43.Энтропияның өсу принципі.
Жабық жүйедегі барлық процесстер, оның энтропиясының өсуіне әкеледі. Энтропия, күйдің ықтималдылығы максималды болғанша, жабық жүйедегі аз ықтималдылықтан көп ықтималдыққа қарай бағытталып жүреді, Тепе-теңдік күйде күй системасының ең үлкен ықтималдылығы орындалады, мұнда микрокүйлердің саны максималды болғандықтан, энтропия да максималды болады.
44.Термодинамиканың екінші бастамасы.
Кез-келген жабық жүйедегі қайтымсыз процесс мына түрде болады - жүйенің энтропиясы өседі ( энтропияның өсу заңы)
Термодинамиканың бірінші бастамасы деп - термодинамикалық процестерге қатысты энергияның сақталу және түрлену заңын айтады.
Термодинамиканың екінші бастамасы - термодинамикалық процестердің жүру өту бағытын анықтайды, яғни табиғатта қандай процестердің болатынын немесе болмайтынын көрсетеді.
Термодинамиканың екінші бастамасының екі анықтамасы бар: олар энтропияның өсу заңының эквиваленті.
Кельвин бойынша: жалғыз нәтижесі қыздырғыштан алынған жылуды оған эквивалент жұмысқа айналдыратын айналмалы процесс мүмкін емес;
Клаузиус бойынша: бар нәтижесі - аз қыздырылған денеден көп қызған денеге жылу беру болып табылатын айналмалы процесс мүмкін емес;
45. Термодинамиканың үшінші бастамасы:
Термодинамиканың үшінші бастамасы - Нернст - Планк теоремасы - кельвин нөл болғанда термодинамикалық жүйенің құбылысын көрсетеді
(абсолютті нөл болғанда), температураның Кельвин нөліне ұмтылуына байланысты барлық денелердің энтропиясы тепе – теңдік жағдайда 0-ге ұмтылады.
Жылу сыйымдылық Cv , Cp нөлге тең, егер T = 0 K-ге тең, себебі
dS =
46. Жылулық двигательдер және тоңазытқыш машиналар.
Жылулық двигатель - бұл периодты жасалған двигатель, жылудың арқасында жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |