Жалпы ережелер робототехникадан «Ozyq Urpaq»


НӘТИЖЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ



бет6/9
Дата16.06.2023
өлшемі36,64 Kb.
#101769
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. НӘТИЖЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ





  1. Жарыс жеңімпаздары тиісті Регламентте көрсетілгендей жарыстардың әр санаты бойынша анықталады (қосымшаларды қараңыз).

  2. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттарын, жарыс санаттары бойынша жеңімпаздар- дипломдарды алады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтар-алғыс хаттар, төрешілер - жарыстардың санатын көрсете отырып, төрешілік тәжірибесін растайтын сертификат.

  3. Команда қатысушылары 1,2 немесе 3-орын үшін медальдармен және дипломдармен марапатталады.

  4. Жарыстың демеушілері мен серіктестері арнайы жүлделер тағайындай алады.



9. ҚОСЫМША ШАРТТАР





  1. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар мен қауіпсіздік қызметінің уәкілетті қызметкерлерінің өтініші бойынша Жарысты өткізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша құжаттар мен ақпаратты ұсынуы керек.

  2. Қатысушылар мен командалар қандай да бір нысанда пайдаланатын жарнамалық сипаттағы мазмұн болған жағдайда, қатысушылар оны ұйымдастыру комитетінің өкілімен алдын ала, іс-шара басталғанға дейін кемінде бір апта бұрын келісуі тиіс. Команда демеушілерінің жарнамасының мазмұны мен орналасуы Жарыс басталғанға дейін ұйымдастырушылармен келісілуі керек.

  3. Барлық роботтар мен құрылғылар айналадағы адамдарға, басқа роботтар мен құрылғыларға немесе жарыс алаңдарына зиян тигізбейтін етіп жасалуы керек.

  4. Жарысты өткізу кезінде қатысушылар кеудесіне орналастырылған ұйымдастырушылар ұсынған ақпараттық бейдждермен бірге болуы тиіс. Бір мекемеден команда мүшелері киімнің бірыңғай стилін, формасын немесе киім элементтерін пайдалануы тиіс.

  5. Жарысқа қатыса отырып, қонақтар мен қатысушылар (немесе жауапты тұлғалар) іс-шараларда тікелей рұқсатынсыз фото және бейне түсірілімдер жүргізілуі мүмкін екендігімен келіседі. Сондай-ақ қатысушылар (немесе жауапты тұлғалар) Жарысқа қатыса отырып, оның нәтижелері робототехниканы танымал ету мақсатында Жарыстың ұйымдастырушыларымен пайдаланылуы мүмкін екендігімен келіседі.

  6. Жарыс өтетін аймақта ұялы телефондарды пайдалану, оның ішінде аккредиттелмеген БАҚ-тың, қатысушылар мен қонақтардың фото және бейне түсірілімдерін пайдалануы (роботтардың мінез- құлқына әсер ететін кедергілерді азайту үшін) шектеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет