«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары



бет8/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары.

Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді және сондай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Сонымен қатар химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың ерекшеліктері бар.Олар :
• 1.Шикізат базасының көп варианттылығы, ауылшаруашылық өнімдері, ауа және су, металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.
• 2.Әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі
• 3.Бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :
-шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті;
-қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын;
-химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
-агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ;
Сонымен қатар:
-біріншілік шикізат:су, ауа, жанғыш пайдалы қазбалар.
-екіншілік: өнеркәсіптік және тұтынылатын қылдықтар.
-табиғи және жасанды: кокс, каучук, бояулар, шайырлар.
Минералды шикізат –жер қыртысында өндірілетін пайдалы қызбалар.
Жанғыш минералды шикізат –көмір, мүнай, газ.
Өсімдік және жануар текті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық және техникалық болып бөлінеді.
Тағамдық шикізат – ауыл, орман, балық шаруашылығның өнімдері.
Техникалық шикізат –тамақ өнеркәсібіне жарамсыз, бірақ тұрмыста пайдаланатын шикізат.
Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту. Шикізатты байыту-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады. Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.
2.Электромагниттік байыту – ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген.
4.Флотация – физико-химиялық байыту әдістері, әрі көп қолданылатын әдіс. Кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байтыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.
Химиялық өнімдер өндірісі үшін энергия көздері ретінде көмір, мұнай, табиғи газ және атом электрстанцияларының энергиялары қолданылады. Энергия көздері энергия бағалығы бойынша ерекшеленді. Энергия бағалығы – 1 кг отынды жаққан кезде алынған энергия мөлшері. Кейбір отын түрлерінің бағалығы (кВт) тас көмір-8,кокс-7,2,табиға газ-10,6.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет