Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие



Pdf көрінісі
бет184/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   244
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 
Тәрбие жұмысының бесінші бағыты білім алушыларда кәсіби өзін-өзі 
анықтауға деген саналы көзқарастарын қалыптастырады, адамның 
экономикалық ойлау мен экологиялық мәдениетін дамытады. 2019-2020 оқу 
жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), сонымен бірге 
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға «JuniorSkills» ерте кәсіптік 
бағдар беру және мектеп оқушыларына арналған базалық оқыту жобасы 
жұмысын бастайды. 
Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің кәсіптік таңдауы 
мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант көлемімен, мектепте оқытылатын 
таңдау пәнінің жеңілдігі, ата-анасының және достарының ұсыныстарымен 
анықталады. 
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілінің бірі білім беру ұйымдарында білім 
алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл 
жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан 
тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен 
өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды
ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға 
арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының 
өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. 
Қосымша білім беру аясында әр түрлі бағыттағы мамандықты таныстыру кең 
ауқымда жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер өз мамандығын 
саналы түрде таңдауға дайындалады.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен 
бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім 
алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу 
бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет