«жалпы фармакология бөлімдеріне кіріспе» Мақсаты


Дәрілерді қайта қабылдағанда пайда болатын эффектілер



бет6/7
Дата10.05.2023
өлшемі1,14 Mb.
#91532
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
e7ac85fb-d1f0-41c1-8b67-66a47bb50918

Дәрілерді қайта қабылдағанда пайда болатын эффектілер
Кумуляция (лат. Cumulatio – ұлғаю, жиналу) организмде дәрілердің молекулаларының (материалды кумуляция) немесе олардың эффектілерінің жинақталуы. Клиникада фенобарбиталдың, бромидтердің, оймақ гүлдің, жүрек гликозидтерінің, тікелей емес антикоагулянттардың кумуляциясын ескерту қажет.
Үйренгіштік (толеранттық)
Үйренгіштік дегеніміз – дәрілерді қайталап қабылдағанда, фармакологиялық эффектінің төмендеуі. Терапевтік әсерді алу үшін дозаны жоғарылату керек. Үйренгіщтік туа біткен және жүре пайда болған болуы мүмкін. Үйренгіштік дәрінің түрлі эффектілеріне бір мезгілде пайда болмауы мүмкін. Мысалы: Фенобарбиталды ұзақ қабылдағанда ұйықтататын әсеріне үйренгіштік пайда болғанымен тырысуға қарсы әсері сақталады; транквилизаторлармен емдеуде олардың миорелаксациялаушы эффекті әлсірейді, ал үрейге қарсы әсері өзгермейді.
Тахифилаксия (грек ітл.ауд. tachys – жылдам, phylaxis – сақтық) бірнеше сағаттың ішінде, жылдам пайда болатын дәріге үйренгішік. Тахифилаксия көп жағдайда синапстық ұштардағы медиатор қорының таусылуынан болады.
Құмартушылық – эйфория тудыратын психотропты дәрілерді қабылдамаған кезде қалыпты өмір қызметі мүмкін емес, мінез – құлықтың өзгеруімен сипатталатын дәріні қайта қабылдауға ұмтылушылық. Эйфорияда қанағаттану сезімі, көңіл – күйдің жақсаруы, галлюцинация, жұмысқа қабілеттіліктің артуы немесе жеңіл тыныштану, жағымды әлсіздену, ауырсынудың жойылуы пайда болады. Бұл жағдай психикалық тәуелділіктің қалыптасуымен қатар жүреді, яғни, наркотиктік затты қабылдамау психикалық бұзылыстарға – депрессияға, тітіркендігіштікке, ашуланғыштыққа, ұйқысыздыққа, қорқынышқа әкеледі.
Физикалық тәуелділік наркотиктік заттардың әсерінен мидағы зат алмасудың бұзылуының нәтижесі болып саналады. Физикалық тәуелділік тудыратын наркотиктерді қабылдауды доғарғанда, абстинентті синдром болады (лат. Abstinentia – психикалық және вегетативтік бұзылулардың симптомокомплексі./ Абстиненттік синдромының клиникасын берілу феноменімен (феномен отдачи) сипаттайды – наркотик тудыратын әсерлерге қарсы бағытта функциялардың бұзылуы байқалады. Мысалы, морфин ауырсыну сезімін жояды, тыныс орталағының жұмысын төмендетеді, керісінше морфин қабылдамаған кезде, іштің, сүйектердің, буындардың кенеттен ауруы және ентігу пайда болады. Наркотиктік затты қабылдағаннан кейін абстиненттік синдром жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет