153
ажырамас бӛлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін ӛмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың
негізгі патшылықтары ағзаларының кӛбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық
этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты ӛмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық
денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1)
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2)
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3)
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бӛлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың кӛптүрлілігі, құрылымы
мен қызметтері;
2) кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына
жаңадан қосылған
тақырыптар:
Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
Аэробты және анаэробты тыныс алу
Дүниежүзілік Тұқым қоры;
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда
алынатын ӛнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең
меңгеруге арналған бірқатар
тақырыптар берілген:
Ӛкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
Контрацепцияның маңызы;
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.