«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Қосымша материал дегеніміз



бет2/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Қосымша материал дегеніміз- мақсатты өнімді алу үшін, аралық өнімге қосылатын қосымша затттар.
Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен
өндірістік жарамсыз шығарылымдар.
Аралық өнім, жанама өнім және қалдықтар қосымша өңдеуден кейін немесе өңдеусіз басқа өндірісте шикізат ретінде қолданыс таба алады
Химиялық өндіріске қойылатын жалпы талаптар:
➢өндірісте қажетті өнімдер алу;
➢экологиялық қауіпсіздік;
➢пайдаланудың қауіпсіздігі және беріктігі;
➢шикізат және энергияны максималды пайдалану;
➢максималды еңбек өнімділігі.

.


  1. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.

Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтауға жəне реакциялық жүйенің тепе-теңдік күйін бағалауға мүмкіндік береді. Химиялық технологиядағы химиялық өзгерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу сияқты практикалық мəні бар сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан химиялық-технологиялық үдерістерге химиялық кинетиканың заңдылықтарын қолдану керек.
Химиялық кинетика дегеніміз химиялық процесс және оның механизмі мен уақыт бірлігіндегі жүріп өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жекеленген элементарлы реакцияларды сипаттау үшін молекулалық дейтін түсінік пайдаланылады. Химиялық реакциялардың молекулалығы элементарлы актідегі бір сәтте өзара әрекеттесетін жеке бөлшектер санымен анықталады.
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- жəне үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді.
Бір молекулалық (мономолекулалық) реакцияларға молекулалардың іштен қайта топтасу арқылы жүретін изомерлену реакциясы, жылу әсерінен ыдырайтын және осы тектес реакциялар мысал болады:
H3CN2CH3→C2H6+N2—азометан молекуласынын. ыдырауы;
Н3СОСН3→СН4 + Н2 + СО —қос метилді эфирдің ыдырауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет