Жалпы географиялық әдістер


Мемлекеттің басты саяси ресурстарын бағалау



бет44/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Мемлекеттің басты саяси ресурстарын бағалау: елдің халықаралық ұйымдардағы рөлі, мемлекеттің даму тарихында жинақтаған беделі, кәсіби деңгейі жоғары саясаткерлердің болуы, күрделі саяси жағдайда мемлекет мүддесіне сай шешімдер қабылдауы, әлемдегі өзгерістерге сай әрекет ету, елдің геосаяси жағдайын жақсарту үшін шешімдер қабылдау.
Геосаясаттағы технологиялық факторларға баға беру.
Технологиялардың геосаяси ықпал ету жолдары: жаңа әскери техникалық құралдардың пайда болуы, жылдам жүретін көлік түрлерінің пайда болуы, ақпарат ағындарының таралуы, қарсыластардың қару жарағын тауып, жойып жіберетін құрал, ғылыми технологиялық әлеуеті жоғары шағын елдердің басымдылығы, кибершабуылдар. Сонымен катар түрлі саяси, діни ағымдардың да таралуына кедергі азайды. Сол себепті XXI ғасырда дамыған мемлекеттер өз аумағын кибершабуылдан қорғайтын құралдарға жүгінуге мәжбүр.


Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері
Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. Мемлекет оның шегаралары аралығында орналасқан құрлықтың бөлігі мен жер қойнауы, ішкі және аумақтық сулары, олардың үстіндегі әуе кеңістігі енеді.
Мемлекет аумағы – аса маңызды геосаяси ресурс. Ол бірқатар -белгілерімен сипатталады: Мемлекет аумағының басты белгілері: игерілу деңгейі, табиғи ландшафтылардың типтері, мемлекеттік шегаралардың түрлері мен пішіндері, географиялық орнының ерекшеліктері, жерінің ауданы.
Мемлекеттің жерінің ауданы оның халықаралық деңгейдегі орнын анықтайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіш мемлекеттің сыртқы саясатының сипатына, ұлттық мүдделеріне ықпал етеді. Дегенмен мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды.
Мемлекеттердің жерінің ауданы бойынша ерекшеліктері. Дүниежүзі бойынша жерінің ауданы ірі тоғыз елді (Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы, Үндістан, Аргентина, Қазақстан) атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп, адам қоныстанған құрлықтың 55,8%-ын құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет