Жалпы географиялық әдістер


Геосаясаттың зерттеу пәні



бет37/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Геосаясаттың зерттеу пәні. Геосаясат мемлекеттердің сыртқы саясаты мен олардың бір-бірімен қарым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара байланыстар тұрғысынан зерттейді.
Геосаясаттың негізгі категориялары. Геоясаттың зерттеу пәніне байланысты өзіндік ұғымдары мен түсініктері қалыптасқан. Соның бірі - әлемдік тәртіп ұғымы. Бұл - белгілі бір уақыт кезеңінде әлемдегі геосаяси күштердің арасалмағын бейнелейтін геосаяси құрылым. Жекелеген күштердің сандық және құрылымдық өзгерістері әлемдік тәртіпті өзгертеді. Мысалы, 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы әлемдік тәртіпті түбегейлі әзгертті: екі полюсті әлем көпполюсті сипат алды.
Геокеңістік геосаясаттың аса маңызды ұғымы. Өйткені кез келген геосаяси күштің кеңістікте өз орны бар. Осы кеністік орны арқылы мемлекеттің ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі геосаяси жағдайы. оған ықпал ететін факторлар анықталады. Геокеністіктің аумақ ретіндегі табиғи-экологиялық шаруашылық және т.б. ерекшеліктері мемлекеттің басымдылықтарын немесе осал тұстарын айқындайды.
Геосаясатта геокеңістікке бақылау жасау ұғымы бар. Ресей геосаясатшысы К.Э. Сорокин бұл ұғымды экспансия түсінігімен байланыстырады. Ол экспансияны әскери агрессия ретінде ғана емес, ақпараттық, мәдени, діни, саяси, түрде болады деп есептейді. Экспансия – басым топтардың, мемлекеттердің және т.б. күш көрсету, экономикалық немесе мәдени-ақпараттық ықпал ету аймақтарының кеңеюі.
Геосаясатта мүдделер ұғымы бар. Мүдделер мекемелік (ұлтаралық бірлестіктер), ұлттық, мемлекеттік, коалициялық (мемлекетаралық) болуы мүмкін. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - мемлекет мүдделері. Оның негізін мемлекеттің саяси тәуелсіздігін қорғау, аумағы мен шегараларын сақтап қалу және халкының әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары құрайды.
Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер.
Геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдары


Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер. Геосаясаттың негізгі обьектісі ғаламшар кеңістігі, мұнда барлық геосаяси күштер орналасып, геосаяси үдерістер мен құбылыстар жүзеге асады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет