Термостат деп денелермен жылу алмастыра алатын, өзінің температурасын өзгертпейтін термодинамикалық жүйені айтады.
Жұмыс жасайтын дене - бұл айналмалы процесс жасайтын және басқа денелермен энергия алмасатын дене.
Жылу двигателінің жұмыс жасау принципі: қыздырғыш деп аталатын жоғары температуралы Т1 термостаттан, цикл кезінде жылу Q1 көлемі алынады, ал аз температуралы Т2 термостатқа, ол тоңазытқыш деп аталады, цикл кезінде Q2 жылу көлемі беріледі, жасалатын жұмыс A = Q1- Q2
Двигательдің термиалық ПӘК-і.
П ӘК 1- ге тең болу үшін Q2 = 0 тең болу керек, бірақ онда термодинамиканың екінші бастамасы орындалмайды.
Жылулық двигательде жасалатын процеске қарсы процесс, тоңазытқыш машинада қолданылады: аз температуралы Т2 термостаттан цикл кезінде жылу көлемі Q2 алынады және термостатқа жоғарғы T1>T2 температурамен беріледі. Мұнда Q = Q1-Q2 =A немесе Q1 = Q2+A
Жүйеден Т1 термостатқа берілген жылу мөлшері Q1, Т2 термостаттан алынған жылу мөлшері Q2 – ден жүйеде жасалған жұмысқа үлкен.
Тоңазытқыш машинаның эффектілігі тоңазытқыш коэффицентімен сипатталады, ол температурасы төмен термостаттан алынған жылу Q-нің тоңазытқыш машинаны жүргізуге жұмсалған жұмыс А-ға қатынасына тең:
47. Карно теоремасы. Қыздырғыш температурасы Т1 және мұздатқыш температурасы Т2 бірдей барлық периодты түрде жұмыс жасайтын жылу машиналарының ішіндегі ең көп ПӘК қайтымды машиналарда болады. Қыздырғыш пен мұздатқыштарының температуралары бірдей жағдайда істейтін қайтымды машиналардың ПӘК-і бір – біріне тең және жұмысшы дененің табиғатына байланысты емес, тек қана қыздырғыш пен мұздатқыштың температураларына ғана байланысты