Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Критериалды бағалау құралдары



Pdf көрінісі
бет18/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   244
Критериалды бағалау құралдары 
Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір оқу нәтижелеріне қол жеткізу 
үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін 
оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.
Негативті баға білім алушының ынтасына,
жауапкершілігіне, 
табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық 
сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Білім 
алушының оқу жетістіктеріне қатысты өзінің эмоционалдық қатынасын, 
уайымын көрсету қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», 
«сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» 
(болжам, жорамал), «Қандай тамаша идея, оқулықтың авторы бұл туралы әлі 
ойламаған», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді 
орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі 
жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы 
міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер». 
Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін: 

білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол 
жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн; 

білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін 
мақтаңыз; 

оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді айтыңыз. 
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды
содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта 
пайымдауды үйренуі керек. 
Мұғалім білім алушыларға 
өзара әрекеттестік
тің, конструктивті қарым-
қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек. 
Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі 
жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім 
алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. 
Айдарлар үлгілерін мұғалім қалыптастырушы бағалау бойынша кері 
байланыс беру үшін оқытудың барлық мақсаттарымен құрастыра алады. 
Білім алушылар мен ата-аналарды барлық оқу кезеңінде оқушылардың 
оқу жетістіктерінің деңгейі туралы түсінуді қамтамасыз ету маңызды, бұл 


25 
толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған 
айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын 
меңгерудегі бағалау сипаттамаларының, жетістіктері мен проблемаларының 
барлық спектрін қамтиды.
Қалыптастырушы
бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы 
жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан 
әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және 
педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе 
ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі. 
Бақылау

қалыптастырушы бағалау түрінің 
ажырамас бөлігі болып 
табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. 
Формальды емес бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ 
жүреді. Формальды бақылау - мұғалім қандай да бір дағдылардың қаншалықты 
дамығанын көруге мақсат қояды. 
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім пайдалана отырып, өз 
қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және 
дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн. 
3-
кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының 
деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде 
бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған. 
3-
кесте.
Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет