Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет77/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      51. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту

ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат

бөлінген.

      52. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

      53. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/24 сағат. «Отбасы сыйластығы» – 12/10 сағат:

      1) тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз етіс, ортақ етіс,

бұйрық рай. Сын есімдер. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

      оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

      айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

      жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет,

ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы

мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу. 

      54. «Мен ата-анама көмектесемін» – 10/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: құрамалас сабақтас салалас сөйлемдер. Етістер. Есімше. Құрмалас сөйлемдер

интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;

      айтылым: монологтік сөйлеу: жасаған ісі, істейтін ісі, күнделікті ісі, ертеңгі істейтін

ісі және т.б. туралы айту;

      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Ата-аналарына көмектескені туралы достарымен

пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әртүрлі ұлт өкілі отбасында балалары әке-шешесіне

қалай көмектесетіні туралы әңгімелер айту.

      55. «Асханада тамақ ішемін» – 10/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика: тақырып

көлеміндегі лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты

мәтіндерді оқу;

      айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;

      жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу.

Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы



әңгімелесу.

      56. Әлеуметтік-мәдени ая – 46/30 сағат. «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» – 16/10

сағат:

      1) тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық



бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

      айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;

      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.

Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы

әңгімелесу.

      57. «Қазақстан балалар жазушылары» – 16/10 сағат:

      1) тілдік бөлім: тұйық етістік. Жалқы есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

      айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;

      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.

Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары туралы достарымен пікірлесу;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.

      58. «Шарын» шатқалына бардың ба?» – 14/10 сағат:

      1) тілдік бөлім: туынды зат есімдер. Бұйрық рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

      айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;

      жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.

Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.

      59. Оқу-еңбек аясы – 24/14 сағат. «Уақытты жоспарлап үйренейік» – 12/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: біріккен сөздер. Модаль сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

      айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту;

      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен

пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ халқының мақал

-мәтелдері.

      60. «@-поштада қазақша сөйлесейік» – 12/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып көлеміндегі

лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;



      айтылым: монологтік сөйлеу: е-поштамен не істегенін, әдетте не істейтінін айту, баяндау;

      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің е- поштасы туралы достарымен

пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тілдік қарым-қатынасқа қатысты қазақ халқының

мақал-мәтелдері.



6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      61. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту

ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат

бөлінген.

      62. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

      63. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16/11 сағат:

      1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі

ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді

түсіну және қолдану;

      оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты,

сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

      айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз

ойын айту.

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін

мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;

      тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып,

пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.

      64. «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 16/11 сағат:

      1) тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі

лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

      оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

      айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып

әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

      тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне

таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.

      65. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» – 16/11 сағат:

      1) тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді

түсіну және қолдану;

      оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

      айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс

жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін

мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

      тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.

      66. «Мұражайға саяхат» – 16/11 сағат:


      1) тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну

және қолдану;

      оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

      айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне

таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді

қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

      тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке

қатысу;


      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.

      67. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 16/10 сағат:

      1) тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық

бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді

түсіну және қолдану;

      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

      айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;

      тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар

жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама

туралы әңгімелесу.

      68. Оқу-еңбек аясы – 22/14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар

тапсырамын?» – 11/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа

қатысты тілдік бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс

жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;

      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен

сөйлемдердің мағынасын ұғу;

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем

жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

      тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме,

диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын

тілдер туралы әңгімелесу.

      69. «Менің арман мектебім» – 12/7 сағат:

      1) тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;

      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен

сөйлемдердің мағынасын ұғу;

      айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс

жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.

      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша

мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.

      тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ.

Диалог-мәлімет;



      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой

алмасады.



7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      70. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:

      1) 600-620 лексикалық минимумды;

      2) сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды;

      3) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;

      4) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу

ерекшеліктерін;

      5) етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды;

      6) жай сөйлем құру тәсілдерін;

      7) мәтіндегі сөздердің өзара байланысын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;

      8) сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс.

      71. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

      1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған

сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен жайы туралы, оқуы жайлы айтылған

сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;

      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша

күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті

сөзді оқып түсіну; мәтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ

тіліндегі өлеңдерді жаттау дағдыларын;

      3) айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа

адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы

білдіру дағдыларын;

      4) жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу; мәтіні оңай

хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;

      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу;

күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу

үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын

меңгеруі тиіс.



8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      72. Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:

      1) 720-740 лексикалық бірлікті;

      2) ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын;

      3) сөздің бір және көп мағыналы болатындығын;

      4) лексикалық минимумға кіретін қос сөздер, біріккен сөздердің жасалу жолдарын;

      5) тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық бірліктер аясында)

сөзжасамдық ерекшеліктерін;

      6) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;

      7) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын;

      8) етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін қолданатын жағдайларды;

      9) жай сөйлем құру тәсілдерін;

      10) сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді;

      11) мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын;

      12) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық тұрғыда қолдану

жолдарын білуі тиіс.

      73. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

      1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған



сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері,

тұратын жері, қызығушылығы, оқуы, сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың

дұрыс, бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы туралы, мектеп

өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған хабарландырудағы

ақпараттарды түсіну дағдыларын;

      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша

күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын,

фонетикалық және орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып

көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша

суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай алу дағдыларын;

      3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа

адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы

көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері, Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б.

туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;

      4) жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге

жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы,

досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға

сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;

      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу;

күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу

үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу,

қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу дағдыларын меңгеруі тиіс.



9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      74. Пәндік нәтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:

      1) 860-880 лексикалық минимумды;

      2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын;

      3) туынды және күрделі сөздердің жасалуын;

      4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;

      5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;

      6) етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата;

      7) жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін;

      8) мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;

      9) тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс.

      75. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

      1) тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына

байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім,

өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа

хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты

айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсіну

дағдыларын;

      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша

күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу,

таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып

көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен берілген

қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу дағдыларын;

      3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа

адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өзінің қазақ тілін үйренуі,

денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта

бойынша шағын мәтін құрастыру; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы

хабарлама жасау; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелеу; оқыған

мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;


      4) жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу; жеке басы,

отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы

хабарландыру жазу, оларды сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу;

оқыған мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазу; тірек

сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жаза алу дағдыларын;

      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе білу;

күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені

бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып

(мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге

бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды пайдалану; жағдаятқа сай келісім білдіру,

алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.

10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      76. Пәндік нәтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:

      1) 990-1020 лексикалық минимумды;

      2) сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;

      3) туынды және қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөздердің ерекшеліктерін;

      4) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін;

      5) лексикалық минимум көлеміндегі етістіктердің түрлену ерекшеліктерін;

      6) етістіктің болымды, болымсыз түрлерін;

      7) жай және құрмалас сөйлем құраудың тәсілдерін;

      8) тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді ажырата білуі тиіс.

      77. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:

      1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіну; мектепке, жазғы

демалысқа, тамақтануға, Қазақстанның қалалары мен табиғатына, т.б. қатысты тақырыптар бойынша

берілген ақпараттарды түсіну және қолдана алу; сөйлеушілердің анық және асықпай айтқан ойларын,

пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын;

      2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен мектеп, қоғам өміріне байланысты

мәтіндерді дұрыс оқып түсіну; отбасындағы сыйластыққа, жазушылардың шығармашылығына,

Қазақстанның тарихы мен бүгініне қатысты, электрондық байланыстар жүйесін пайдалануға байланысты

мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба

алу, оларды қарапайым жағдаяттарда өз сөздерінде орынды қолдану; болған жағдайға байланысты,

сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғына алу;

      3) айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті, жоспарлары жайлы

айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға

қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;

      4) жазылым: өзара байланысты әрі өзіне қызықты, қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа

мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажырата алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға

жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза алу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер

бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын;

      5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алу; күнделікті қарым-қатынаста

диалог, монологті берілген тақырып аясында өз бетінше құра алу; тосын сұхбаттарға (отбасы,

хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтап

қолдану, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет