Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244
 
Назар аударыңыздар! 
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік 
компонентті қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде білім 
алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта – 
24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с., 
6-
сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-
сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс. 
Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім 
беру ұйымдары таңдай алатын қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу 
жоспарында қарастырылған
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 
қыркүйектегі № 441 бұйрығы). Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті 
және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын 
белгілейді. 
Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың 
ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын 
(комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің 
қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда) 
оқуды жалғастыру қажет.


13 
Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да 
ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді 
оқу пәндерінің комбинациялары жазылған. 
Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында 
пәндерді таңдауға бағытталған. 
Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме өзгерді. Бастауыш сыныптарда 
гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа 
қысқарту ұсынылады. 
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру 
ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі 
айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді. 
Осылайша, еліміздің білім беру ұйымдары, соның ішінде 
гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі 
қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет