Жалпы географиялық әдістер


Еңбекпен қамтуды кеңейту арқылы даму стратегиясы



бет36/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

6. Еңбекпен қамтуды кеңейту арқылы даму стратегиясы. Ол мемлекеттің жана жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді арттыруға негізделеді. Мемлекеттің экономикаға араласуы еңбек нарығын нығайтуға және еңбек нарығына тұрғын халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар және т.б.) тарту үшін арнайы жағдайлар жасауға бағытталған. Осындай даму жолын халық саны көп Қытай мен Үндістан қолданып келеді.
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу пәні, негізгі категориялары
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері. Геосаясат терминінің авторы - швед ғалымы Рудольф Челлен. Ол мемлекетті «кеңістіктегі географиялық ағза» деп, ал геосаясатты «мемлекет туралы ілім» ретінде анықтаған. Челлен кез келген мемлекеттің нығайып, күшеюі үшін экономикалық демографиялық, әлеуметтік, әскери саясатты жүргізіп, геосаясатқа үлкен көңіл бөлуі қажет деп есептеген. Қазіргі заманғы геосаясаттың басты мақсаты - мемлекеттің геостратегиясын анықтап, тұжырымдау.
Осыған сәйкес геосаясаттың негізі де ауысты, яғни бұрын физикалық-географиялық факторларға басым көңіл бөлінсе, қазіргі кезде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді. Геосаясатшылардың айтуынша, дүниежүзінде жаңа әлемдік тәртіп орнықты. Бұл көпполюсті әлем экономикалық фактордың алғашқы орынға шығуы, интеграциялық және сауда одақтарының қалыптасуы, ғаламдық деңгейде қарама-қарсы жаңа топтардың (бай - солтүстік, кедей - оңтүстік, батыс – христиан,шығыс - мұсылман әлемі және т.б.) пайда болуымен сипатталады.
Геосаясат қолданбалы ғылым, оның бірнеше міндеттері бар.

Геосаясаттың негізгі міндеттері
Геокеңістікке бақылау жасаудың тетіктері мен формаларын зерттеу аркылы геосаясат ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде стратегиялық жоспарлар жасауға көмектеседі.
Геосаясат әлемдегі жетекші геосаяси күштердің ықпалды аймақтарын жіктеу негізінде дүниежүзін геосаяси тұрғыда аудандастырады. Осының нәтижесінде геосаяси аймақтар ажыратылады. Геосаясат дүннежүзіндегі геосаяси субьектілер үшін геосаяси кодтарды жасаумен де айналысады. Осы арқылы әрбір мемлекет өзіне әсері болатын геосаяси субъектілер туралы стратегиялық болжамдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет