Дүниежүзілік физикалық - географиялық аудандастыру.
Жер бетін физикалық-географиялық аймақтарға бөлу - географиядағы күрделі мәселенің бірі. Физикалық-географиялық аудандастыру географиялық қабықты құрайтын құрамбөліктердің біртектес болмауына негізделеді. Физикалық-географиялық аудандастыру жер бетін белдеулерге,зоналарға, табиғат аймақтары мен облыстарына, провинциялар мен түрлі деңгейдегі ландшафт бірліктеріне бөліп қарастырады.
Дүниежүзін тарихи-мәдени аудандастыру
XX ғасырда ағылшын ғалымы А.Тойнби адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге жіктеп, олардың қалыптасуына табиғи және әлеуметтік факторлар ықпал ететінін талдаған.
Қазіргі заманғы географияда дүниежүзін өркениеттік негізде , яғни тарихи-мәдени тұрғыда жіктеу басым. Тарихи-мәдени аймақтардың шегаралары ежелгі өркениеттердің қалыптасу барысында анықталған. Ежелгі дүние географтары өздеріне белгілі жерлерді тарихи-мәдени ерекшеліктеріне байланысты жіктеген, Мысалы, ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде Скифия, Месопотамия, Эфиопия, Иллирия, Фессалия жане т.б. аймақтар кездеседі. Улы географиялық ашылулардан кейін еуропалықтар әлемді Ескі дүние (Еуропа, Азия, Африка) және Жаңа дүние (Америка) деп екіге бөлетін болды.
Алғашқы мыңдаған жылдар бұрын Жерорта теңізі алабында, Таяу, Орта және Қиыр Шығыста қалыптаскан. Ғалымдар жалпыәлемдік өркениет дамуында үш негізгі кезеңді бөліп көрсетеді: индустриялануға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық.
Бұл кезеңдерді жеке өркениеттер деп те атайды.
Өркениеттік негізде тарихи мәдени аудандастыруда әртүрлі ұстанымдар бар. БҰҰ ресми түрде 7 тарихи-мәдени аймақты жіктейді, ал
белгілі ресейлік ғалым В.В. Вольский 12 өркениеттік макроаймақты
бөліп көрсеткен. В.В.Вольскийдін тарихи-мәдени аудандастыруы географиялық негізге де сүйенеді. Өйткені аймақтардың тарихи даму кезеңінде өзіндік мәдени ерекшеліктерінің қалыптасуына географиялық орны да ықпал еткен.
Тарихи-мәдени аймақтардың алып жатқан аумақтары физикалық-географиялық аймақтар шегараларына сәйкес келеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, шағын аймақтар (Трансильвания, Ломбардия, Вестфалия, Жетісу және т.б.) аумақтың тарихи кезендердегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық біртұтастығы негізінде ажыратылады.
Дүниежүзін тарихи-мәдени аудандастыру
|
Тарихи-мәдени
аудандастыру
|
Тарихи-мәдени аймақтар
|
1
|
ЮНЕСКО жіктемесі
|
Еуропа,Араб-мұсылман, Үнді, Қиыр Шығыс, Тропикалық
Африка, Солтүстік Америка, Латын Америкасы
|
2
|
С.Хантингтон жіктемесі(дінижәне географиялық негізде)
|
Батыс, славян-православиелік, исламдық, конфуциялық,
индуистік, жапондық, латынамерикалқ, африкалық
|
3
|
В.Вольский жіктемесі
|
Батыс Еуропа, Орталық-Шығыс Еуропа, Ресей-Еуразиялық
аймақ, Солтүстік Африка мен Орта Шығыс, Оңтүстік Азия,
Шығыс Азия, Сахарадан оңтүс-тікке қарайғы Африка,
Солтүстік Америка. Латын Америкасы,Аустралия және
мұхиттық аралдар
|
XX ғасырдың сонына қарай барлық халықтар бірыңғай жалпы адамзат өркениетіне қамтылды. Дегенмен әлем халықтарының негізгі өркениеттің айырмашылықтары қазірге дейін сақталып отыр.Сондықтан ғалымдар қазіргі заманғы негізгі төрт өркениетті бөліп көрсетеді.
1. Батыс өркениеті. Оның түпқазығы-Солтүстік Америка мен Еуропа. Бұл өркениет қазіргі заманғы ғылымды және оның негізінде жоғары дамығантехниканы жасады, нәтижесінде алғашқы ғылыми-техникалык өркениет аталып отыр.
2. Қытай өркениеті. Қытайда дәстүрлі конфуцийлік құндылықтар жүйесі коммунистік идеологиямен үйлесе отырып, қытай халқының рухани бейнесін анықтап берді.
3. Мұсылман өркениеті. Ислам елдерінде діни сана қоғамдық сананың басты формасы болып табылады, ол адам өмірінің барлық қырларын реттейді.
4. Үнділік өркениет . Бұл өркениеттің бейбіт, рухани сипаты басым, екінші бір ерекшелігі қоғамда касталық құрылымның сақталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |