368
қажеттілігі
бар
адамдар
(балалар)
үшін
қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге
асырылады
6. Мемлекет инклюзивті білім беру
мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің
барлық деңгейлерінде ерекше білім беру
қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім
алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және
әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар
жасауды қамтамасыз етеді.
7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт
білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар
үшін
үйде
немесе
тиісті
үлгілік
оқу
жоспарларына сәйкес стационарлық кӛмек
кӛрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу
және медициналық оңалту ұйымдарында тегін
жеке оқыту ұйымдастырылады.
25. Білім беру ұйымдарында білім
алушылардың заңды ӛкілдерінің мүдделерін
ескере
отырып,
білім
алуға
ерекше
қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім
беру жағдайларында оқыту (бір сыныпта білім
алуға ерекше қажеттілігі бар кемінде екі
баланың оқуына рұқсат етіледі) және (немесе)
дамудағы бұзылулардың түрлері бойынша
арнайы сыныптарды ашу кӛзделген.
Инклюзивті білім беру жағдайларында
білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар
балалар
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияның қорытындысы
және ұсынымдары бойынша үлгілік оқу немесе
жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды.
Инклюзивті білім беру жағдайларында
және (немесе) арнайы сыныптарда білім алатын
білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар
үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтар
(дефектолог олигофренопедагог, сурдопедагог,
тифлопедагог, логопед) жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: