Есеп 15. Адамның терісінің пигменті екі түрлі аллельді емес В және С гендерімен анықталынады. ВВСС-генотипі адамдардың терісінің түсі қара, ввсс – ақ түсті. Доминанты В және С гендердің әр түрлі үйлесімділігі тері пигментінің интенсивтілігіне әсер етеді. Кез – келген 3 доминантты аллель – қара түсті, кез келген екі аллель- қара торыны, 1 доминантты ген – ақ түсті анықтайды.
а) қара торы жігітпен ақ әйелдің некесінен дүниеге келген ұрпақтарының ? қара торы және ақ, ал ? ақ құба болған. Ата- аналары мен ұрпақтарының генотиптерін анықтаңыз?
б) қара торы ата- аналардың балаларының біреуінің терісі – ақ, енді біреуінікі – қара болғанда, ата – аналарының генотипін анықтауға болады ма?
в) негр ата – аналардан терісінің түсі – ақ бала туылады ма? Ақ түсті ата – аналардан қара торы балалар туылады ма?
Есеп 16. Дұрыс есту 2 түрлі комплементарлы А және В гендерімен анықталынады. Ерлі-зайыпты Смиттердің жанұясында 4, ал Вессон жанұясында 5 мылқау бала бар. Әйелі қайтыс болған Смит Вессонның жесіріне үйленеді. Осы некеден есту қабілеттері дұрыс 6 бала дүниеге келеді. Ерлі-зайыпты Смит пен Вессонның және олардың 1-ші және 2-ші некеден туылған балаларының генотиптерін анықтаңыз?
Есеп 17. А1 А1А2А2генотипті адам ұзын бойлы, ал а1а1а2а2 – қысқа бойлы. Орта бойлы адамдардың мүмкін болатын генотиптерін жазыңыз.
Есеп 18. Альбиностар арасындағы неке өте сирек кездеседі, альбиностардан альбиностар туылатындығы белгілі. Ата-аналары альбинос бір жанұяда қалыпты пигментпен 3 бала дүниеге келеді. Осы жағдайды түсіндіріңіз.
Есеп 19. Кереңдік - рецессивті белгі. Жас ерлі-зайыптылардың екеуі де керең. Олардың шежіресін талдау белгінің аутосомды рецессивті жолмен тұқым қуалайтындығын анықтады. Олардың барлық балалары ауру болып туылады деп болжамдалынған. Барлық балаларының есту қабілеттері дұрыс. Олардан бір ұл, бір қыз және әр түрлі жынысты егіздер туылды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
Есеп 20. Гемоглобиннің құрамына екі және полипептидтік тізбектер кіреді. Оларды кодтайтын гендер гомологты емес хромосомаларда орналасқан.
а) Бұл гендер доминантты ма, әлде рецессивті ме?
б) Бұл гендердің өзара әрекеттесуі түрі қандай?