Жалпы географиялық әдістер


Адамзаттың дамуындағы мәселелер және оларды



бет61/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Адамзаттың дамуындағы мәселелер және оларды
анықтау критерийлері
Ресейлік географ В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша ғаламдық мәселелер деп бүкіл әлемді, барлық адамзатты қамтитын, адамзаттың бүгіні мен ертеңіне қауіп төндіретін және шешілуі үшін барлық елдер мен халықтардың бірлескен әрекеттерін талап ететін мәселелерді атайды.
Ғаламдық мәселелерді анықтау критерийлері. Ғаламдық мәселелер аймақтық және жергілікті мәселелерден бірнеше критерийлер бойынша айырмашылық жасайды.
Ауқымы : ғаламдық мәселелер бүкіл дүннежүзін, бүкіл адамзатты
қамтиды.
Маңыздылығы : адамзаттын қазіргісі мен болашағына қауіп төндіруіне байланысты дүниежүзі елдерінің барлығы үшін өзекті болады.
Шешімінің күрделі болуы : шешімі бірігіп күш жұмсауды барлықмемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін қажет етеді.
Сипаты жағынан ғаламдық мәселелер әртүрлі болады, олардыңмаңыздылары қатарында бейбітшілік пен қарусыздану мәселесін, экологиялық мәселені, энергетика және шикізат мәселелерін, демографиялық мәселелерді және азық-түлік мәселесін атауға болады.

Адамзаттың ғаламдық мәселелері

Бейбітшілікті сақтау мәселесі

Азық-түлік мәселелері

Экологиялық мәселелер

Энергия және шикізат мәселелері

Демогра-фиялық мәселелер

Дүниежүзі-лік мұхитты игеру мәселелері


Адамзаттың негізгі ғаламдық мәселелері

Ғаламдық мәселелердің пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді. Осы мәселелер ішінен бейбітшілікті сақтау мәселесін бірінші кезекке қоюға болады.


Экологиялық мәселелерді ғаламдық әсер ету дәрежесі мен сипатынақарай екінші кезекке қоюға болады.


Бейбітшілікті сақтау мәселелері
Жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау мәселесі.
Осы кезге дейін әлемде 14 мыңдай соғыс болып, соның нәтижесінде 3 млрд-тан астам адам опат болған.
Дүниежүзі бойынша XVII ғасырда шамамен 3,3 млн адам, XVIII ғасырда 5,4 млн адам, XIX ғасырда 5,7 млн адам соғыс құрбаны болса, ХХ ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыс 20 млн адамның, ал Екінші дүнпежүзілік соғыс 50 млн адамның өмірін алды. Бұдан басқа XX ғасырда аймақтық жанжалдар, жеке елдердегі азамат соғыстары, ұлт араздығы да орасан мол адам шығынына (100 млн адам) алып келді.
Ғалымдар ядролық қаруды пайдалану Жер шарындағы климаттық жағдайдың түбегейлі өзгерісіне (ядролық қыс) әкелетінін анықтап отыр.
1986 жылғы Чернобыль атом электр стансысындағы жарылысядролық апат зардаптарының бір елдін деңгейінде қалып қоймайтындығын тағы да бір рет дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет