Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Балақайлар мектебі» - жазғы кезеңде мектептер жанындағы даярлық



Pdf көрінісі
бет31/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Балақайлар мектебі» - жазғы кезеңде мектептер жанындағы даярлық 
курстары 
Негізгі міндеттері:  
 
баланың 
мектепте 
оқуына 
эмоционалды-оң 
көзқарасты 
қалыптастыру.  
Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар 
өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық қолдауды 
қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.  
 
болашақ мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру.  
«Таным», «Әлеумет», «Қатынас», «Шығармашылық» білім беру салаларын 
кіріктіру арқылы іске асырылады.
 
«мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын 
сақтау.  
Бірізділік, жүйелілік, ғылымилық, түсініктілік «Қарапайымнан күрделіге 
қарай» дидактикалық қағидаларын жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері: 
жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың 
маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға қызығушылық 
танытады);
зияткерлік дайындық – баланың ойлау операцияларының дағдыларын 
меңгере білуі: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.
әлеуметтік-психологиялық дайындық – жаңа әлеуметтік жағдайларға 
бейімделе алуы, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.
«Балақайлар мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанында 2-айға 
құрылады. Министрлік ұсынған курстардың бағдарламасы ЖАО-ға жіберілді (ҚР 
БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).


43 
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру 
мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарды қолдау.
Стандартта ерекше білім беррілу қажеттілігі бар балаларды жас тобына қосу 
шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы үш баладан артық 
емес балалар енгізуге болады, сондай-ақ балалардың жалпы саны ерекше білім 
беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленушіден азаяды. 
Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту 
Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың 
өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау 
технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады. Балалармен, ата-
аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар қауымдастығының 
онлайн порталын енгізілді. 
Балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу 
Замануи жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар 
негізінде Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына баулу жөніндегі 
жұмысты, тәрбие процесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және 
белсенді түрде қосылуын жалғастыру.
Балаларды құрдастарына жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету; 
адамгершілікке баулу; адамдарға деген құрмет сезімін, мейірімді, қайырымды іс 
жасауға деген ниетін тәрбиелеу. 
Мектепке дейінгі ұйымның мен орта білім беру ұйымының мектепалды 
сыныбы түлегі келесідей сапаларды меңгеруі тиіс: 
1) дене бітімі дамыған; 
2) білуге құмар; 
3) 
креативті; 
4) өзіне сенімді және белсенді
5) эмоционалды елгезек; 
6) әлеуметтік дағдыларды және ересектермен, құрдастарымен өзара қарым-
қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген; 
7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат 
жөнінде алғашқы түсініктері бар; 
8) 
орта білім беру ұйымында оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.
Мектепалды даярлық сыныптары құжаттарын ресімдеуге қойылатын 
талаптар 
Іс қағаздарының жүргізілуі мен дұрыс ұйымдастырылуына, құжаттардың 
мезгілінде орындалуы және олардың сақталуына жауапкершілік білім беру 
ұйымының басшысы мен оқу ісінің меңгерушісіне (әдіскерге) жүктеледі. 
Тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы іске асыру үшін педагогтер 
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да 
қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін 
бекіту туралы" ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығын басшылыққа 
алуы қажет. Осы тізбеде көрсетілмеген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, 
құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер білім беру ұйымының 
педагогикалық процесінде пайдаланылмайды.


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет