Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру, білім алушылардың



Pdf көрінісі
бет139/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

геометриялық-графикалық модельдеу әдістерін меңгеру, білім алушылардың 
жобалау шығармашылық қызметін, олардың графикалық мәдениетін 
қалыптастыру және дамыту. 
Олар сондай-ақ «Графика және жобалау» пәнінің оқу бағдарламасын, 
оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу негізіне алынды. 
Оқу бағдарламасын құрастыру кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудың 
логикасын анықтайтын графикалық іс-әрекеттің негізгі тәсілдері кӛрсетілген. 
Олар: 
- бейнелерді репродукциялау (сурет масштабын ӛзгерту); 
- бейнелерді қайта құру (ішінара бейнелер бойынша объектінің бейнесін 
қалпына келтіру); 
- суреттерді түрлендіру (проекциялау әдістерін ӛзгертумен);
- бейнелердің түрі мен құрамын ӛзгерту (бейнелерді ауыстыру);
- заттарды бейнелер бойынша түрлендіру (пішіні мен кеңістіктік 
орналасуын ӛзгерту); 
- графикалық модельдеу (графикалық құрастыру, жобалау). 
Графикалық іс-әрекеттің белгіленген негізгі (ӛзекті) тәсілдері оқу 
барысында оларға бірнеше рет қолдануға және оқу бағдарламасын спираль 
тәрізді құру принципін қолдануға мүмкіндік береді. 
Графикалық білім мазмұнын жаңартумен қатар білім алушылардың нақты 


241 
қол жеткізген нәтижелерін күтілетін оқу нәтижелерімен салыстыру мақсатында 
«Графика және жобалау» пәні бойынша білім алушылардың жетістіктерін 
бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін 
осындай бағалауда әртүрлі бейнелерді қолдану және түрлендіру бойынша 
графикалық қызметтің барлық түрлерінің нәтижелілігі, сондай-ақ олардың жеке 
қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктерінің кӛрінісі ескерілуі керек.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау әртүрлі 
жағдайларда бейнелерді түрлендіру бойынша графикалық іс-әрекеттің негізгі 
тәсілдерін меңгеру деңгейін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мұғалім оқу 
қызметінің негізгі нәтижелерін ескере отырып, білім алушыға қолдау кӛрсету 
үшін бағалау критерийлері мен оқу тапсырмаларын дербес әзірлей алады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу құзыреттілікті 
қалыптастыру үшін арнайы әзірленген тапсырмалар жүйесінің (жобалық 
қызмет элементтері бар шығармашылық графикалық есептер) кӛмегімен жүзеге 
асырылуы тиіс. 
«Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. 
Жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «Графика және жобалау» пәні 
бойынша «есептелді» («есептелінген жоқ») қойылады. 
«Графика және жобалау» оқу пәнінің білім беру бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша негізгі әдістемелік талаптар:
- білім алушылардың қолданбалы, шығармашылық графикалық есептерді 
шешу үшін суреттер теориясы бойынша білімді меңгеру беріктігі; 
- бейнелік (кеңістіктік), логикалық, абстрактілі және шығармашылық 
ойлауды дамыту үшін графикалық есептердің әртүрлі жоспарлы жүйелерін 
қолдану; 
- білім алушылардың зияткерлік қызметін белсендіру үшін әртүрлі 
графикалық іс-әрекет түрлерін кезектестіру (қабылдау, салыстыру, қайта құру 
және бейнелерді түрлендіру); 
- білім алушылардың кеңістіктік ойлауын дамытудың белсенді құралы 
ретінде графикалық модельдеу, ойша эксперименттеу әдісін сабақта үнемі 
қолдану; 
- білім 
алушылардың 
жобалау-зерттеу 
қызметінде 
графикалық 
бағдарламалық құралдарды кеңінен қолдану. 
10-11-сыныптарда «Графика және жобалау» жаңа оқу пәнінің енгізілуімен 
білім алушылардың жалпы графикалық дайындық деңгейіне және білімділігіне 
ғана емес, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға жоғары 
талаптар қойылады.
«Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. 
«Графика және жобалау» пәні бойынша жарты жылдықтың және оқу 
жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 
«Графика және жобалау» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
«Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 


242 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет