395
8. Сыныптардың жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да кӛп бала
санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар болған жағдайда: 1-2-
сыныптар, 3-4-сыныптар, 5-6-7-сыныптар, 8-9-сыныптар және 10-11-сыныптар
бірігуі мүмкін.
9. Медициналық
ұйымның психо-неврологиялық бӛлімшелерінде
бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды
дамытуға, балалар мен жасӛспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-
еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер
әлеуметтік ортаға кірігу үшін бӛлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары
жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
10. Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы
білім берудің базалық компонентін 80%-ын сақтау, сондай-ақ қаржыландыру
шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу
жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бӛлу кӛзделуге тиіс.
11. Үлгілік оқу бағдарламаларында кӛзделген сағаттар саны сараланған
тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес
келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бӛлуге және мектепте жекелеген
сабақтарға баруға жол беріледі.
12. Бӛлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және
музыкатотерапия сабақтары ӛткізілетін жағдайларда, мектепте музыка мен дене
шынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
13. Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық
жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің: ағаш, тігін
бағыты, шаштараз ӛнері, сәндік-қолданбалы ӛнер негізінде жүзеге асырылады.
14. Информатика және кӛркем еңбек, технология бойынша сағат саны
артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар
беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге
ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу ӛнері пәні
кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да кӛркем жұмыстар түрлерімен
жүргізіледі, ӛйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын
бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
15. Қажет
болған жағдайда психологиялық-педагогикалық түзету
кабинетінде (оңалту орталығының) белгіленген тәртіппен кӛмек кӛрсетіледі.
Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бӛлінген сағаттар 1 сағатқа
қысқарып, басқа оқу пән сағаттарын жүргізу үшін қайта бӛлінуі мүмкін және
сол бӛлімдерде тіл мүкістігін түзетумен айналысатын клиникалық логопедия
сабақтарымен толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: