Есеп 5. Адамда интерферонның синтезделуі 2 генге байланысты, оның біреуі 2-ші хромосомада, ал екіншісі 5-ші хромосомада орналасқан.
а) осы гендердің өзара әсерлесу түрін атаңыз.
б) өрсетілген гендер бойынша гетерозиготалы ерлі-зайыптылардан интерферон синтездеуге қабілеті жоқ баланың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.
Eсеп 6. Адамның бойының ұзындығы бір-бірімен тіркеспеген полимерлі әсері бар 3 жұп гендермен анықталынады. Популяцияда бойы аласа адамдар (150 см) тек рецессивті, ал бойдың (180 см) биік болуы доминантты гендермен анықталынады. 3 жұп гендері бойыншада гетерозиготалы адамдардың бойларын анықтаңыз.
Есеп 7. “Бомбейлік феномен” бойынша әкесінің қаны I, ал шешесінің қан тобы III, осы жанұяда генотипінде IB генінің болуына қарамастан қаны I-ші топты қыз бала дүниеге келген. Ол қыз бойжетіп II қан топты гетерозиготалы ер адамға тұрмысқа шығады. Олардан I ші және IV қан тобы бар 2 қыздар туылады. Бұл құбылыс IA және IB гендері көрініс берулеріне басымдылық көрсететін сирек кездесетін эпистаздың f геніне байланысты. Осы гипотезаны ескере отырып жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтаңыз.
Есеп 8.Аутосомды доминантты генмен анықталынатын көздің торлы қабатының ангиоматозының пенентранттылығы 50% . Осы белгі бойынша гетерозиготалы ерлі зайыптылардан ауру балалардың туылу мүмкіндігі (процентпен) қандай?
Есеп 9. Шизофренияның кейбір түрлері швед генетиктерінің мәліметтері бойынша аутосомды-доминантты белгі түрінде тұқым қуалайды. Гомозиготтарда геннің пенентранттылығы 100%, ал гетерозиготтарда 20%. Гетерозиготалы ата-аналардан ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.