Географиялық лимология - шегараларды зерттейтін ғылым.
Шегаралар делимитациясы - көршілес елдер арасында келіссөздер арқылы мемлекеттік шегаралардың жалпы ережесін, бағыттарын анықтау.
Шегаралар демаркациясы - шегараларды делимитациялау жөнінде келіссөздерге сәйкес, жергілікті жергілікті жерде шегаралық белгілер қою.
Мемлекеттік шегараларды анықтау және белгілеу шаралары. Мемлекеттік шекаралар делимитация және демаркация арқылы анықталып, белгіленеді. Делимитация жөнінде қаулы мемлекеттік шегараларды анықтау мен белгілеу жөніндегі бейбіт келіссөздер нәтижесінде қабылданады. Делимитация барысында мемлекеттер картада шегаралардың өту сызығын сипаттайды. Ал демаркациялау жөніндегі келісімге сәйкес, оның қосымшасында берілген карталар мен сипаттамалар негізінде орындалады. Демаркация барысында жергілікті жерде топографиялық түсірілімдер немесе әуе түсірілім жүргізіледі. Демаркацияның соңғы кезеңінде шегаралық белгілер (бағаналар, сым қоршаулар) орнатылады. Демаркациялау барысы бойынша арнайы құжаттар толтырылып, шегаралардың сипаттамалары құрастырылады.
Мемлекеттік шегаралардың динамикасы. Мемлекеттік шегаралар соғыстар нәтижесінде және бейбіт жолмен өзгеріске түсуі мүмкін. Цессия - мемлекеттердің өзара келісімі негізінде белгілі бір аумаққа иелік ету құқығының бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке берілуі. Цессия бірдей келемдегі аумақтарды өзара айырбастап алу, сыйга беру, сатып алу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, 1867 жылы АҚШ Алясканы Ресейден сатып алған.
Адъюдикция - халықаралық сот шешімі бойынша бір ел құрамында болған аумақты басқа мемлекетке беру. Адъюдикция негізінде аумақтық-шегаралық өзгерістер болады. Мысалы, 1968 жылы Качское Ранно даулы ауданының 90%-ы Үндістанға, 10%-ы Пәкістанға өтті.
Аккреция - мемлекет аумағының құрлық бөлігінің табиғи немесе техногендік жолмен ұлғаюы. Аккреция нәтижесінде Нидерланд, Сингапур, Парсы шығанағы мемлекеттерінде жағалық бөлік кеңейтіліп келеді. Ал табиғи жолмен бұл әрекет ірі өзен атырауларынын ұзақ жылғы аккумуляция нәтижесінде ұлғаюы түрінде көрініс табады.