«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі



бет16/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі.

Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті заттарды айтамыз. Фосфор мен магний бұлшық еттердегі химиялық зат алмасуының дұрыс жүруіне, темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзетуге, кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру, хлорлы натрий-осмотикалық қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар. Құрғақ өнімдерді ұсақтау және ұнтақтау, негізінен көмір, құрылыс және кен өнеркәсібінде, минералды тұздар, тыңайтқыштар және т.б. өндіруде қолданылады.
Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералдық тыңайтқыштар топырақтың құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қажет.Тыңайтқыштар:

  • Органикалық (қи,шымтезек, құс саңғырығы,өсімдік қалдығы, қарашірік);

  • Бейорганикалық (N, P,K,Mg, B, Mn) болып екі топқа бөлінеді.

Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар әсер етуіне қарай:

  • Тікелей (N, P, K, Mg, B, Mn);

  • Жанама (бор,әк, доламит, гипс).

Тікелей әсер ететін мин. тыңайтқыштар – өсімдікке қорек ретінде жеткізіледі.
Жанама әсер ететін минералды тыңайтқыштар – топырақтың агрохимиялық-физикалық қасиеттерін жақсарту үшін әсер етеді. Мысалы, топырақтағы қышқылдықты жою үшін әк, доламит, бор шашады.
Биотыңайтқыш/бактериотыңайтқыш– макроэлементтердің концентрациясын немесе биожетімділігін арттыру мақсатында микроорганизмдер препараттарын қолдану. Бактериялық тыңайтқыштарды түрлі органикалық тыңайтқыштарға оларды ынталандыру мақсатында қосады. Органикалық тыңайтқыштарда болатын микроорганизмдер топырақтағы қоректік зат циклін қалпына келтіріп, оны құнарлы етеді.
Органикалық минералды тыңайтқыштар өндірісі:

  • Пассивті компосттау;

  • Ауаны немесе ылғалды мәжбүрлеп беру арқылы өңдеу;

  • Технологияда құрттарды пайдалану арқылы компосттау, араластыру сатысы;

  • Термиялық кептіру;

  • Түйіршіктеу;

  • Жағу.

Қазақстанда нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин сияқты бактериялық тыңайтқыштар өндіріледі.
Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктерде көп қолданылады. Тамырда шоғырланып, ауадан азот жинайды. 1г = 9 млрд. бактерия.
Азотбактерин – құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Бос азоттан азот тұздарын синтездейді.
Фосфорбактерин – құрамында көп мөлшерде микроорганизм спорасы бар тыңайтқыш. Органикалық қосылыстағы фосфорды өсімдік жеңіл сіңіруі үшін ыдыратады.
Бұндай тыңайтқыш өндіру үшін түйнек бактериясының мәдени түрі бұршақтық тұқымы алынады. 2% агар, 1% сахарозамен байланысқан тұқым дақыл колбасына енгізіледі.
1,2 тәулік ішінде 28-30C және pH= 6,5-7,5 болуы шарт. Негізгі бактерия ашыту жүріп жатқан кезеңде тұрақты орта сақталып, қажет жағдайда минералды тұздар, жүгері сығындылары сынды компоненттер енгізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет