179
материалдарды; материалдарды ӛңдеу құралдары мен жабдықтарын;
материалдарды әртүрлі тәсілдермен ӛңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым
дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық
және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі кӛрініс дизайнын;
робототехника, кӛлік құралдарын модельдеуді қамтиды.
«Дизайн және технология» (қыз балалар) бӛлімінің мазмұны тӛмендегі
бӛлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес
материалдарды; тоқыма материалдарын ӛңдеу құралдары мен жабдықтарын;
тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен ӛңдеуді; тоқыма материалдарынан
бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім
элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.
«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (ер балалар) тӛмендегі бӛлімшелерді:
тұрғын үйдің экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы, сәндік ӛсімдіктер
шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының кӛздері
туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын
қолдану мен жӛндеуді; тұрмыстық жӛндеу жұмыстарын, ішкі кӛріністі
ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.
«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (қыз балалар) тӛмендегі
бӛлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы,
сәндік ӛсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі
мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.
«Тамақтану мәдениеті» бӛлімінің мазмұны тӛмендегі бӛлімшелерді:
дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында ӛзін-ӛзі дұрыс ұстау ережелерін,
дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының
тағамдарын қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі
әртүрлі ӛнер түрлерін зерделеу, идеяларын ӛнер тәсілдері арқылы кӛрсету,
әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті,
материалдар мен нысандарды түрлендіру және кӛркем ӛңдеу дағдыларын, үй
шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын
иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет
түрлері, «Ӛнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу ӛнері мен кӛркем
еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ,
сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын
дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері
қосылған.
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Кӛркем
еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген
жоқ») деген белгі жазылады.
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін
мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: