Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет185/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   244
https://www.nao.kz
). 
Экологиялық тәрбие аясында білім алушылармен білім беру ұйымдары
аудан, қала территориясындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және 
абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы 


313 
аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты 
волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ұйымдарына 
«Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең 
жасыл кабинет», «Жасыл алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. тәрізді 
жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады. 
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу 
Білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті 
мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз 
ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының 
маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. 
Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мынадай элективті 
курстарды өткізу ұсынылады. «Жүрек тілімен өткізілетін физика», 
«Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих 
пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» 
элективті курстарын өткізу. Сонымен қатар, зияткерлік іс-шаралар: ойындар, 
конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық 
конференциялар, дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер
рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, 
шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мектеп және студенттік медиа 
орталықтар, балалар БАҚ-ы, сайттар ашу, оқушылар арасында робототехника 
бойынша кешенді іс-шара, спидкубинг және басқа зияткерлік спорт түрлері 
бойынша фестивальдер. 
Білім алушыларға интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениетін: қарым-
қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіруді, сұхбаттасушының пікірін 
құрметтеуді, этикалық нормаларды сақтауды үйрету маңызды. Оқушылардың 
өзін-өзі басқару жұмысын қайта жаңғырту, интернет-мінез-құлық және қарым-
қатынас, балалардың қоғамға қарсы мінез-құлық мәселелерін қарауды практика 
жүзінде жүргізу қажет.
Мектеп қоғамға қарсы мінез-құлықты қабылдамау мәдениетіне 
тәрбиелеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет