойынша экологиялық мазмұнды есептер шығару;
теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымының массалық, көлемдік үлестері;
№ 4 көрсетілімдер:
амин қышқылы ерітіндісінен функционалдық топтарды анықтау;
белокты еріту және тұнбаға түсіру, белок денатурациясы;
белоктардың (жүн немесе қауырсын) жануы;
ДНҚ, РНҚ молекулаларының модельдері;
№ 5 лабораториялық тәжірибе «Белоктың түсті реакциялары», «Мақта және жібек жіптің жануы»;
№ 4 бақылау жұмысы.
23. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар «Химия және адам денсаулығы» (6 сағат):
синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстарды алу реакциялары (полимерлеу, сополимерлену,
поликонденсация);
мономер, полимер буыны, полимерлену дәрежесі, макромолекула ұғымдары;
жоғары молекулалы қосылыстардың құрылысы, қасиеттері, қолданылуы;
пластмассалар (полиэтилен, полипропилен, полистирол, фенолформалдегид);
синтететикалық талшықтар (капрон, лавсан, кевлар), синтетикалық каучуктер (бутадиен,
хлорпрен, бутадиенстирол), Қазақстандағы полимер өндірісі;
витаминдер, дәрілер, гормондар мен ферменттер жөнінде түсініктер, тұрмыстағы химиялық
сауаттылық,
сандық есептер: органикалық заттардың қасиеттеріне арналған аралас есептер шығару;
№ 5 көрсетілімдер «Пластмасса, синтетикалық каучук және талшықтардың үлгілерімен
таныстыру»;
№ 6 лабораториялық тәжірибе «Пластмасса және талшықтарды танып білу».
|