Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері



Pdf көрінісі
бет21/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244
 
1.2 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері 
Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы 
ақпарат алған кезде тұрақты кері байланысты болжайды. Бұл ретте мұғалім 
білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін дербес анықтайды. 
Тіпті аралық жұмыстың қанағаттанғысыз нәтижелері білім алушылардың 
нәтижелерін жақсарту үшін ұсынымдық сипатта болуы тиіс. 
1.2.1 Мұғалім тоқсан бойы өткізілетін бағалауды алдын ала жоспарлауы 
және бағалау үшін оқытудың нақты нәтижелерінің (оқу мақсатының) тізбесін 
анықтауы тиіс. 
1.2.2 Қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізу қорытындылары бойынша 
балл қою білім алушылар үшін түсінікті болуы және оқу уәждемесін арттыруға 
ықпал етуі тиіс. 
1.2.
3 Қалыптастырушы бағалауды қолдану оқушылардың жұмысын 


28 
тексеру нәтижелері бойынша мұғалім сабақтағы жұмыстың мазмұны мен 
дұрыстығы туралы жазбаша немесе ауызша пікірлер қолданатынын білдіреді. 
Сабақта білім алушыларды кері байланыспен қамту және саны бойынша 
нормалар жоқ. Мұғалім кері байланысты берудің формасын, мазмұнын және 
жиілігін дербес анықтайды. 
1.2.4 Білім алушылардың үй тапсырмасын мұғалім жазбаша түрде 
(дәптерде және/немесе күнделікде) немесе ауызша тексереді және түсіндіреді. 
1.2.5 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ барысында өткізіледі 
және басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді. 
1.2.6 Білім алушының орындалған жұмысының нәтижесі немесе 
түсініктемесі дәптерге мұғалімнің таңдауына кез келген түсті қаламмен 
қойылады. 
1.2.7 Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау қорытындысы 
бойынша: а) жеке алынған білім алушы деңгейінде; ә) сынып/параллель 
деңгейінде алынған мәліметтерді талдайды. 
Қалыптастырушы
бағалау 
қорытындысы білім алушылармен талқыланады. 
1.2.8 Мұғалім білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін 
бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды. 
1.2.9 
Мұғалім білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелерін балл 
түрінде журналға (қағаз/электрондық) қояды, балдарды ауыстыру шкаласы 
бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады. 
1.2.10 
Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық 
бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді. 
1.2.11 
Бір тоқсанда үш және одан да көп бөлімдер (ортақ тақырыптар) 
оқылған жағдайда, мұғалім өздігінен оқу мақсаттарының саны мен 
тақырыптарының 
ерекшелігін 
ескере 
отырып, 
бөлімдерді 
(ортақ 
тақырыптарды) біріктіреді.
1.2.13 
Бір бөлімді (ортақ тақырыптарды) оқыған жағдайда ТБЖ-ның 
ширегінде тоқсанның екінші жартысында бір рет, тоқсанның соңына дейін 
кемінде екі апта бұрын өткізіледі. ТБЖ-ны екі бөлікке бөлуге және екі ТБЖ 
түрінде жүргізуге жол беріледі. 
1.2.14 
БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер сыныптағы білім 
алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен құрастырады. Басты 
талап - пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкестігі. Үлгі үшін 
ұсынылған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын пайдалануға жол берілмейді. 
1.2.15 
Жылдық жиынтық бағалау немесе оқу жылының қорытындысы 
бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді. 
1.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау 
Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 
жеке жоспарды қолдана алады, дифференциалды және/немесе жеке 
тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне 
(қалыптастырушы және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады. 
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерге жүгінуге 
болады:


29 
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік 
қағидалары (2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген). 
2. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 
маусымдағы № 272 бұйрығы.
3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 
бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016 
4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешен 
http://smk.edu.kz
 
5. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтының «Білім беруді ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету. Әдістемелік құрал» бөлімінен табуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет