14)Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту.Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су.
Су - табиғатта таза күйінде кездеспейтін ерітінді.
Жалпы көлемі- 1 млрд 386 млн км3. Судың сапалық көрсеткіштері:
Судың кермектігі деп - кальций және магний тұздарының судағы мөлшерін айтамыз. Екі түрі болады:
1. Тұрақты кермектік. Тұрақты кермектік – суда хлорид иондарының, нитрат иондарының NO3, сульфат иондарының SO4 болуы.
2. Уақытша кермектік. Уақытша кермектік(карбонаттық) – бикарбонат иондарының (HCO3) болуын айтады. Кермектіктің бұл түрін қайнату арқылы кетіре аламыз.
Суларды жұмсарту əдістері:
физикалық,
химиялық
физикалық-химиялық
Физикалық əдіс – суды термиялық өңдеуге негізделген, яғни қайнату, дистилляциялау жəне қатыру. Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап, карбонатқа ауысып тұнбаға түседі.
Ca(HCO3)2 + H2O + CO2
Химиялық əдістерсуды хим→ CaCO3 иялық қосындыларымен өңдеуге негізделген. Өндірісте негізінен əк-сода жəне фосфат əдістері қолданылады.
Əк-сода əдісі бойынша суды алғашқыда əкпен, содан соң сода ерітіндісімен өңдейді. Химиялық реакцияның нəтижесінде Са тұздары Са карбонатына, Mg тұздары Mg гидроксидіне жəне карбонатына айналады.