348
10 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНДА
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зияткерлік
тұлғаны дамытуға, тілдерді тереңдетіп оқытуға, ғылымға,
мәдениетке және ӛнерге бағытталған білім қызметін ұйымдастыруда элитарлық
білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-
құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: «Білім туралы» Заң, ҚР МЖМБС-
2012, Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметнің үлгілік
қағидаларын
бекіту
туралы
ҚР
Білім
және
ғылым
министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, ҚР БҒМ 2013 жылғы 19 шілдедегі №
289 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері
қызм етінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар).
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын «ҚР
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу
жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы негізінде әзірлейді.
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру
ұйымының
басшылығы бекітіп, ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-
практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдармен келісіледі.Мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламалары
негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
негізінде
әзірленеді және тілдерді, ғылым, мәдениет, ӛнер, спорт негіздерін
тереңдетіп оқытуға, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын
дамытуға бағытталған.
Мамандандырылған
білім
беру
ұйымы
білім
алушылардың
сұраныстарына сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ таңдау
бойынша элективті курстар мен пәндерді анықтайды.
Оқу бағдарламаларындағы тақырыптар бойынша уақытты бӛлу үлгі
болып табылатындығына
назар аударамыз. Мұғалім тақырыптағы мәселелерді
зерттеудің ретін ӛзгертуге, сондай-ақ бӛлінген
сағаттарда жеке тақырыптар
бойынша оқу сағаттарының санын қайта бӛлуге, ӛз қалауы бойынша резервтік
уақытты пайдалану құқығы беріледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда оқу сағаттарын тақырыптар
бойынша шамамен бӛлу ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспарлауды
ӛзгеріссіз қолдана алады (бұл жағдайда күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды
349
қайта жазудың қажеті жоқ). Сонымен қатар, мұғалім оқу пәнін оқуға бӛлінген
оқу сағаттарының шегінде сынып ерекшеліктерін
және оқушылардың
танымдық
мүмкіндіктерін
ескере
отырып,
күнтізбелік-тақырыптық
жоспарлауға ӛзгерістер енгізуге, сондай-ақ ӛзінің күнтізбелік-тақырыптық
жоспарын әзірлеуге құқылы, бұл жағдайда білім беру ұйымының басшысы
бекітеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес
Мамандандырылған білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының (6 қосымша) 15, 16, 17-
тармақтарына ерекше назар аудару қажет:
15-тармақ. Қазақ (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс
(қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техника
негіздерін, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі,
технология, кӛркем
пәндер негіздерін оқу, сондай – ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық,
практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін
және шетел тілінде оқытатын пәндерді 3 топқа бӛлуге жол беріледі.
16-тармақ. Жалпы орта білім беру деңгейінде
таңдау бойынша пәндерді
(тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топтарға
бӛлуге жол беріледі.
17-тармақ. Сыныптарды қосымша бӛлу жүйесі, икемді вариативтік кесте,
деңгейлік бӛлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы
жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру
мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: