Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет164/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

«
Шетел тілі» оқу пәні 
11-
сыныптарда шетел тілін оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды 
жастар туризмі, мектептің білім беру саласындағы мәдениетаралық қарым-
қатынасқа дайындауда, білім саласында өзіндік білімін көтеруде, Қазақстан 
Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениетімен, тұрмыс-
тіршіліктерінің ерекшелігімен, Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан 
үлесімен танысуда, мәдени сұхбат жасауда шетел тілін қарым-қатынас құралы 
ретінде қолдану қабілетін және дайындығын дамытудан тұрады. 
Шетел тілін меңгеру заманауи коммуникативтік әдістер көмегімен білім 
алушылардың интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау және басқа 
адамдармен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы коммуникатор болуына 
мүмкіндік береді. Шетел тілін білетін жақсы коммуникативті дағдылары бар 
білім алушылар Қазақстан елінің дамуына өз үлестерін қосады. 
Қазіргі әлемдегі жаппай жаһандық коммуникация кезеңінде шетел тілінде 
қарым-қатынас жасай білу біліктілігі үлкен мәнге ие. Білім алушылар шетел 
тілінде оқи білулері, жаза алулары және шетел тілінде өзінің қатарластарымен 
және мұғалімдерімен түсінісіп, жоғары деңгейде қарым-қатынас жасай алулары 
керек. Шетел тілі коммуникация, ғылым, бизнес, саяхат, спорт салаларында 
және бос уақытта жиі қолданылады. Білім алушының шетел тілін жақсы 
меңгергені оның білім, экономика, әлеуметтік және мәдени тұрғыда дамуына 
зор мүмкіндік береді. 
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәніндегі дағдылар 
деңгейі тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (CEFR) сәйкес келеді. 
Шетел тілін оқыту тәрбие, таным және басқа ұлттар мәдениетімен және 
оны тасымалдаушылармен өзара әрекет ету құралы ретінде болашақта бәсекеге 
қабілетті маман даярлау үшін білім алушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамытуға, шетел тілін меңгеру дағдыларын одан әрі дамытуға 
бағытталған. Шет тілінде ауызша, жазбаша нәтижелі коммуникацияға 
қабілеттілік функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі ретінде негізгі 
құзыреттіліктердің біріне жатады. Бұл орта мектептің жоғары сыныптарында 
шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері болып табылады. 
Орта мектепті аяқтау кезеңінде шетел тілінде білім берудің негізгі 
айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып 
табылуында. Белгілі бір бейіндік бағыт оқыту мазмұнын қайта құрылымдау
яғни жалпы білім беру тақырыбын қысқарту және білім алушылардың болашақ 
мамандығына бағдарланған аутентті оқу материалын енгізу, бейіндік бағыттағы 
мәтіндік материал негізінде сөздік қорын байыту арқылы коммуникативтік 
құзыреттілікті жетілдіру есебінен қол жеткізіледі. 
Жоғары сыныптарда "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру 


272 
бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады. Бұл деңгейде қазіргі әлемде және 
Қазақстанда шетел тілін білудің маңыздылығы мен қажеттілігін, болашақ 
мансабында кәсіби даму үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын түсінуді 
қалыптастыру қажет. 
Шетел тілі сабақтарындағы аутентті материалдарды пайдалану - жас 
ерекшеліктері мен жоғары сынып білім алушыларының тұлғалық мүддесіне 
жауап беруі, кәсіптік бағдар элементтерімен, таңдалған мамандық 
ерекшеліктерімен және болашақ мамандықты меңгерудегі шетел тілінің 
рөлімен танысуды, ғылыми-техникалық және мәдени прогреске тартуды
таңдаған бейіндік бағыт саласындағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз 
етуі тиіс. 
Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір 
продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сонымен қатар әрі 
қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіби бағдарлы базаны 
жалғастырып оқуға мүмкіндік беретін сөйлеу қызметінің барлық түрінде 
білімін, шеберлігі мен дағдысын арттыруға бағытталған болуы керек. 
Оқытудың мазмұнын және оқытудың шығармашылық-креативті деңгейін 
арттыруға қабілетті білім беру технологиялары жалпыеуропалық стандартқа 
сәйкес шет тілін В1+ (В2) деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс. Білім 
алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын меңгеруі, әңгімелесу барысында 
тілдік материалды пайдалануы, белгілі бір тақырыптар шеңберінде 
коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі 
монологиялық және диалогтік сөздерді оқуы, түсінуі және ой қорытуы тиіс.
Шетел тілі бойынша сағат саны: 
қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 
11-
сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты; 
жаратылыстану-математикалық бағытта: 
11-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, білім алушы дәптерін 
жүргізуге қойылатын негізгі талаптарға және дәптерлерді тексеруге 
қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет