Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін



Pdf көрінісі
бет35/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   244
жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. 
Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек-қазан айларында соңғы сабақтар 
стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған 
сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізген жөн. 
Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше 
назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім 
алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің 
міндеті – кіші мектеп оқушысының оқу әрекетіне деген ішкі уәждемесін 
қалыптастыру.
1-
сыныптың бірінші жартыжылдығында жиынтық бағалау жүргізілмейді 
және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының 
сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей 
жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс бойынша 
рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру арқылы 
бағалау рәсіміне дайындағаны жөн. Мысалы, «мен жасай аламын ....», «біз 
дайынбыз....», «мен айтып .... бере аламын», «біз айта аламыз...». Рефлексия 
кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау алдында түсіндіру жұмысы 
болып табылады. 
1-
сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын 
дамыту үшін сергіту сәтін уақтылы өткізу керек, 1-сынып білім алушыларын 
ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту 
кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс. 
Бірінші сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын 
балалар, алты жастан бастап және басқа да оқумен қамтылмаған балалар 
қабылданатынына назар аударған жөн, яғни бір сыныпта әртүрлі жастағы 
балалар болуы мүмкін. Осыған байланысты білім алушылардың жеке 
ерекшеліктерін және оқу материалын қабылдауға дайындығын ескеру маңызды.
Бірінші сынып оқушыларының күнделікті оқу жетістіктері бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет