«жалпы фармакология бөлімдеріне кіріспе» Мақсаты


Дәрілердің организмнен бөлініп шығу жолдары /экскреция/



бет4/7
Дата10.05.2023
өлшемі1,14 Mb.
#91532
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
e7ac85fb-d1f0-41c1-8b67-66a47bb50918

Дәрілердің организмнен бөлініп шығу жолдары /экскреция/
Барлық дәрілер белгілі уақыттан кейін биотрансформацияның нәтижесінде немесе өзгермей ағзадан бөлініп шығады. Көп дәрілер бүйрек арқылы кіші дәретпен /несеп/ шығады. Бүйрек ауруларында ол дәрілер ағзада жинақталуы мүмкін. Кейбір дәрілер асқазан-ішек арқылы /өтпен бөлінеді / шығады. Сонымен қатар, қақырық, тері, бронх т.б бездерінің секреттерімен шығуы мүмкін. Ал газ тәріздес ұшқыш дәрілік заттар өкпе арқылы шығарылған ауа мен шығады. Бала емізетін әйелдерде дәрілік заттар сүт безімен шығып, баланың организміне түсуі мүмкін. Сол себептен бала емізетін әйелдер дәріні қолданғанда бұл жағдайды ескерген дұрыс, өйткені сәбилер дәрімен улануы мүмкін.


Фармакодинамика
Фармакодинамика дегеніміз дәрілердің фармакологиялық эффектілері, әсер ету механизімі және дәрілердің әсер ету түрлері. (грек тіл. ауд. рharmacon – дәрі, dynamis – күш).
Дәрілік заттардың фармакологиялық эффектілері - дәрілердің адам ағзасына әсер ете отырып, органдармен системалардың қызметін өзгерту.
Мысалы: кейбір дәрілер жүректің соғуын сиретеді, қан қысымын түсіреді, үрей, қорқынышты басады т.б. Дәрілік заттар бірқатар өзіне тән фармакологиялық эффектілер туғызады. Соның емдеуге қолданылатын негізгі эффектілер болса, қалғандары қосымша фармакологиялық эффектілер болып табылады..
Дәрілік заттардың әрекет механизмі дегеніміз түрлі фармакологиялық эффектілер туғызатын әрекеттері. Көп дәрілер арнаулы рецеторларға әсер ету арқылы көп органдардың функциясын қоздыру немесе басуы мүмкін. Бұл рецепторлар белок молекуласынан тұрады, арнаулы органдардың функциясымен байланыста болады.
Бұл рецепторлар: холинорецепторлар, адренорецепторлар немесе опиат рецепторлары болуы мүмкін. Дәрінің арнаулы рецепторларға әсер етуінен туған өзгерістер алғашқы фармакологиялық реакциялар деп аталады. Көп дәрілердің әрекет механизмдері толық зерттеліп болмаған, сол себепті механизмдері әлі зерттелуде.
Ал дәрілердің әрекет механизмі белгісіз болса, оларды емге қолдануға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет