Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық
мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту,
дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру.
Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады.
Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі
келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы,
жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне
тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу
әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді.
Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде
қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса,
ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады.
Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене
жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақта
Жалпы төзімділік - арнайы төзімділікті тәрбиелеудің негізі. Жалпы төзімділікке тәрбиелеу, жүрек қан тамырлары, тыныс алу және тағы басқа жүйелер жатады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жаттығу жұмысы ағзаның вегетативтік жүйесінің белсенді оттегі алмасуы жаттығудың арттырылуымен, жоғары емес қарқынмен ұзақ жұмыс істеу арқылы, биохимиялық жұмыс тәртібінің жәрдемімен, жетілдірумен тұжырымдалады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдісі мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |