Жалпы физика курсы



бет59/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

Атомдық кристалдар. Кристалдық тордың түйіндерінде орналасқан
нейтралды атомдар кванттық-механикалық тұрғыдағы ковалентті байланыстармен торлардың түйіндерінде ұстанып тұрады. (көрші атомдардың валенттік электрондары қауымдастырылады).

Атомдық кристалдардың мысалы – алмаз және графит. Алмазда әр көміртегінің атомы төрт осындай атомдармен байланысты, олар тетраэдрдың төбелерінде бірдей қашықтықта орналасады. Графитте көміртегі атомдары жұқа беттерде орналасқан, өзара әлсіз Ван-дер вальстік күштерімен байланысқан.


Металдық кристалдар. Кристалдық тордың түйіндерінде металдардың оң иондары орналасады. Атомдармен әлсіз байланысқан кристалдық торлар құрылғанда валенттік электрондар атомдардан ажыратылады және коллективтендірленеді: олар иондық байланыстағы жағдайдағы сияқты бір атомға жатпайды, коваленттік байланыстағыдай көрші екі атомға да жатпайды, олар бүкіл кристалға ортақ болады.
Молекулярлық кристалдар. Кристалдық тордың түйіндерінде заттардың нейтралды молекулалары орналасады, олардың арасындағы өзара әсер күштері атомдардың электрон қабықшаларындағы ығысуымен шартталады. Бұл күштер ван-дер-ваальстік деп аталады, себебі олар молекулалардың арасындағы тартылыс күшінің табиғатына ұқсас. Молекулярлық кристалдарға мысал ретінде – органикалық қосылыстар (мысалы, парафин), инерттік газдар (Ne, Ar, Kr, Xe) және қатты, мұз және т.б. түрдегі атмосфералық газдар CO2, O2, N2 жатады.


59. Кристалдардағы ақаулар.
Кристалдық тордың ақаулары деп олардың түйіндерінде реттеліп орналасуының бұзылуы. Ақаулар екіге бөлінеді: макроскопиялық - кристалдардың құрылуында және өсу процесінде пайда болады (мысалы: жарық, тесік) және микроскопиялық - периодтықтан микроскопиялық аутқуы.
Микроақаулар нүктелік және сызықтық болып бөлінеді. Нүктелік ақаулар үш типті болады:

1) вакансия – кристалдық тордың түйінінде атомның жоқ болуы (а - сурет)
2) түйін арасындағы атом түйіндер арасындағы кеңістікке кірген атом (b - сурет);
3) қоспалық атом – қоспалы атом, немесе кристалдық тордың негізгі атомын ауыстыру (ауыспалы қоспа (с - сурет)).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет