«Жалпы химия» пәні бойынша зертханалық ЖҰмыстарғА Әдістемелік нұСҚаулар



бет11/31
Дата08.01.2023
өлшемі497,69 Kb.
#60658
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
МУ ЗЖ 2022

Жұмыстың мақсаты. Элементтер және олардың оксидтері мен гидроксидтер қасиеттерінің период пен топ бойынша өзгеруін оқып үйрену.
Теориялық кіріспе. Атомдар құрылысы, электрондық формулаларының құрылымы заттардың химиялық қасиеттерін және олардың баскалармен әрекеттесу қабілетін түсіндіруге мүмкіндік береді. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы: Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының қасиеттері атомның ядро зарядына периодтық тәуелділікте болады (1869 ж.). Периодтық занның графикалық түрі – элементтердің периодтық жүйесі болады (қомсымша А қара). Периодтық жүйесі 7 период пен 8 топтан тұрады.
– сілтілік металмен басталып, инертті газбен аяқталатын элементтер жиынтығы период деп аталады. Атомның квант қабатының саны периодтың нөміріне тең.
– сыртқы квант қабатындағы электрондар саны бірдей элементтер жиынтыгы топ деп аталады. Топ екі топшаға (негізгі және қосымша) бөлінеді. Валенттік (яғни химиялық байланыстарды түзуге қатысатын) электрондардың саны топ нөмірі арқылы анықталады.
– Элементтің заряды мен атомдағы электрондардың жалпы саны элементтің рет нөмірі арқылы көрсетіледі.
– элетрондарды квант қабаттарының деңгейшілеріне бөлініп жазылуы элементтің электрондық формуласы деп аталады. Ал электрондардың орбитальдарға (ұяшықтарға) таратылып орналасуы элементтің элетрондық конфигурациясы болып табылады.
– Атомдар квант қабаттарына электрондар үш принципі: Паули принципі, Гунд ережесі, минимал энергия принципі (Клечковский ережелері) негізінде толтырылады.
Электрондық құрылысы бойынша барлық химиялық элементтер 4 түрлі бола алады. Негізгі топша элементтірінің валенттік электрондары сыртқы қабаттың s- немесе s- және p-деңгейшесіне толтырады (s- және p-элементтер деп аталады). Қосымша топша элементтерінің валенттік электрондары сыртқы қабаттың s-деңгейшесіне және сырттан санағанда ішкері жатқан екінші квант қабатының d-деңгейшесіне, үшінші квант қабатының f-деңгейшесіне орналасады (d- және f-элементтер деп аталады).
Элементердің келесі қасиеттері периодтық тәуелділік бойынша өзгереді: атомдар радиустары, иондану энергия, электротерістілік, металдық-бейметалдық, қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттері.
Элементтердің атом радиустары –бұл олардың ядродан сыртқы электрон қабатының тығыздығы ең үлкен орнына дейінгі арақашықтық. Период бойынша ядро зарядының өсуіне байланысты атомдар радиустары кішірейеді. Сондықтан, әрбір периодта сілтілік металдардың радиустары ең үлкен деп саналады. Топ бойынша, электрон қабаттарының өсуіне қарай, атом радиустары ұлғаяды.
Қалыпты күйдегі атомнан бір электронды үзіп алу үшін жұмсалатын энергия мөлшері иондану энергиясы деп аталады. Бір периодтағы ядро зарядының өсуіне қарай элементтердің иондану энергиясы артады, ал топ бойынша – азаяды. Сондықтан, элементтердің тотығу қасиеттері периодтарда солдан оңға қарай күшейеді, ал топта үстінен төмен қарай қарастырғанда, керісінше- тотығу қасиеттері әлсірейді, ягни тотықсыздану қасиеттері артады.
Заттардың қышқылдық-негіздік мінезі элементтің электртерістілігіне және тотығу дәрежесіне тәуелді. Мысалы, электртерістілігі жоғары элементтердің оксидтері, ягни бейметалдардың, қышқылдық оксидтері болып саналады, ал оларға сәйкес гидроксидтер- қышқылдар болып шығады. Металдар оксидтерінің мінезі олардың құрамына кіретін оттегі мөлшеріне байланысты, ягни металдың тотығу дәрежесіне. Неғұрлым металдың тотығу дәрежесі жоғары болса, соғұрлым оның қышқылдық қасиеттері артады. Жалпы қарастырғанда, оксидтер мен гидроксидтер мінезін былай тұжырымдауға болады: тотығу дәрежесі +3 кіші болса, оксид -негіздік болып шығады; тотығу дәрежесі +3,+4 –амфотерлі оксид, ал +4 жоғары болса –қышқылдық оксид болады.
Сонымен, периодтық жүйдегі элементтің орны мен атом электрон қабаттар құрылысының негізінде элементтердің химиялық қасиеттерін болжауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет