Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет212/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

5. Мағыналық реттеу. Білім беру ортасындағы қарым-қатынастардың 
барлық түрлері белгілі бір ережелер жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады, 
оларды түсіну және орындау баланың ӛмірлік іс-әрекетінің тиімділігін едәуір 
арттырады. 
6. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену. Білім беру ортасын ұйымдастыру 
балаға оқиғалық қауымдастықты қамтамасыз етеді, оның белсенді ӛзара 
әрекеттесуін және қоршаған адамдармен қарым-қатынасын ынталандырады. 
7. Дамыту сипаты. Баланың ӛз бетінше немесе айналасындағылардың 
кӛмегімен жеңе алатын ойластырылған кедергілер жүйесінің болуын 
болжайды. 
8. Нақты және әлеуетті танымдық мүмкіндіктерді қорғау мен дамытуға 
бағдарлау. Білім беру ортасын ұйымдастыру баланы ӛзекті және жақын даму 
аймағында жұмыс істеу қажеттілігінің алдына қояды. Бұл принцип арнайы 
білім беруде маңызды болып табылады. 
Психологиялық қолайлы жағдай жасау білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар 
білім алушылардың бейімделуі үшін пәндік-практикалық қоршаған ортасын 
орнатудан басталады. Бұл ретте бала үшін психологиялық жайлылықтың 
маңызды компоненттерінің бірі оның сыныптағы оқу орны болып табылады. 
Сыныптағы оқушыларды отырғызу мәселесін шешу кезінде ұстануы қажет 
кейбір ережелер бар.
ЕБҚ бар балаларға қолайлы отырғызу орындарын ұсыну қажет: 
- оларды ынталы және жақсы үлгеруші оқушылардың жанында немесе оң 
рӛлдік модельді тасымалдаушылардың жанында отырғызу керек; 
- назар аударатын заттардың жанында отырғызудан аулақ болу; 
- қауіпсіз, кедергілерден бос ортаны және жүріп-тұру үшін барабар 
кеңістікті қамтамасыз ету; 
- тақталарды бӛгде заттармен үймеуге; 
- ЕБҚ бар бала отырған жерде тыныштық және жайлы аймақ құру; 
- оқу орындарын оқушылар үшін икемді топтарда сабақта жұмыс істеуге 
және ӛзара іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін етіп ұйымдастыру. 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері 
мектеп оқушыларда оқуға қиындық туғызатын себептердің үш тобын, соның 
салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерін қарауды ұсынады: 
- бала дамуының бұзылуы; 
- мінез-құлық және эмоциялық мәселелер; 

ӛмірдің 
қолайсыз 
жағдайлары 
(әлеуметтік, 
психологиялық, 
экономикалық, лингвистикалық және т.б. мәселелер). 
Ерекше білім беру қажеттілігі – бұл әр оқушыны оқытуда табысты болуын 
қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге 
асырылатын оқу үдерісінде кӛмек пен қызмет кӛрсету қажеттілігі. 
Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципін негізге ала отырып, 
білім беру процесінің барлық қатысушылары: 
1) кедергілер мен мәселелер емес, ресурстар ретінде мүмкіндіктердің алуан 
түрлілігін қарастыру. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және 


373 
оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-
құлық мәдениетін тәрбиелеу ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге 
қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; 
2) оқудағы жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, сыныптың 
барлық оқушыларына бағдармен оқу үдерісін құру; 
3) Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен 
(логопед, арнайы педагог, психолог, жеке кӛмекші) ғана емес, барлық білім 
беру процесіне қатысушылар тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; 
4) оқу үдерісінде оқушыларға кӛмек кӛрсету мәселелерін шешуге 
командалық тәсілдемені қолдану; 
5) оқушыларға қолдау кӛрсету және ұйымдастыру кезінде «таңбашаларды» 
ілуден бас тарту. Кӛмек оқушыларға – «инклюзивщиктерге», «ерекше», 
«дағдарыстық», 
«инклюзияға 
жататын» 
балаларға 
емес, 
оқушылар 
қауымдастығының толық құқылы мүшелеріне кӛрсетіледі. Таңбашаларды ілу 
кемсітушіліктің кӛрінісі болып табылады. 
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бастауыш, 
негізгі орта және орта) сәйкес «ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім 
алушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 
арнайы жағдайлар жасалады». 
Қазіргі уақытта ҚР Білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігінің 
қатарына қажеттіліктер жатады: 
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ӛзгертуде (қысқартылған немесе 
жеке бағдарлама бойынша оқыту); 
2) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін (оқушының жетістіктерін) 
ӛзгертуде; 
3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін қолдануда; 
4) оқулықтарды, оқу құралдарын таңдауда, жеке оқу материалдарын 
пайдалануда; 
5) оқыту нысанын таңдауда; 
6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу; 
7) орнын толтырушы және техникалық құралдарда; 
8) арнайы психологиялық-педагогикалық кӛмекте (психолог, логопед, 
арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог); 
9) педагог-ассистенттің кӛмегінде; 
10) әлеуметтік-педагогикалық кӛмекте (әрбір қажеттілікті жүзеге 
асырудың толық сипаттамасы ТП ҰҒПО әдістемелік құралында берілген). 
Оқыту қиындықтарының сипаты мен айқындылық дәрежесіне байланысты 
білім алушыда біреуден бірнеше ерекше білім алу қажеттілігі айқындалуы 
мүмкін. Оқушылардың ерекше білім алу қажеттілігі білім алудың кез келген 
кезеңінде пайда болуы мүмкін. 
Арнайы жағдайлар жасау бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі 
және оқу үрдісінде оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету 
келесідей болып табылады: 
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарға жағымды кӛзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі 


374 
академиялық табыстылық;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі. 
Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім 
беру қажеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Ерекше білім беру 
қажеттіліктерін бағалау – бұл анықталған оқыту қиындықтары мен олардың 
пайда болу себептері негізінде оқу үрдісінде оқушының қолдау түрлерін, 
формалары мен кӛлемін анықтау. 
Қажеттіліктерді бағалау, білім алушыларды қолдау секілді деңгейлік 
сипатқа ие. Бір деңгейді қолдаудан қолдаудың қарқындылығын арттыру 
жағына да, қолдауды азайту жағына да басқа деңгейді қолдауға кӛшу 
мүмкіндігі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет