Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет78/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132

11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      78. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

      1) 1140 - 1180 лексикалық минимумды;

      2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;

      3) туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды;


      4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік

қатынаста қолдануды;

      5) лексикалық минимум көлеміндегі сөз таптарының түрлену ерекшеліктерін;

      6) етістіктің рай, шақ түрлерін;

      7) құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін;

      8) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;

      9) мәтіннің құрылымын білуі тиіс.

      79. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

      1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіне алу; отбасы

тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет галареяларына қатысты айтылған

ақпараттарды түсіну және қолдана алу; сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын;

      2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне, Қазақстандағы мәдени

орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты мәтіндерді оқып, түсіну; мәтіндерден тура,

ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу

тілінде орынды қолдану; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен

сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын;

      3) айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті, жоспарлары жайлы

айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға

қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;

      4) жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа

мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, негізгі ойды тілдік қатынаста

басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза білу; ұсынылған тақырып көлеміндегі

мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш

құралдарды таба алу, оларды өзара салыстыру, өзінің жазған мәтінінде қолдана алу дағдыларын;

      5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұхбаттаса алу; күнделікті қарым-қатынаста

диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс,

саяхат, т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөз мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану; тілдік

жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдалана алу; таныс жағдайларға байланысты нақты

берілген конструкцияларды пайдаланып, ой бөлісе алу; пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе

алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

      80. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:

      1) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан

басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен

қарауынан;

      2) туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясының, мемлекеттік рәміздерінің құндылықтық мәнін

тани алуынан;

      4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай

білуінен;

      5) салауатты өмір салтын сақтауынан;

      6) қоршаған ортадағы табиғатқа: жан-жануарларға, өсімдіктерге ізгілікті қарым-қатынас

жасауынан;

      7) рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы тиіс.

      81. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

      1) нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне алуынан;

      2) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

      3) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;

      4) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және

оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;

      5) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;

      6) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;

      7) ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жаза алуынан, онда

бейнелеуіш құралдарды орынды қолдана алу дағдыларынан;

      8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;



      9) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;

      10) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;

      11) белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;

      12) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін

білдіруінен;

      13) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;

      14) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды

пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 cәуірдегі    

№ 115 бұйрығына       

52-қосымша         

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін

«Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілді емес) 1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленді.

стандартына

      2. Бағдарлама «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оқушыларды

қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды

көздейді.

      3. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалардың жүйелі, ықшамдалып берілуі және

әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк

ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талдануы қарастырылды.

      4. Бағдарламаны құрастыру барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға

ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі,

білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.

      5. Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой

қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен

салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті мен қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса

мән беріледі.

      6. Пәнді оқыту мақсаты:

      қазақ әдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық,

мазмұндық мақсатын саралай білетін және қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрін, әдебиеті мен

мәдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.

      7. Пәнді оқыту міндеттері:

      1) әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

      2) қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін

қалыптастыру;

      3) көркем әдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін меңгерту және

рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

      4) оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық,

жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

      5) әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып,

көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

      6) қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін еркін орындау, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән

бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу.

      8. Қазақ әдебиеті танымдық, тәрбиелiк қызмет атқаратындықтан, бағдарламада көрсетiлген



әдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас

құрамдас бөлiгі болып табылады. Қазақ әдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың

үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.

      9. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге

ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:

      1) «Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді,

архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға

сәйкестігін, құрылымын қарастырады;

      2) «Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста

болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне

жол ашады;

      3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану

пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;

      4) «Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің

қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік

береді.


      10. Оқу жүктемесінің көлемі:

      1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

      5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

      2) оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

      5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

2.Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

      11. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық

жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат

бөлінген.

      12. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

      1) «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты.

Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті.

      13. «Халық ауыз әдебиеті»(13 сағат):

      1) «Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және

Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен сүйіспеншілік,

еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: «Мен өз

халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпқа шағын эссе жазу. Пәнаралық

байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Төрт түлік – қазақтың асыл қазынасы» деген

тақырыпта ойтолғау;

      2) «Мақал-мәтелдер» (2 сағат). Олардың ерекшеліктері. Онда қазақ халқының

тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер.

Әдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл дамыту: мақал-мәтел айтудан сайыс өткізу. Пәнаралық

байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мәтелдер қолданылған

үзінділерді тауып, ондағы автордың ойын түсіндіру;

      3) «Жұмбақтар» (2 сағат). Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін

ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту.

Мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік



ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;

      4) «Ертегілер. «Қаңбақ шал», «Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық» ертегілері» (4

сағат). Ертегінің ұлттық, жанрлық ерекшелігі, түрлері. Ертегілерден көрінетін халықтың

арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңуі. Халықтың арман-қиялы. Әдебиет

теориясы: дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері»

кітабы;

      5) «Аңыз әңгімелер. «Қожанасырдың тойға баруы», «Алдаркөсе мен қу жауырын», «Сұратқан хан



ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» (2 сағат). Қожанасырдың тапқырлығы. Шешен сөзі. Ұтқыр жауабы.

Аңыз әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік сөз

үлгілерін мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, кино («Алдаркөсе» фильмі).

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы».

      14. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (3 сағат):

      1) «Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» әңгімесі» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығына шолу.

«Әке мен бала» әңгімесіндегі адамгершілік тақырыбы, еңбекке үндеу, жақсы мінезге баулу мәселесі.

Әдебиет теориясы: сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Тіл дамыту: рөлге бөліп оқу. Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин. «Бақша ағаштары» әңгімесі;

      2) «Абай Құнанбайұлы. «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері» (2 сағат). Абайдың өмірі мен

шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі.

«Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жан-жануарға, айналаға әсері туралы. Әдебиет теориясы: пейзаж

туралы түсінік. Тіл дамыту: «Қыс» өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақкиімді, үсті-басы ақ қырау,

аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолданып, ауызша әңгімелеу. Эпитет, кейіптеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық («Дара Абай – дана Абай»

телесабағы).

      15. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (9 сағат):

      1) «Ахмет Байтұрсынұлы. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын,

тіл және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі арқылы

балаларды оқу-білімге, еңбекке үндеуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.

Жұмабаев. «Балалық шақ» өлеңі;

      2) «Міржақып Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен

шығармашылығы туралы. Өлеңдегі ананың балаға деген махаббаты, баланың ананы қадірлеуі. Әдебиет

теориясы: эпитет. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, өз аналары туралы әңгімелеу. Пәнаралық

байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынұлы. «Анаға хат» өлеңі;

      3) «Мағжан Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен

шығармашылығы туралы. «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі. Халықтың

тағдырын, елдің ертеңін жастарға аманат етуі. Әдебиет теориясы: лирика жанры. Пәнаралық

байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Тез барам» өлеңі;

      4) «Бауыржан Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» («Ұшқан ұя» кітабынан үзінді)» (2

сағат). Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы. Қарлығаштың адамзатқа ізгілікті

қарым-қатынасы, оның ерлігі. Қарлығаштың қасиеті, жыланның әрекетін суреттеуі. Әдебиет теориясы:

әңгіме жанры. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, тақырыпқа сәйкес ой бөлісу. Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі, электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел есінде»). Өзіндік ізденіс жұмыстары:

Б.Момышұлы. «Моя семья» повесі (үзінді оқу);

      5) «Мұқағали Мақатаев. «Үш бақытым» өлеңі» (1 сағат). Ақынның шығармашылық өмірі туралы.

Ақынның халыққа, тілге, Отанға деген перзенттік сезімі. Өлеңдегі азаматтық рух, мақтаныш сезімі.

Әдебиет теориясы: өлең ырғағы туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары:

М.Мақатаев. «Қара өлең»;

      6) «Төлеген Айбергенов. «Көктем әуендері» өлеңі» (1 сағат). Ақынның жыл мезгілдерін

суреттеуі, көктемнің айналаға әсері. Ақынның тілі, ой-өрнегі туралы. Әдебиет теориясы: ұйқас

түрі. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері. Өзіндік

ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Көктем» өлеңі;

      7) «Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді» (2 сағат). Шығарманың

кейіпкері Қожа қиялшыл, сезімтал, зейінді бала. Бала табиғатына тән мінездердің көрінуі. Әдебиет



теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: «Менің атым –

Қожа» фильмінен үзінді көру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі

(«Қазақ солдаты» романынан үзінді).

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      16. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық

жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған шығармалар туралы әңгімелеуге 4

сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

      17. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

      1) «Кіріспе» (1 сағат). Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны. Әдебиеттің өнердің басқа

түрлерімен (музыка, бейнелеу, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту

(мазмұны мен құрылымы туралы).

      18. «Халық ауыз әдебиеті» (9 сағат):

      1) «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ауыз әдебиетінің түрлері: ертегілер,

мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз әңгімелер. Ертегі туралы. Мақал-мәтелдердің тақырыптары.

Жұмбақтардың түрлері;

      2) «Ертегілер» (1 сағат). Қиял-ғажайып ертегілері. Олардың өзіндік ерекшеліктері туралы.

Әдебиет теориясы: баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері»

кітабы;


      3) «Алтын сақа» ертегісі (1 сағат). Ертегінің кейіпкерлері және олардың іс-әрекеттері

туралы. Тіл дамыту: түсініп оқып, мазмұндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Халық ертегілері;

      4) «Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз)» (1 сағат). Әдеби ертегілердің халық

ертегілерінен айырмашылығы. Толағайдың ерен іс-әрекеті. Шығарманың отансүйгіштік мәні. Тіл

дамыту: түсініп оқып, әңгімелеу, негізгі ойтүйіні бойынша сұрақтар құрастыру білу. Пәнаралық

байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ө.Тұрманжанов. «Құмырсқалар, аралар –

қиыспас дос құдалар»;

      5) «Мақал-мәтелдер» (1 сағат). Мақал-мәтелдер – халық даналығы. Мақал-мәтелдің мағыналары.

Адамгершілік, туған жер тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

      6) «Жұмбақтар» (1 сағат). Жұмбақтардағы ой қисыны, олардың тапқырлыққа, ой ұшқырлығына

тәрбиелейтін ерекшелігі. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа

айту. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал,

жүз бір жұмбақ» жинағы;

      7) «Аңыз әңгімелер» (2 сағат). «Жиренше мен хан», әл-Фараби туралы аңыздар. Аңыз

әңгімелердің тарихта болған адамның іс-әрекетіне байланысты туындауы. Әдебиет теориясы:

астарлау. Тіл дамыту: аңыз әңгімелерден үзінділер жаттау. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жиренше

шешен мен Қарашаш сұлу;

      8) «Айтыс» (1 сағат). Айтыс туралы түсінік. Айтыстың даму ерекшеліктері. Айтыстың түрлері,

айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Драмалық жанрмен ұқсастығы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу,

сұрақтар дайындау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: жұмбақ айтысы.

      19. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (3 сағат):

      1) «Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы. Түркі

халықтарына ортақ құндылықтарға шолу. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулардың сыры. Тіл дамыту:

талдау, ой бөлісу, көне сөздермен жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты

туралы мәлімет). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Күлтегін жыры;

      2) «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» (1 сағат). Аңызға айналған Қорқыттың бейнесі. Қорқыт

айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастығы. Тіл

дамыту: мақал-мәтелдерді жатқа айту, мазмұнын қарасөзбен айту. Пәнаралық байланыс: музыка

(Қорқыт күйлері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қорқыт ата кітабы;

      3) «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр» (1 сағат). Жырдың тарихы. Ерлік істері. Тіл дамыту:

жырды мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры.



      20. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (2 сағат):

      1) «Шоқан Уәлиханов. «Ғылымға бастаған жол» (1 сағат). Ұлы ғалым туралы мәлімет, өмірбаяны

мен балалық шағы, достарының берген бағасы. Әңгіме туралы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу,

диалог құру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Шоқан Уәлиханов» фильмі). Өзіндік

ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді);

      2) «Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» (1 сағат). Өлеңнің

тағылымдық-тәрбиелік мәні. Жастарды өнер-білім, ғылым үйренуге шақыру. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу,

ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Әсемпаз болма әр неге»

өлеңі.

      21. «ХХ ғасыр әдебиеті» (10 сағат):



      1) «Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі» (1 сағат). Шәкәрім – Абайдың рухани

ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Ақын, ұлы гуманист. Адамгершілік идеялары.

Бақыттың сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы ерекшелік. Тіл

дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы

пікірлесу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары:

мұғалімнің ұсынуы бойынша;

      2) «Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі,

шығармашылығы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы:

мысал туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті;

      3) «Жамбыл Жабаев. «Алатау» өлеңі» (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Алатаудың

көрінісі, суреті. Көркемдік ерекшелігі. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс:

орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбыл. «Абайдың суретіне»;

      4) «Сәкен Сейфуллин. «Дала» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Дала

келбетінің өлеңде көрініс табуы. Өлеңдегі көтеріңкі көңілкүй, жаңарған тіршілік;

      5) «Ілияс Жансүгіров. «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)» (1 сағат). Ақынның өмірі

мен шығармашылығына шолу. Көкшетаудың сұлу табиғаты туралы, туған жерге деген сүйіспеншілік.

Оқжетпес суреттері. Тіл бейнелілігі. Тіл дамыту: өлеңді нақышына келтіріп оқу. Пәнаралық

байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Біздің жақта»

өлеңі;

      6) «Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді)» (1 сағат). Болашақ ұлы ғалымның



өмірге, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқан мен мүсінші

Мысықтың достығы. Тіл дамыту: әңгімені мазмұндау, сценарий құрып, рөлдерге бөліп оқу. Өзіндік

ізденіс жұмыстары: «Қырдың жас түлегі»;

      7) «Мұхтар Әуезов. «Әжемнің әңгімесі» («Абай жолы» романынан үзінді)» (1 сағат). Жазушының

өмірі мен шығармашылығына шолу. Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Әже мейірімі.

Тіл дамыту: әңгімені оқып, өз сөзімен әңгімелеу, шығарманың идеясын ашу. Пәнаралық байланыс:

орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Оқудан қайтқанда» (романның 1-кітабынан

үзінді);


      8) «Сәбит Мұқанов. «Каронмен күрес» («Балуан Шолақ» повесінен үзінді)» (1 сағат).

Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Балуан Шолақтың дүниежүзінің чемпионы, ағылшын балуаны

«Қара масканы» жеңуі. Балуан Шолаққа тән жүректілік, қажырлылық. Үзіндіде берілген күресу

тәсілдері туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеп айту. Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Нұрмағанбеттің Балуан атануы (повестен үзінді);

      9) «Ғабит Мүсірепов. «Тимка-Димка» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.

Әңгімеде суреттелген қарапайымдылық пен қайырымдылық. Тіл дамыту: әңгімені оқу, түсінгендерін өз

сөзімен әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Аңға шыққанда»

(«Ұлпан» повесінен үзінді);

      10) «Сырбай Мәуленов. «Менің Республикам», «Мен елімді сүйемін» өлеңдері» (1 сағат).

Ақынның Қазақстан жеріне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу,

жаттап алу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Наурыз», «Жаңбыр» өлеңдері.

      22. Қорытындылау (1 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет