Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет21/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Тақырып 11. Өзгергiштiк
Тақырыптың өзектiлiгi (дәйектiлiгi): Өзгергіштік тұқым қуалаушылық пен бірге тірі организмдердің негізгі қасиеті болып табылады және тірі организмдердің алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Өзгергіштіктің медициналық генетикада үлкен теориялық және практикалық маңызы бар, себебі адамның көптеген тұқым қуалайтын аурулары мутациялық өзгергіштікке байланысты. Мутациялардың пайда болу механизмдерін білу патологиялық процесстің мәнісін түсінуге, диагностикасын, емдеуін, профилактика шараларын анықтауға мүмкіншілік береді. Мутациялық өзгергіштік туралы білімнің маңызы Қазақстанда жоғары мутациялық жүктемесі бар аймақтардың болуына байланысты /Семей ядролық полигоны, Арал т.б./ арта түседі.


Сабақтың мақсаты: Өзгергiштiк - барлық тiрi организмдерге тән қасиет екендiгiн, өзгергiштiктiң генетикалық мәнiсiн және оның пайда болуында мутагендiк факторлардың ролi туралы түсiнiк беру.


- Студент бiлу керек:

  1. Өзгергiштiк туралы қазiргi кездегi түсiнiк, оның жіктелуін;

  2. Адамның тұқым қуалау ауруларының себебi болатын гендiк, геномдық және хромосомалық мутациялардың пайда болу механизмдерiн;

  3. Мутагенездiң факторлары және сыртқы ортаның ластануының генетикалық қауiптiлiгiн;

  4. Канцерогенездiң механизмдерiн.



- Студент үйрену керек:

  1. Адамның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын ауруларының табиғатын ажыратуды;

  2. Мутациялық өзгергiштiктiң механизмдерiн түсiндiруді;

  3. Сабақтың тақырыбы бойынша есептерді шығаруды.



5. Өзiндiк дайындалуға арналған сұрақтары:
а) бастапқы бiлiмдері бойынша :

  1. Жасушаның генетикалық аппараты.

  2. Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негiздерi.

  3. Көбею.

  4. Тұқым қуалаушылық және сыртқы орта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет