Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруге арналған курстың тақырыбы: «Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесі» (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдарламаның мақсаты: жаңартылған мазмұндағы бағдарлама аясында жалпы және бейорганикалық химиядан есептер шығару әдістемесінің теориялық негізі мен әр типті есептерді шығарудың әдістемелік тәсілдерін меңгерту.
Міндеттері: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде химиядан білім берудің нормативті-құқықтық негіздерін меңгерту;
- Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару әдістемесінің теориялық негіздерімен таныстыру;
- оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру жолдарын таныту;
- сандық және сапалық есептерді шығарудың тиімді әдістерін меңгерту;
- оқушыларды химия есептерін шығару арқылы химиядан білім негізін алуға ынталандыру жолдарын үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Курс барысында тыңдаушылардың бойында төмендегідей құзытеттіліктер қалыптасуы керек: - интегралды: оқушылар бойында білім, білік, дағдыны қалыптастырудың әдістемелік құзыреттілігін біледі. Сандық және сапалық химия есептерін шығару дағдысы қалыптасады. - дифференциалды (сарапталамалық): химиядан есеп шығару әдістемесін химиядан оқушыларға білім беруде жаңартылған мазмұндағы оқыту бағдарламасымен байланыстырудың нормативтік-теориялық негіздерін біледі осы бағдарлама негізінде есеп шығаруды меңгерту және оны тиімді қолдану дағдысы қалыптасады. - жеке тұлғалық: білім беруді дұрыс жобалап, ұжымда және оқушылармен дұрыс қарым қатынасты орната біледі
Жалпы және бейорганикалық химиядан есеп шығару курсын тыңдаушы кәсіби әрекет бағдарларын өз бетінше анықтап, дербес іс-қимыл жасаудың жоғары деңгейіне жетеді; әлеуметтік белсенділікке ие болады; кәсіби тұрғыдан өз еңбегінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды.
Химиядан есеп шығару барысында алған білімдерін оқушылардың химиядан функционалдық сауаттылығын арттыруда қолдану дағдылары қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын химиялық есептер шығарту нәтижесінде қалыптастыру әдістерін меңгереді.