208
жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық
бақылаудың ауызша
түрлеріне берілуі тиіс.
Білім алушылар ақпарат немесе хабарлама беру кезінде грамматикалық
құрылымдар мен шақ формаларын дұрыс пайдаланбауы мүмкін. Егер білім
алушы ӛз білімін кӛрсете алатын болса, олардың тілдік қателіктері бағаға әсер
ете алмайды, бірақ жіберілген қателіктерді ескеріп
оларды қарапайым тілмен
білім алушыларға түсіндіру қажет.
Шетел тілін оқытуда үй тапсырмаларының әр түрлі: ауызша, жазбаша,
міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас,
шығармашылық
түрлерін кезектестіру және үйлестіру ұсынылады. Шығармашылық сипаттағы
үй тапсырмалары білім алушылардың қалауы бойынша ғана берілуі мүмкін,
берілген жағдайда келесі сабаққа емес, алдын ала бірнеше сабақ бұрын.
Үй тапсырмалары
тек сипаты бойынша ғана емес, сонымен қатар
жоспарланған қызметі бойынша да әр түрлі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: